"Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 ақп

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 8 желтоқсандағы № 894 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 11 желтоқсанда № 17926 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. БҰЙЫРАМЫН:

      "Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 ақпандағы № 76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9200 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 11 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      "Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Рұқсат алу үшін еңбекші көшіп келуші Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тіркелген жері бойынша көші-қон қызметі бөлінісіне немесе Мемлекеттік корпорацияға (Көші-қон қызметтерін көрсету орталығына) мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру (ұзарту) туралы сауалнама-өтініш;

      2) жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төлемді төлегені туралы түбіртек көшірмесін (түпнұсқасы салыстыру үшін беріледі);

      3) Мемлекеттік шекараны кесіп өткені туралы белгісі бар жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы салыстыру үшін беріледі);

      4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 86/е нысан бойынша медициналық анықтаманы;

      5) жүргізілген дактилоскопиялау және суретке түсіру туралы анықтама – осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке ұсынады (Көшіп келушінің алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде еңбек рұқсатын алғаны туралы мәліметтер болған кезде дактилоскопиялау және суретке түсіру жүргізілмейді);

      6) медициналық сақтандырудың көшірмесін (түпнұсқасы салыстыру үшін беріледі);

      Басқа құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Қазақстан Республикасына кірген немесе бастапқы тіркелген кезде көрсетілген шетелдіктің кіру мақсаты еңбекші көшіп келушіге рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болып табылмайды.

      6. Осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдаған көші-қон қызметі бөлінісінің қызметкері (бұдан әрі - қызметкер) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігіне салыстыра тексеруді жүзеге асырады, оның ішінде:

      1) сауалнама-өтініштің сұрақтарына жауаптардың мазмұнын жеке басты куәландыратын құжаттардың (ұлттық паспорты) деректерімен және шетелдікпен әңгімелесу барысында алынған мәліметтермен "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – "Бүркіт" БАЖ) деректері бойынша және басқа да көздер арқылы салыстырады;

      2) шетелдіктің азаматтығын Қазақстан Республикасында кемінде үш ай мерзімге визасыз болу мүмкіндігін көздейтін, Қазақстан Республикасы кірудің және болудың визасыз тәртібі туралы келісімдер жасасқан елдердің тізімдерімен салыстыра тексереді;

      3) жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төлемнің төленген сомасы сауалнама-өтініште көрсетілген еңбекші көшіп-келуші рұқсатының жарамдылық мерзіміне сәйкес келуін тексереді;

      4) ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитететінің деректер базалары бойынша соттылығының бар-жоғына және іздестіруде жүрген/жүрмегеніне тексеруді жүзеге асырады, тексеріс нәтижелері материалдарға қоса тігіледі.

      Еңбекші көшіп-келушіге рұқсат беру (ұзарту) туралы сауалнама-өтініштің, дактилоскопиялау және суретке түсіру туралы анықтаманың және көші-қон карточкасының түпнұсқасы, жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төлемді төлегені туралы түбіртектің, жеке басты куәландыратын құжаттың, сонымен қатар медициналық сақтандырудың көшірмелерін еңбекші көшіп-келушіге басталатын жинақтау материалдарына (бұдан әрі - материалдар) қоса тігеді.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. "Бүркіт" БАЖ жүйесінің оң нәтижесі алынған кезде "Жұмыс істеуге арналған рұқсат" АО-да бағанды автоматты түрде толтырады:

      1) "Тегі, Аты және Әкесінің аты болған кезде";

      2) "Туған күні";

      3) "Жынысы";

      4) "Фотосы";

      5) "Азаматтығы";

      6) "Құжаттың нөмірі";

      7) "Құжаттың түрі";

      8) "Берген күні";

      9) "Құжаттың жарамдылық мерзімі".

      Содан кейін қызметкер "Бүркіт" БАЖ-ға шетелдіктің шетелде тұратын мекенжайын енгізеді.

      1) "Ел";

      2) "Облыс";

      3) "Аудан";

      4) "Елді мекен";

      5) "Көше";

      6) "Үй";

      7) "Корпус";

      8) "Пәтер";

      9) "Телефондары" (телефон кодтарын көрсете отырып).

      10) "Қосымша деректер" деген бағанда шетелдіктің отбасы құрамы туралы ақпарат, телефондары мен халықаралық телефон кодтарын көрсете отырып, оның шет елдегі байланыстары, сондай-ақ байланыс телефондарын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын туыстары немесе таныстары туралы мәліметтер енгізіледі.

      11) "Жарамдылық мерзімі" бағанына рұқсаттың әрекет етуі басталған күн және жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төленген төлемнің сомасына байланысты 1, 2 немесе 3 саны (ай саны) енгізіледі. Бұл ретте жарамдылық мерзімі аяқталатын күн автоматты түрде белгіленеді.

      Көші-қон қызметі қызметкерінің тегі, аты және болса әкесінің аты есептік жазбадан оны пайдалана отырып, жүйеге кіру жүзеге асырылған атпен енгізіледі.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттарды ұзарту";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Рұқсатты ұзарту үшін еңбекші көшіп-келуші Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тіркелген жері бойынша көші-қон қызметі бөлінісіне немесе Мемлекеттік корпорацияға (Көші-қон қызметтерін көрсету орталығына) мынадай құжаттарды:

      1) Қағиданың 5-бабының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды;

      2) еңбекші көшіп-келушіге бұрын берілген рұқсат;

      3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көшіп-келуші арасында жасалған еңбек шартының көшірмесін;

      4)медициналық сақтандырудың көшірмесін (түпнұсқасы салыстыру үшін беріледі) рұсқат берудің сұрау уақытына.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Егер еңбекші көшіп келуші рұқсатты ұзарту үшін басқа көші-қон қызметі бөлінісіне өтініш білдірсе, онда қызметкер есептік жазбаның жүйелі нөмірі бойынша "Бүркіт" БАЖ-да іздеуді жүзеге асырады, содан кейін осы Қағиданың 17 және 18-тармақтарына сәйкес рұқсатты ұзартуды жүзеге асырады.

      Бұл ретте еңбекші көшіп келушіні уақытша болатын жаңа жері бойынша тіркеу жүргізіледі.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Еңбекші көшіп келушінің рұқсатын ұзарту материалдары рұқсатты бастапқы берген жеріне жіберілмейді, ол ұзартуды ресімдеген көші-қон қызметі бөлінісінде сақталады. Рұқсатты бастапқы алудың және ұзарту материалдарын сақтау мерзімі – 1 жыл.

      Рұқсат абайсызда бүлінген немесе жоғалған жағдайда, қызметкер аумақтық ішкі істер органдары бөлінісі басшылығының атына ерікті түрде ресімделген өтініштің негізінде "Бүркіт" БАЖ бойынша тиісті тексерістен кейін рұқсаттың телнұсқасын береді.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Еңбекші көшіп келушінің рұқсатын қайтарып алу";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Еңбекші көшіп келушіні тіркеу, еңбекші көшіп келушілердің дактилоскопиялық, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу";

      Қағидаға 1, 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Еңбекші көшіп келушіге
рұқсаттар беру, ұзарту және
қайтарып алу, сондай-ақ
еңбекші көшіп келушілерді
тіркеу, олардың
дактилоскопиялық,
фотоесептерін қалыптастыру
және жүргізу қағидасына
1-қосымша
  Нысан

      ЕҢБЕКШІ КӨШІП КЕЛУШІНІҢ РҰҚСАТЫ

      № ____________________

      Тегі ____________________________________________________________________

      Аты ____________________________________________________________________

      Әкесінің аты (болса) ______________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың №____________________________________

      Азаматтығы _____________________________________________________________

      20___жылғы "____" _______ бастап 20___ жылғы "____" _______

      аралығында

      ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДА ҮЙ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІ РЕТІНДЕ ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ

      АСЫРУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ

      Көші-қон қызметінің жауапты қызметкері

      20___ жылғы "__" _________ М.О.

      Т.А.Ә (болса)., лауазымы ________________________________ қолы.

      Еңбекші көшіп келуші рұқсатының жарамдылық мерзімі 20 __ жылғы

      "____" _______ дейін ұзартылды.

      Көші-қон қызметінің жауапты қызметкері

      20___ жылғы "___" _________ М.О.

      Т.А.Ә (болса)., лауазымы ________________________________ қолы.

      Еңбекші көшіп келуші рұқсатының жарамдылық мерзімі 20___ жылғы

      "____"_______ дейін ұзартылды.

      Көші-қон қызметінің жауапты қызметкері

      20___ жылғы "___" _________ М.О.

      Т.А.Ә (болса)., лауазымы ________________________________ қолы.

      Еңбекші көшіп келуші рұқсатының жарамдылық мерзімі 20 ___ жылғы

      "___"_______ дейін ұзартылды.

      Көші-қон қызметінің жауапты қызметкері

      20___ жылғы "___" _________ М.О.

      Т.А.Ә(болса)., лауазымы ________________________________ қолы.

      РҰҚСАТ ЖЕКЕ БАСТЫ КУӘЛАНДЫРАТЫН ҚҰЖАТТЫ

      ҰСЫНҒАН КЕЗДЕ ҒАНА ЖАРАМДЫ

      Көші-қон қызметінің жауапты қызметкері

      20___ жылғы "___" _________ М.О.

      Т.А.Ә (болса)., лауазымы _______________________________ қолы.

      Рұқсаттың көлемі 88х125 мм.

  Еңбекші көшіп келушіге
рұқсаттар беру, ұзарту және
қайтарып алу, сондай-ақ
еңбекші көшіп келушілерді
тіркеу, олардың
дактилоскопиялық,
фотоесептерін қалыптастыру
және жүргізу қағидасына
2-қосымша
  Нысан

      Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру (ұзарту) туралы

      сауалнама-өтініш

      ПД КҚҚБ (б) бастығы ______________________________________________________

      Азамат (азаматтығы) ______________________________________________________

      Тегі _____________________________________________________________________

      Аты _____________________________________________________________________

      Әкесінің аты (болса) ______________________________________________________

      Туған күні _______________________________________________________________

      Туған жері ______________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы мен № ________________________

      Сізден жұмыс беруші - жеке тұлғаларда үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) үшін еңбекші көшіп келушіге 1, 2, 3 ай мерзімге (керек емесінің астын сызыңыз) рұқсат беруіңізді/ұзартуыңызды (керек емесінің астын сызыңыз) сұраймын.

      Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

      Тұрақты тұратын жерім ____________________________________________________

      (азаматтығы, тұрақты тұратын жерінің толық мекенжайы, ел, облыс, қала, аудан, кент,

      көше, үйдің нөмірі, телефон, оның ішінде ұялы телефон көрсетіледі).

      Отбасы құрамы: _________________________________________________________

      (отбасы жағдайы, жұбайының анықтамалық деректері/ және (Т.А.Ә (болса).,

      туған жылы), балалар саны, үй телефоны көрсетіледі).

      Шетелдегі ықтимал байланыстары:

      (күтпеген мән-жайлар туындаған кезде байланысты ықтимал орнату үшін жақын

      туыстары, олардың байланыстары көрсетіледі).

      4. Қазақстан Республикасындағы туыстары немесе таныстары

      (туыстық дәрежесі, толық мекенжайы, байланыс телефоны, оның ішінде ұялы

      телефоны көрсетіледі).

      ________________________________________________________________________

      5. Қазақстан Республикасында уақытша тұратын мекенжайы (қала, аудан, көше, үй,

      пәтер, телефон, оның ішінде ұялы телефон).

      ________________________________________________________________________

      6. Жұмыс берушінің мекенжайы ____________________________________________

      (жұмыс орны, қала, аудан, көше, үй, пәтер, телефоны, оның ішінде ұялы телефоны

      6-тармақ ұзартқан кезде толтырылады.

      Көші-қон және салық заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.

      Т.А.Ә (болса). қолы