"Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 ақпандағы №

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 16 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 қаңтарда № 22082 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 ақпандағы № 76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9200 болып тіркелген, 2014 жылғы 2 сәуірде "Егемен Қазақстан" газетінде № 63 (28287) болып жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 43-2-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға - еңбекші көшіп келуші (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамға (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жеке өзі жүгінген кезде не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін ұсынады.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері электрондық құжаттардың көшірмесін қоса бере отырып, "Халыққа қызмет көрсету орталықтары" біріктірілген ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ХҚКО БАЖ) электрондық өтінімді ресімдейді және тиісті шешім қабылдау үшін "Көші-қон полициясы" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – КҚП АЖ) жолдайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорациядан құжаттар келіп түскен күні КҚП АЖ арқылы "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігіне тексеруді жүзеге асырады, оның ішінде:

      1) өтініштің мазмұнын жеке басты куәландыратын құжаттың деректерімен және КҚП АЖ-дан және басқа да дереккөздерден алынған мәліметтермен салыстырады;

      2) шетелдіктің азаматтығын Қазақстан Республикасында кемінде үш айға визасыз болу мүмкіндігін көздейтін келу және кетудің визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасы келісім жасасқан елдердің тізімімен салыстырады;

      3) жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемнің төленген сомасы өтініште көрсетілетін еңбекші көшіп келушінің рұқсатының жарамдылық мерзіміне сәйкес келуін тексереді;

      4) ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректер базалары бойынша соттылығына және іздестірілуіне тексерісті жүзеге асырады, тексеру нәтижелері материалдарға қоса тігіледі;

      5) еңбекші көшіп келушіге басталатын жинақтау материалдарына Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттарды қоса тігеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы шынайы емес мәліметтер ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші түскен күні 30 минут ішінде КҚП АЖ арқылы ХҚКО БАЖ-ға Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешімді жолдайды.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Өтінімді қараудың оң нәтижесі шетелдіктің жеке тұлғада еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат/ұзарту "QR" бірегей код қамтылған электрондық форматта КҚП АЖ арқылы ХҚКО БАЖ-ға келіп түседі (5-қосымша) Мемлекеттік корпорацияның қызметкерімен екі данада басып шығарады және көрсетілетін қызметті алушыға береді, екінші данасы материалдарға қоса тігіледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде КҚП АЖ-ға автоматты режимде келіп түскен өтінімді табысты тексергеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетінде 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұзартылған рұқсатты алу үшін қолжетімді болады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және оны ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты" еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидаларына 1, 3, 4 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орынластыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оны алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2021 жылғы 15 қаңтардағы
№ 16 бұйрығына
1-қосымша
  Еңбекші көшіп келушіге
рұқсатты беру, ұзарту және кері
қайтарып алу, сондай-ақ
еңбекші көшіп келушілерді
дакто-, фото есепке алуды
қалыптастыру және жүргізу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

"Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Аумақтық полиция органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал): www. egov. kz – еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттарды ұзарту кезінде.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Мемлекеттік корпорацияға қажетті құжаттардың пакетін тапсырған күннен бастап – 1 (бір) жұмыс күн; Мемлекеттік корпорацияда құжаттар пакетін тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут; Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут; Портал арқылы жүгінген кезде – 30 (отыз) минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған) / қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттарды беру және ұзарту не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға-еңбекші көшіп келушілерге тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, сағат 13-00-ден 14-30 дейін түскі асқа үзіліс, сенбі күні сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін, демалыс – жексенбі және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері;
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00 – ден 20.00-ге дейін, демалыс-жексенбі және мереке күндері.
Қабылдау "электрондық" кезек тәртібімен жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.
3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында – www.gov4c.kz;
2) порталдың – www.egov.kz.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
1. бастапқы өтініш кезінде:
еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру туралы өтініш;
жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемді төлеу туралы түбіртек (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
Мемлекеттік шекараны кесіп өткені туралы белгісі бар паспорт (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметіне кедергі келтіретін аурулардың жоқтығын растайтын шетелдікті медициналық куәландыру туралы анықтама (075/е нысанындағы медициналық анықтама);
дактилоскопиялаудан және суретке түсіруден өткені туралы анықтама – осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (көшіп келушінің алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде еңбек рұқсатын алғаны туралы мәліметтер болған кезде дактилоскопия жасалмайды және суретке түсірілмейді);
медициналық сақтандыру (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
"Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша тұруға рұқсат беру" проактивті мемлекеттік қызмет көрсетілген жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған еңбек шарты (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады).
2. Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұратын жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде рұқсатты ұзарту үшін:
еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ұзарту туралы өтініш;
жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемді төлеу туралы түбіртек (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
еңбекші көшіп келушіге бұрын берілген рұқсат;
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған еңбек шарты (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
медициналық сақтандыру (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
3. рұқсатты ұзарту үшін портал арқылы жүгінген кезде:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен және еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ұзартуға келісім берген жұмыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық сұрау салу.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігін анықтау;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың сәйкес келмеуі;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларының 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес бөлінген еңбекші көшіп келушілерді тартуға арналған квотадан асып кету.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы немесе порталдағы "жеке кабинет" арқылы алу мүмкіндігі бар;
2) Дене мүмкіндігі шектелген көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін мүмкіндіктер көзделген, ғимараттарға кіреберістер пандустармен жабдықталған, күту үшін креслолар бар;
3) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mvd.gov.kz интернет-ресурста "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777;
4) Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
20___ жылғы "____" ________
№ __________ бұйрығына
2-қосымша
  Еңбекші көшіп келушіге
рұқсатты беру, ұзарту және кері
қайтарып алу, сондай-ақ
еңбекші көшіп келушілерді
дакто-, фото есепке алуды
қалыптастыру және жүргізу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Еңбекші көшіп келушілерге рұқсатттарды беру және оны ұзарту" мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, себебі сіз мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда

      Болмаған құжаттардың атауы:

      1) ________________________________________;

      2) ________________________________________;

      3) ________________________________________.

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-біреуден 2 данада жасалды.

      "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам қызметкерінің Т.А.Ә. (ол болған кезде) _______ (қолы)

      Телефон __________

      Алдым: Т.А.Ә. _________________________________

      көрсетілетін қызметті алушының (ол болған кезде) /қолы

      20___ жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
20___ жылғы "____" ________
№ __________ бұйрығына
3-қосымша
  Еңбекші көшіп келушіге
рұқсатты беру, ұзарту және кері
қайтарып алу, сондай-ақ
еңбекші көшіп келушілерді
дакто-, фото есепке алуды
қалыптастыру және жүргізу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсатты беруден бас тарту туралы ХАБАРЛАМА

      Т.А.Ә: <шетелдіктің тегі, аты, әкесінің аты латын әрпімен>

      Паспорт №: <шетелдіктің паспортының сериясы және нөмірі >

      Азаматтығы: < шетелдіктің азаматтығы>

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДА ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА РҰҚСАТТЫ БЕРУДЕН БАС ТАРТЫЛДЫ

      ("Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес)

      <СЕБЕБІ>

      Көші-қон қызметінің жауапты қызметкері

      <лауазымы>, <Т.А.Ә.> (ол болған кезде)

      КҮНІ: <берген күні>



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
20___ жылғы "____" ________
№ __________ бұйрығына
4-қосымша
  Еңбекші көшіп келушіге
рұқсатты беру, ұзарту және кері
қайтарып алу, сондай-ақ
еңбекші көшіп келушілерді
дакто-, фото есепке алуды
қалыптастыру және жүргізу
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Шетелдіктің жеке тұлғада еңбек қызметін жүзеге асыруға <Рұқсаттың нөмірі> № РҰҚСАТ

      Т.А.Ә: <шетелдіктің латынша тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)>

      Паспорт №: <шетелдіктің паспорт сериясы және нөмірі>

      Азаматтығы: <шетелдіктің азаматтығы>

ЖЕКЕ ТҰЛҒАДА ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ <басталған күні> <аяқталған күні> аралығында <ұзартылған> Ұлттық паспортты ұсынған кезде жарамды

      Көші-қон қызметінің жауапты қызметкері

      <лауазымы> <Т.А.Ә. (болса) >

      <Рұқсатты ресімдеген күні>