"Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Со

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 маусымда № 23189 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1093 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) туралы ереженің 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 6001-15-7-6/486 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12457 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасын Азаматтық процестік кодексінің 282-бабының бесінші бөлігіне, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 347-1-бабының бесінші бөлігіне, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 829-13-бабының бесінші бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 147 бабының бірінші бөлігіне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларында:

      1) 1 және 2 тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (бұдан әрі - ҚР АПК), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (бұдан әрі - ҚР ҚПК) және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (бұдан әрі - ҚР ӘҚБтК) және Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске сәйкес әзірленген және сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу тәртібін айқындайды.

      2. Сот отырыстарын аудио-, бейнежазбаға түсіру сот талқылауы барысын дәл тіркеу үшін сот ісін жүргізу мақсатында, сондай-ақ азаматтық, қылмыстық, әкімшілік сот ісін жүргізуде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде немесе тәртіптік іс бойынша іс жүргізу шеңберінде нақты деректерді белгілеу мақсатында пайдаланылады.";

      2) 24 тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Сот отырыстарының аудио-, бейнежазбалары соттың деректерді сақтау серверінде сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап 1 (бір) жылдан кем емес уақыт сақталады. Аудио-, бейнежазба жазылған материалдық (электрондық) жеткізгіштің сақталу мерзімі азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істердің және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің сақталу мерзімдеріне сәйкес келеді.";

      3) 28 тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Азаматтық, әкімшілік немесе қылмыстық іске қатысушы адамдарды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамдарды, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің басқа қатысушыларын, олардың өкілдерін сот отырысының аудио-, бейнежазбасымен таныстыру олардың өтінішхаты бойынша жүзеге асырылады. Таныстыру осы мақсатта арнайы жабдықталған жерде қажетті техникалық құралдарды пайдалану арқылы тиісті аудио-, бейнежазбаны тыңдауға (көруге) мүмкіндік жасау жолымен іске асырылады.";

      4) 30 және 31 тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Мәжбүрлеп оқшаулау орындарында ұсталып отырған адамдардың сот отырысының аудио-, бейнежазбасымен танысуы мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен азаматтық, әкімшілік сот ісін жүргізу бойынша іске қатысушы тараптардың және олардың өкілдерінің өтінішхаты бойынша аудиожазба көшірмелері ұсынылады.

      31. Осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген адамдардың өтінішхаты бойынша сот осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша арыздың негізінде сот отырысының аудио-, бейнежазба көшірмесін, азаматтық және әкімшілік істерді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қоспағанда, ұсынады.

      Сот азаматтық және әкімшілік істер, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот отырысының аудиожазбасының көшірмесін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот отырысының аудиожазбасының көшірмесін беру туралы жазбаша арыздың негізінде береді.

      Бұл ретте адам дербес деректерді қорғау туралы заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы және алынған жазбаны осы Кағидалардың 2-тармағында көзделген мақсаттарда пайдалану туралы ескертіледі.";

      5) 34 тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Қылмыстық істер бойынша сот отырысының аудио-, бейнежазба көшірмесі сотқа өтінішхат келіп түскен күннен бастап бес тәулік ішінде беріледі.

      Сот отырысының аудиожазба көшірмесі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша үш тәулік ішінде, ал азаматтық және әкімшілік істер бойынша сотқа өтінішхат келіп түскен күннен бастап бес күн ішінде беріледі.";

      2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Жергілікті соттардың жұмысын үйлестіру бөлімі:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
Соттардың қызметін қамтамасыз ету
департаментінің (Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы
Н. АХМЕТЗАКИРОВ

  Департамент басшысы
2021 жылғы 21 маусымдағы
№ 26
  "Сот отырысының барысын
түсіріп алуды қамтамасыз ететін
аудио-, бейнежазба құралдарын
техникалық қолдану, аудио-,
бейнежазбаны сақтау және жою,
аудио-, бейнежазбаға қол
жеткізу қағидаларын бекіту
туралы"
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
Соттардың қызметін қамтамасыз
ету департаменті
(Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты аппараты)
басшысының
2015 жылғы 24 қарашадағы
№ 6001-15-7-6/486 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
бұйрығына қосымша/
  Сот отырысының барысын
түсіріп алуды қамтамасыз ететін
аудио-, бейнежазба құралдарын
техникалық қолдану, аудио-,
бейнежазбаны сақтау және жою
аудио-, бейнежазбаға қол
жеткізу қағидаларына
2-қосымша
  Судья_______________________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда)
соттың атауы)
____________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә
(болған жағдайда)
____________________________
(тұрғылықты жері, телефон
нөмірі)

Сот отырысының аудиожазба көшірмесін беру туралы арыз

      Маған________________________________________________________

      20___ж "___" азаматтық және әкімшілік істер, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот отырысының аудиожазба көшірмесін

      __________________________________________________________________

      (материалдық (электрондық) жеткізгіште/ақпараттық сервис арқылы (астын сызыңыз) беруіңізді сұраймын.

      Мыналарды:

      1) ұсынылатын сот отырысының аудиожазба көшірмесін тек сот ісін жүргізу мақсатында, сондай-ақ нақты деректерді анықтау мақсатында пайдалануға;

      2) егер субъектінің құқықтары мен бостандықтары бұзылатын сондай-ақ озге де жеке және (немесе) заңды тұлғалардың заңды мүдделері қозғалатын болса, дербес деректерді таратуға жол бермеуге міндеттенемін.

      20____ ж. "____" ________________________________ _____________

      Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзғаны, сонымен қатар, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны үшін заңда белгіленген әкімшілік (ӘҚБтК-нің 79-бабы) және қылмыстық (ҚР ҚК-нің 147-бабы) жауаптылық туралы ескертілдім.

      Материалдық (электрондық) жеткізгіш қандай да бір жазбаларсыз қоса беріліп отыр.

      Қоса берілген материалдық (электрондық) жеткізгіштің форматталатыны және ондағы бар ақпараттың жойылатыны туралы хабардармын және онымен келісемін.

  (күні) _______(қолы)__________