Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы N 1093 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 106 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 19.01.2023 № 106 Жарлығымен.

      Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы" 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 3 қарашадағы
№ 1093 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 03.10.2013 № 660 Жарлығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері бар (соттар әкімшілері бар) жергілікті және басқа да соттардың (бұдан әрі - соттар әкімшілері) қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 11.01.2015 № 165 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, осы Ережеге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімдеріне сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Департаментке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Департамент өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және өкімдерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы мен штат кестесін Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны лимитінің шегінде Департамент басшысының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы бекітеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 05.04.2019 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      8. Заңды мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 39.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 10.09.2019 № 151 Жарлығымен.

      9. Департаменттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Департаментке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау жөнінде кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.

2. Департаменттің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Департаменттің миссиясы сот төрелігін жүзеге асыруды қамтамасыз етуге жағдай жасау болып табылады.

      14. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету негізгі міндеті болып табылады.

      15. Функциялары:

      1) соттардың қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      2) судьялардың сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

      3) алып тасталды - ҚР Президентінің 11.01.2015 № 165 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);

      3-1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Халықаралық кеңестің қызметін қамтамасыз ету;

      4) сот приставтарының қызметіне ұйымдық және әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

      5) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне сот төрелігін жүзеге асырудың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудің жай-күйі туралы ақпарат дайындау;

      6) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты органдарының жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

      7) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстары қабылдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету;

      8) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына жергілікті және басқа да соттарды құру, қайта ұйымдастыру не тарату туралы ұсыныстар енгізу;

      9) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны лимиті шегінде әрбір жергілікті және басқа да соттың судьяларының санын белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына ұсынымдар енгізу;

      9-1) судьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өтуі үшін бос орындарды бөлу жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына енгізу;

      10) судьялар мен сот қызметкерлері жүктемелерінің нормативтерін әзірлеу;

      11) соттардың, Департаменттің және соттар әкімшілерінің ғимараттарын, үй-жайларын салуды, жөндеуді және техникалық жабдықтауды ұйымдастыру;

      12) соттар әкімшілерінің, Департаментке ведомстволық бағынысты ұйымдардың бюджет қаражатын жұмсауына бақылауды жүзеге асыру, олардың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасау;

      12-1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының бюджеттік шығыстарын қарау, келісу және бекіту;

      12-2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды келісу;

      13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға құқықтық статистикалық құжатталған ақпарат ұсыну;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық құқықтық статистикалық бақылаулар жүргізу және қызметтік іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған ведомстволық есепке алуды жүргізу;

      15) судьялар мен сот қызметкерлерінің жеке есебін жүргізу;

      16) судьяларды, оның ішінде орнынан түскен судьяларды заңнамаға сәйкес материалдық және әлеуметтік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      17) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және оларға құқықтық сараптама жасауға өз құзыреті шегінде қатысу;

      18) сот жүйесін ақпараттық-құқықтық қамтамасыз ету, заңнаманы жүйелеу және кодификациялау;

      19) іс қағаздарын жүргізуді және соттар мұрағаттарының жұмысын ұйымдастыру;

      20) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының басқа да мемлекеттік

      органдармен, басқа мемлекеттердің соттарымен, халықаралық және өзге де ұйымдармен өзара байланысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

      21) сот органдарында мемлекеттік құпиялар мен ақпараттық қауіпсіздікті қорғау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;

      22) сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес апостиль қою;

      23) соттардың шешімдері мен өзге де ресми құжаттарын орындауға байланысты Қазақстан Республикасы соттарының, шетелдік мемлекеттер соттарының тапсырмалары, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар шегінде құқықтық көмек көрсетуді ұйымдастыру;

      24) сот оқуы, судьялардың, сот қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және олардың тағылымдамадан өтуі жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      24-1) судьялыққа кандидаттардың ақысы төленетін тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруға мониторинг жүргізу;

      25) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      26) өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 11.01.2015 № 165 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.02.2016 № 198; 22.02.2016 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 05.04.2019 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      16. Өз құзыретінің шегінде құқықтары мен міндеттері:

      1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды адамдардан қажетті құжаттар мен материалдарды белгіленген тәртіппен сұрату;

      2) соттар әкімшілерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарда тексеру жүргізу;

      3) заң жобалау, сараптама, зерттеу жұмыстарын орындау және консультациялар беру үшін белгіленген тәртіппен ғылыми ұйымдарды, мемлекеттік және өзге де органдардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерін, мамандар мен сарапшыларды тарту;

      4) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасымен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне судьялар мен сот қызметкерлерінің еңбегін қорғау, оларды материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

      5) мемлекеттік органдардың иелігіндегі ақпараттық дерекқорды заңнамада белгіленген тәртіппен пайдалану;

      6) Департаментке жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау бойынша жұмысты

      қамтамасыз ету;

      9) ұйымдар мен азаматтардың өтініштерін қабылдау және қарау;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 11.01.2015 № 165 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

      17. Департаментке басшылықты Басшы жүзеге асырады, ол Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапкершілік алады.

      18. Департамент басшысын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысымен және Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      19. Департамент басшысының Қазақстан Республикасы Президентінің

      Әкімшілігі Басшысымен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын орынбасарлары болады.

      20. Департамент басшысының өкілеттіктері:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын, соттар әкімшілерінің басшылары мен олардың орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      2) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар үшін дербес жауапкершілік алады;

      3) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерінің, соттар әкімшілерінің басшылары мен олардың орынбасарларының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      4) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына өзінің орынбасарларына қатысты көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету туралы ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін көтереді;

      5) заңнамада белгіленген тәртіппен Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен өзге қызметкерлерін, соттар әкімшілерінің басшылары мен олардың орынбасарларын көтермелеу немесе оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      6) заңнамада белгіленген тәртіппен Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен өзге қызметкерлеріне материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді;

      7) мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара қарым-қатынаста Департамент атынан өкілдік етеді;

      8) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді және соттар әкімшілері туралы үлгілік ережені бекітеді;

      8-1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының штат кестесін келіседі;

      8-2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекітеді;

      9) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасын, Қазақстан

      Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысын Департаменттің жұмысы

      туралы хабардар етеді;

      10) соттар мен Департаментті қаржыландыру мәселесі жөнінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келісілген ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;

      10-1) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;

      11) заңнамада және осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Департаменттің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 11.01.2015 № 165 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.02.2016 № 198; 05.04.2019 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
     

      21. Департамент басшысы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасымен келісім бойынша өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. Департаменттің мүлкі

      22. Департаменттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

      Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Департамент өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқылы емес.

5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Департаменттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 11.01.2015 № 165 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Алып тасталды - ҚР Президентінің 11.01.2015 № 165 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты әкімшілік ғимаратының дирекциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Департаменттің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 09.08.2022 № 973 Жарлығымен.

      1. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Абай облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі,

      2. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Ақтөбе облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Алматы облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      6. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      7. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      8. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Жетісу облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      9. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қарағанды облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қостанай облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      11. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      12. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      13. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Павлодар облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      14. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      15. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Түркістан облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      16. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Ұлытау облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      17. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      18. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      19. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      20. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      21. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Әскери соттың әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі.