БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік қызметті мансап орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жұмыс іздеуші адамдарға, жұмыссыздарға, тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдарға, қандастарға, оқудан бос уақытта студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) www.egov.kz "Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал);
3) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы (бұдан әрі – Электрондық еңбек биржасы) (www.enbek.kz) арқылы жүзеге асырылады.";
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Көрсетілетін қызметті алушы халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге не Порталға немесе Электрондық еңбек биржасына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беру арқылы жүгінеді.";
7-тармақтың бірінші және екінші бөліктері алып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынғанда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қарау нәтижелері бойынша олар мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесіне сәйкес келген жағдайда, адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға тиісті жолдаманы:
- осы Қағидаларға 4 немесе 5-қосымшаларға сәйкес кәсіптік оқытуға жолдаманы;
- осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес субсидияланатын жұмыс орнына жолдаманы;
- осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес қоныс аударуға жолдаманы қалыптастырады.";
осы Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы Қағидаларға 8-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы Қағидаларға 11-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы Қағидаларға 6, 7, 9 және 10-қосымшалар алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2024 жылғы 3 мамырдағы № 129 бұйрыққа 1-қосымша |
|
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
________________ ауданының (қаланың) мансап орталығының директорына |
Өтініш
Маған кәсіптік оқытуға; субсидияланатын жұмыс орнына (қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, "Алғашқы жұмыс орны", "Ұрпақтар келісімшарты" және "Күміс жас"), қоныс аударуға (керегінің астын сызу) жолдама беруді сұраймын.
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шарасын алу үшін қажет болатын дербес деректерімді жинау мен өңдеуге келісімімді беремін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. ______________ ___________
Күні қолы
------------------------------------------------------------------------------------------------------
кесу сызығы
Азамат _________________________________________ өтініші 20__ жылғы "___" ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді, құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы
қолы:_______________________________________________________________
_______________ ______________
Күні қолы
2024 жылғы 3 мамырдағы № 129 бұйрыққа 2-қосымша |
|
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Мансап орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
1) көрсетілетін қызметті беруші; |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 1 (бір) жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған)/ қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға адамдарға жолдама беру, олар мыналарды қамтиды: |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін айқындау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Цифрлық құжаттардың сервисі мобильдік қосымшада авторланған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдаланып, мобильдік қосымшада авторланудан өту қажет, одан кейін "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, керек құжатты таңдау қажет. |
2024 жылғы 3 мамырдағы № 129 бұйрыққа 3-қосымша "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабын басшылыққа ала отырып көрсетілетін қызметті беруші
_________________________________________________________________
Көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы
Сіздің тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ________________________________________.
ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
мансап орталығының директоры:
_______________________________________ _________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Орындаушы: __________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы
Алдым:_______________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/ қолы
Берілген күні: 20___ жылғы "____" ___________. Мөрдің орны (бар болса)
2024 жылғы 3 мамырдағы № 129 бұйрыққа 4-қосымша "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Білім беру ұйымына кәсіптік оқытуға № ______ жолдама
Азамат _________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_________________________________________________________________
Білім беру ұйымының атауы, мекенжайы, байланыс телефоны
20__ "__" _______ бастап 20__ "__" _______ дейін ___ ай мерзімге кәсіптік оқытуға жіберіледі.
________________________________________ _________
Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Берілген күні Мөрдің орны (бар болса)
------------------------------------------------------------------------------------------------------
кесу сызығы
Кәсіптік оқытуға жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде білім беру ұйымы мансап орталығына қайтарады
№ ___ жолдамаға хабарлама
________________________________________________________________
Білім беру ұйымының атауы, мекенжайы, байланыс телефоны
азамат ____________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20__ жылғы "__" _____ № ___ бұйрыққа сәйкес __________________________
Біліктілік (дағды) атауы
біліктілігі (дағдысы) бойынша 20__ жылғы "__"______ дейін ___ ай мерзімге кәсіптік оқытуға қабылданғанын хабарлайды.
Білім беру ұйымының жауапты өкілі:
_________________________________________ _____________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Берілген күні
Мөрдің орны (бар болса)
2024 жылғы 3 мамырдағы № 129 бұйрыққа 5-қосымша "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
Жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқытуға № ____ жолдама
Азамат ______________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________________________________________________________________
Жұмыс берушінің атауы, мекенжайы, байланыс телефоны
20__ "___" _______ бастап 20__ "___" ________ дейін ___ ай мерзімге кәсіптік оқытуға жіберіледі.
________________________________________ ___________
Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Берілген күні
Мөрдің орны (бар болса)
------------------------------------------------------------------------------------------------------
кесу сызығы
Кәсіптік оқытуға жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыс беруші мансап орталығына қайтарады
№ ___ жолдамаға хабарлама
_______________________________________________________________
Жұмыс берушінің атауы, мекенжайы, байланыс телефоны
азамат __________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20__ жылғы "__"____ № ____ бұйрыққа сәйкес _______________________
Біліктілік (дағды) атауы
біліктілігі (дағдысы) бойынша оқу кезеңіне 20__ жылғы "__" _____ дейін _____ ай мерзімге жұмысқа қабылданды.
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.
Жұмыс берушінің жауапты өкілі:
_____________________________________________ ______________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Берілген күні
Мөрдің орны (бар болса)
2024 жылғы 3 мамырдағы № 129 бұйрыққа 6-қосымша "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 8-қосымша |
Нысан
Субсидияланатын жұмыс орнына № _____ жолдама
Жұмыссыз, студент және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушысы, тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адам (керегінің астын сызу)
__________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН
20___ жылғы "__" _______ бастап 20__ жылғы "__"______ дейін ____ ай мерзімге
___________________________________________________________
Кәсіп/мамандық атауы
мамандығы (кәсібі) бойынша субсидияланатын жұмыс орнына: қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, "Алғашқы жұмыс орны", "Ұрпақтар келісімшарты" және "Күміс жас" жобасы (керегінің астын сызу) жұмысқа орналасу үшін
___________________________________________
____________________________________________________________________
Жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны
жіберіледі.
_________________________________________________ ________
Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Берілген күні
Мөрдің орны (бар болса)
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
кесу сызығы
Жұмысқа орналасу үшін жолдама берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыс беруші мансап орталығына қайтарады
№ ___ жолдамаға хабарлама
________________________________________________________________
Жұмыс берушінің атауы
20__ жылғы "__" ______ жасалған №_____ еңбек шартына
(20__ жылғы "__" _______ №______ бұйрық) сәйкес азамат
__________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________________________________________________
Лауазым атауы
ретінде 20__ жылғы "__" _____ бастап 20__ жылғы "__" ______ дейін_____ ай
мерзімге субсидияланатын жұмыс орнына жұмысқа орналасу мерзімімен субсидияланатын жұмыс орнына қабылданды.
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.
Жұмыс берушінің жауапты өкілі: ________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Берілген күні
Мөрдің орны (бар болса)
2024 жылғы 3 мамырдағы № 129 бұйрыққа 7-қосымша "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 11-қосымша |
Нысан
Қоныс аударуға № _____ жолдама
Азамат _______________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН
өңірлік комиссияның 20 __ жылғы "__" _______ №____ шешіміне сәйкес
_______________________________________________________________
Елді мекеннің/ауданның/облыстың атауы
тұру және ________________________________________________________
Кәсіп/мамандық атауы
мамандығы (кәсібі) бойынша жұмысқа орналасу үшін жіберіледі.
Онымен бірге: _____________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Өтініш берушіге туыстық қатынасы/тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
қоныс аударады. ________________________________________ __________
Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Берілген күні
Мөрдің орны (бар болса)
----------------------------------------------------------------------------------------------------
кесу сызығы
Көрсетілетін қызметті берушіге қайтарылады
№______ жолдамаға хабарлама
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Қоныстанған облыстың ауданының/қаласының мансап орталығы
___________________________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20 __ жылғы "___"________ жасалған № _____ әлеуметтік келісімшартқа сәйкес
(20__ жылғы________ №___ бұйрық) ерікті түрде қоныс аударуға қатысушы болып табылады және оған
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Елді мекеннің/ауданның/облыстың атауы
___________________________________________________________________
Жұмыс берушінің атауы мекенжайы, байланыс телефондары
кейіннен жұмысқа орналасумен тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, жатақханадан бөлме, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидия беріледі (керегінің астын сызу).
Қабылдау өңірінің мансап орталығының директоры:
_______________________________________ ___________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Берілген күні
Мөрдің орны (бар болса)