ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) "Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Әділет министрі | М. Бекетаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
| Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығына 1-қосымша |
"Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 27.02.2026 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу (бұдан әрі – аттестаттау) жолымен көрсетеді.
3. "Бір өтініш" қағидаты – бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтердің жиынтығын көздейтін мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарға көрсетіледі.
Осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Тізбеде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын, мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, мемлекеттік қызмет көрсету нысанын/мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысанын, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі келтірілген.
Жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "электрондық Үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы электрондық құжат нысанында жолдайды.
5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген кезде "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
6. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы, мүгедектігі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық Үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен уақыттан бастап бір жұмыс күні ішінде оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
7. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған уақыттан бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырған құжаттарының толықтығын тексереді.
Өтініште мәліметтер толық болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш түскен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады. Бас тарту электрондық құжат нысанында беріледі, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №32 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10308 болып тіркелген) жеке сот орындаушыларының қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексереді.
8. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының аттестаттауға жіберу туралы құжаттарын құжаттар тіркелген уақыттан бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.
9. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда;
2) "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағында белгіленген шектеулер болғанда;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 561 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19669 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
11. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешімін алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оған қарсылығын ұсынады немесе айтады.
12. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші үміткерді аттестаттауға жіберу не жіберуден бас тарту туралы дәлелді шешім шығарады.
13. Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешімді қызмет алушыға өтініш тіркелген уақыттан бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей оның абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабарлама немесе "жеке кабинетіне" портал арқылы жібереді.
14. Аттестаттауға жіберілген көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттауға жіберу туралы шешім қабылданған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде аттестаттауды өткізу орны, күні, уақыты, тәртібі туралы көрсетілетін қызметті беруші оның қысқа мәтіндік хабарламаның абоненттік нөміріне немесе портал арқылы "жеке кабинетке" жіберу арқылы хабардар етеді.
15. Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттауға жіберу туралы шешім қабылданған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде Тестілеу операторына аттестаттауға жіберілген тұлғалардың тізімін жолдайды.
16. Аттестаттау Тестілеу операторының техникалық жабдықталған тестілеу залдарында өткізіледі.
17. Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:
1) Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасын білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеу – 100 сұрақ: "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы – 45, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi – 10, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі – 10, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi – 5, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi – 5, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі – 5, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі – 15, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының кодексі – 5;
2) практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған компьютерлік тестілеу (3 ситуациялық жағдай бойынша 12 сұрақ).
18. Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын білуін тексеруге арналған сұрақтардың жауабының біреуі дұрыс болған кемінде төрт нұсқасы болады.
Практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған сұрақтарда бір дұрыс жауаппен кемінде төрт нұсқасы қамтылады.
19. Аттестаттауға келген кезде көрсетілетін қызметті алушының өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) цифрлық жеке куәлігі болуы қажет.
20. Аттестаттаудан өту алдында Тестілеу операторы көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттау кезеңдерін өткізу тәртібі, олардың ұзақтығы туралы хабардар етеді.
21. Көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудан өз таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде өтеді.
22. Аттестаттауды өткізу кезінде көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиеттерді қағаз, электрондық және өзге де жеткізгіштерде, қабылдайтын-беретін электрондық құрылғыларда (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтар) пайдалануға жол берілмейді.
Мұндай құрылғылар тестілеу кезінде ұяшықтары бар арнайы шкафтарда сақтауға орналастырылады.
Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда Тестілеу операторы көрсетілетін қызметті алушыны ағымдағы аттестаттаудан шеттете отырып, бұзушылық туралы акт жасайды.
23. Аттестаттаудан шеттетілген көрсетілетін қызметті алушы шешім шығарылған күннен бастап үш ай өткен соң аттестаттауға жіберу туралы өтінішті қайта бере алады.
24. Еңсерілмейтін күш (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар) салдарынан, сондай-ақ техникалық ақаулар себебінен тестілеуді жалғастыру мүмкін болмаған кезде тестілеу тоқтатыла тұрады және тестілеу рәсімін тоқтата тұру туралы акт ресімделеді.
Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудан қайтадан өтеді.
25. Мүмкіндігі шектеулі адамдар арасынан үміткерді аттестаттау теңдік, қолжетімділік, кемсітпеу қағидаттарын сақтай отырып олардың жеке ерекшеліктері мен тіршілік әрекетінің шектеулерін ескеретін жағдайларды қамтамасыз ете отырып жүргізіледі.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға аттестаттау өту кезінде тиісті арнайы шарттар жасалады, қоса:
1) Тестілеуге белгіленген уақытты ұзарту;
2) Тестілеу кезінде қосымша үзіліс ұсыну;
3) Бағаланатын білім мен дағдылардың мазмұны бойынша артықшылық бермейтін баламалы коммуникациялық құралдарын қоса алғанда, техникалық және (немесе) қосалқы құралдарды пайдалану;
4) Тестілеу орындау процесіне араласпайтын ассистентті (еріп жүретін адамды) жіберу.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуді орындауға бөлінген жалпы уақыт - 120 (жүз жиырма) минут (100 сұрақ), практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған тестті орындауға бөлінген жалпы уақыт - 60 (алпыс) минут (3 практикалық жағдайға 12 сұрақтан кем емес).
26. Заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуді орындауға бөлінген жалпы уақыт - 90 (тоқсан) минут (100 сұрақ).
Практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған тестті орындауға бөлінген жалпы уақыт - 30 (отыз) минут (3 практикалық жағдайға 12 сұрақтан кем емес).
27. Егер дұрыс жауаптар саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 % (жетпіс) және одан астамын құраса, көрсетілетін қызметті алушы заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуден өткен болып есептеледі және практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге компьютерлік тестілеудің екінші кезеңіне жіберіледі.
Егер дұрыс жауаптар саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 % (жетпіс) және одан астамын құраса, көрсетілетін қызметті алушы практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге компьютерлік тестілеуден өткен болып есептеледі.
Көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудың екі кезеңінен оң нәтижемен өткен кезде аттестаттаудан өткен болып есептеледі.
28. Тестілеуде белгіленген мәндерден төмен нәтиже алған кандидаттарға қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.
29. Аттестаттаудың әрбір кезеңінен өту нәтижелерін Тестілеу операторы көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудың соңғы кезеңінен өткеннен кейін бір жұмыс күн ішінде жібереді.
30. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестаттау/аттестаттамау туралы дәлелді шешім болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылады және электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
31. Дәлелді себеппен (денсаулық жағдайы бойынша, жақын туысының қайтыс болуы және еңсерілмейтін күш салдарынан) аттестаттауға келмеген көрсетілетін қызметті алушы өтініш пен растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда тестілеуден көрсетілетін қызметті беруші бекітілген басқа күні өте алады. Бұл ретте өтініш тестілеуді өткізіп алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуі тиіс.
Аттестаттауға дәлелді себептерсіз келмеген көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады. Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті алушы аттестаттауға жіберу туралы өтінішті қайта бере алады.
32. Аттестаттау туралы шешім шығарылған күннен бастап үш жыл ішінде жарамды болып табылады.
3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар
33. Көрсетілетін қызметті алушы "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" және "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" екі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық Үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы бір өтінішті осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында жолдайды.
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестаттаудан өткені туралы шешім "Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін одан әрі көрсету үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберіледі.
"Бір өтініш" қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет осы Қағидалардың және "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларының талаптары ескеріліп көрсетіледі.
34. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Осы Қағидаларға өзгерістер немесе (және) толықтырулар енгізу кезінде, Әділет министрлігі "электрондық Үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, "Бірыңғай байланыс орталығына", көрсетілетін қызметті берушіге тиісті нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.
35. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті органды және/немесе "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамын хабардар етеді.
4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
36. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысы атына, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
37. Көрсетілетін қызметті берушінің атына немесе Әділет министрлігіне келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
38. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелері бойынша қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
| "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 1-қосымша |
"Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе). | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары көрсетеді. |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | "электрондық Үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz. |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | Тіркеген уақыттан бастап 15 жұмыс күні. |
4 | мемлекеттік қызмет көрсету нысанын/мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны | Электронды (ішінара автоматтандырылған) / "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін |
5 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі | Аттестаттау/аттестаттамау туралы дәлелді шешім |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көсетілетін қызмет алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мән-жайларда оны алу тәсілдері | Алынбайды. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар тізбесі | Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына аттестаттаудан өтуге жіберу туралы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы, мүгедектігі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық Үкімет" шлюзі арқылы алады. |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсы - www.adilet.gov.kz орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталда "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және Бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар. |
| "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау үшін өтініш
_____________________________________________________________________________
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органына
_____________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда),
тегi), жеке сәйкестендіру нөмірі)
1. Мені жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттауға жіберуіңізді сұраймын
1) Дипломы туралы мәліметтер:
1. Жоғары оқу орнының атауы _________________________
2. Мамандық шифрі _______________________
3. Дипломның нөмірі_______________________
4. Дипломның берілген күні ____________________________
2) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес нострификациялау немесе
тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжат:
Сериясы және нөмірі ___________________________________________
3) Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды:
1. Тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні _____________
2. ________________ облысының/қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы
3. Тағылымдаманың жетекшісі____________________________________
4. Тағылымдаманың басталу күні____________________________________
5. Тағылымдаманың аяқталған күні _________________________________
Жеке тұлғаның тұрғылықты жері, мекенжайы _______________________, электрондық
поштасы _____________, байланыс телефоны__________________
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыс болып табылатындығы және аттестаттауға жіберілгені немесе одан бас тарту мәселелері бойынша, сондай-ақ лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбағаны;
осы өтініште көрсетілген барлық деректер шынайы, ұсынған деректер үшін жеке жауапты болатыны;
өтініш берушінің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес деректерді пайдалануға келісімін беретіні;
денсаулық сақтау ұйымдарына "Наркологиялық науқастар тізімі" және "Психикалық науқастар тізімінен" диспансерлік есепте тұрғандығы туралы анықтама алу үшін электронды түрде сұрау салуға және нәтижелерін көрсетілетін қызметті берушіге беруге келісетіні расталады.
______________________________________________
(ЭЦҚ) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Толтырылған күні: 20___ жылғы "__" ___________
| "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына |
|
| 3-қосымша | |
| Нысан |
Номер__________
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына аттестаттау/аттестаттамау туралы шешім
__________ қаласы | күні__________ |
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына аттестаттау/аттестаттамау деп танылсын.
Басшы ______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
| "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 4-қосымша |
|
| Нысан |
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға құқығына үміткер адамдарды аттестаттауға және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру туралы өтініш
__________________________________________________________________________
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органына
_____________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
1. Мені жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттауға жіберуіңізді сұраймын
1) Дипломы туралы мәліметтер:
1. Жоғары оқу орнының атауы _________________________
2. Мамандық шифрі _______________________
3. Дипломның нөмірі_______________________
4. Дипломның берілген күні ____________________________
2) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес нострификациялау немесе
тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжат:
Сериясы және нөмірі ___________________________________________
3) Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды:
1. Тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні _____________
2. ________________ облысының/қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы
3. Тағылымдаманың жетекшісі____________________________________
4. Тағылымдаманың басталу күні____________________________________
5. Тағылымдаманың аяқталған күні _________________________________
4) Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ______________
2. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беруді сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жері, мекенжайы _______________________, электрондық
поштасы _____________, байланыс телефоны__________________
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыс болып табылатындығы және аттестаттауға жіберілгені немесе одан бас тарту мәселелері бойынша, сондай-ақ лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбағаны;
осы өтініште көрсетілген барлық деректер шынайы, ұсынған деректер үшін жеке жауапты болатыны;
өтініш берушінің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес деректерді пайдалануға келісімін беретіні;
денсаулық сақтау ұйымдарына "Наркологиялық науқастар тізімі" және "Психикалық науқастар тізімінен" диспансерлік есепте тұрғандығы туралы анықтама алу үшін электронды түрде сұрау салуға және нәтижелерін көрсетілетін қызметті берушіге беруге келісетіні расталады.
______________________________________________
(ЭЦҚ) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Толтырылған күні: 20___ жылғы "__" ___________
| Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 Бұйрығына 2-қосымша |
"Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші ) көрсетеді .
3. "Бір өтініш" қағидаты - бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтердің жиынтығын көздейтін мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті "электрондық үкіметтің" www.egov.kz. веб-порталы арқылы жолдайды.
5. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
6. Осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Тізбеде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, мемлекеттік қызмет көрсету нысанын, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі келтірілген.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 20.10.2021 № 905 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Жеке басын куәландыратын құжат туралы, әрекетке қабілеттілігіне немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі шектеулердің жоқтығы туралы, жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындалғанға дейін үш жыл ішінде сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы, жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жайлы мәліметтердің жоқтығы туралы, заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығы туралы, мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан жағымсыз себептер бойынша бұрын босатылғандар туралы мәліметтердің жоқтығы туралы, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына берілген лицензиядан айыру туралы, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 20.10.2021 № 905 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Көрсетілетін қызметті беруші лицензия алуға құжаттар келіп түскен күні оларды тіркейді және орындауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметті алуға өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
10. Көрсетілетің қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған уақыттан бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырған құжаттарының толықтығын тексереді.
Құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда және (немесе) қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту туралы жауап береді.
11. Келісуші мемлекеттік органның жауабы теріс болған не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші лицензия немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 20.10.2021 № 905 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Лицензияны беруден бас тарту, егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;
5) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
7) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асырылады.
3-тарау . Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға арналған лицензияны қайта ресімдеу тәртібі
13. Лицензияны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтініші "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат ауыстырылған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) ауыстыру туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасынан алады.
Тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) ауыстыру туралы мәліметтер болмаған жағдайда электрондық өтінішті қалыптастыру процесі аяқталады.
"Электрондық үкімет" веб-порталы көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін "электрондық үкімет" веб-порталының көліктік қолтаңбасы арқылы көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз жұмыс күнінде 20 (жиырма) минут ішінде толық автоматты түрде өңдейді және қалыптастырады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкімет" веб-порталының көліктік қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
16. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар
17. Көрсетілетін қызметті алушы "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" және "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" екі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы бір өтінішті жолдайды.
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өткені туралы шешім "Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін одан әрі көрсету үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберіледі.
"Бір өтініш" қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет осы Қағидалардың және "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларының талаптары ескеріліп көрсетіледі.
18. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Осы Қағидаларға өзгерістер немесе (және) толықтырулар енгізу кезінде, Әділет министрлігі "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникацялық инфрақұрылымының операторына, "Бірыңғай байланыс орталығына" тиісті нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті органды және/немесе "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы хабардар етеді.
5-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
20. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысы атына, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
21. Көрсетілетін қызметті берушінің атына немесе Әділет министрлігіне келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
22. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелері бойынша қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
| "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 20.10.2021 № 905 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.09.2025 № 525 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі. |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Порталға жүгінген сәттен бастап жұмыс кестесін және құжаттарды қабылдау уақытын ескере отырып: |
4 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны/Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі | Электронды (толық автоматтандырылған) /"бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін |
5 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі |
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру |
6 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде алынатын төлем |
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру және қайта ресімдеу үшін қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым 2025 жылғы 18 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 616-бабына сәйкес алынады: |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар тізбесі |
Лицензия алу үшін: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Лицензияны беруден бас тарту, егер: |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталда "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
| "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның өтiнiші
Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 20.10.2021 № 905 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 3-қосымша |
|
| Нысан |
Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін біліктілік талаптарыныңсәйкестігі туралы мәліметтер нысаны
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 20.10.2021 № 905 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 4-қосымша |
|
| Нысан |
Лицензияны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
________________________________________________________________________
Тегімнің, атымның, әкемнің атының (ол болған жағдайда) өзгеруіне байланысты жеке
сот орындаушысы қызметін жүзеге асыруға 20___ жылғы "____" № __________,
________________________________________________________________________
(лицензияның нөмірі(лері), лицензияны берген лицензиардың атауы)
берілген лицензияны қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
Жеке тұлға ____________ __________________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _______
| "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 5-қосымша |
|
| Нысан |

Лицензия
Ескерту. Қағидалар 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20____ жылғы "___" ___________ №_____________
_______________________________________________________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
лицензияланатын қызмет түрінің атауы)
_____________________________________________________ айналысуға берілді
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі,
толық атауы, мекен-жайы)
Ерекше шарттары ________________________________________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес)
Ескерту: ________________________________________________________________
(иеліктен шығарылатындығы, рұқсаттың класы)
Лицензиар ____________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
Берілген орны ____________________________

Бұл құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз құжатқа балама болып табылады.
| Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 Бұйрығына 3-қосымша |
"Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжат негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Бірыңғай байланыс орталығы - Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпаратты беру жөніндегі ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
3) Осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Тізбеде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, мемлекеттік қызмет көрсету нысанын, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі келтірілген.
4) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі-портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе.;
5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті атқарушылық іс - әрекеттердің жасалу орны бойынша аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4. Жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында белгіленген өтініш пен құжаттарды:
1) көрсетілетін қызмет берушіге;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - мемлекеттік корпорация);
3)портал арқылы жолдайды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды жолдайды;
2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - АІЖ ОААЖ) тіркеуді жүзеге асырады және мемлекеттік сот орындаушысына береді;
3) мемлекеттік сот орындаушысы құжаттар келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау немесе қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады, ол көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.
6. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырады, олар барынша қысқа мерзім ішінде көрсетілетін қызметті берушіге беріледі;
2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды АІЖ ОААЖ-да тіркеуді жүзеге асырады және мемлекеттік сот орындаушысына береді;
3) мемлекеттік сот орындаушы құжаттар келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау немесе қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады, ол Мемлекеттік корпорацияға және көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.
7. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметті алуға өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;
2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды АІЖ ОААЖ-да тіркеуді жүзеге асырады және мемлекеттік сот орындаушысына береді;
3) мемлекеттік сот орындаушы құжаттар келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау немесе қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады, ол көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.
8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация немесе көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және бұл туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Осы Қағидаларға өзгерістер немесе (және) толықтырулар енгізу кезінде, Әділет министрлігі "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникацялық инфрақұрылымының операторына, "Бірыңғай байланыс орталығына", көрсетілетін қызметті берушіге тиісті нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті органды және/немесе "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамын хабардар етеді.
3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысы атына, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
12. Көрсетілетін қызметті берушінің атына немесе Әділет министрлігіне келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелері бойынша қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
| "Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 20.10.2021 № 905 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Ескерту. 1-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Мемлекеттік қызметті атқарушылық әрекеттердің жасалу орны бойынша аумақтық әділет органдары көрсетеді. |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру: |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері | 3 (үш) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны/Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі | Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі | Сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы немесе атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулысы. |
6 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде алынатын төлем | Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар тізбесі |
Қағидаларға 2, 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атқарушылық құжатты жазып беру және мәжбүрлеп орындауға жолдау, атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы өтініш. |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар |
Денсаулығы бұзылған, ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен тыныс-тіршілігі шектелген мемлекеттік қызметті алушыға қажет болған жағдайда Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жеріне барып, Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну арқылы жүргізеді. |
| "Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |
Атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы өтініш
________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы және БСН / жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса) және ЖСН)
Осы өтінішке қоса берілетін атқарушылық құжат негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғауды сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің, заңды тұлғаның орналасқан жерінің
мекенжайы ________________________________________________________________
(пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен,
_________________________________________________________________________.
көшенің атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі)
Электрондық пошта________________________________________________________.
Телефондары _____________________________________________________________.
Осы арқылы:
барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға атқарушылық құжатты орындау мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
қоса берілетін барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және дәйекті болып табылатыны расталады.
__________________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болса))
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісемін 20 __ жылғы " __" __ (қолы)
Заңды тұлғалар үшін мөр орны (бар болса)
Толтырылған күні: 20 __ жылғы "___" ____
| "Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 3-қосымша |
|
| Нысан |
Атқарушылық құжатты жазып беру және мәжбүрлеп орындауға жолдау және атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы өтініш
________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы және БСН / жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса) және ЖСН
Осы өтінішке қоса берілетін атқарушылық құжат негізінде атқарушылық құжатты жазып беруді және/немесе мәжбүрлеп орындауға жолдауды және атқарушылық іс жүргізуді қозғауды сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің, заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайы
________________________________________________________________________________
(пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді
мекен,_______________________________________.көшенің атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі)
Электрондық пошта________________________________________________________.
Телефондары _____________________________________________________________.
Осы арқылы:
барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға атқарушылық құжатты орындау мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
қоса берілетін барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және дәйекті болып табылатыны расталады.
__________________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болса))
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісемін
______ 20 __ жылғы " __" _______ (қолы)
Заңды тұлғалар үшін мөр орны (бар болса)
Толтырылған күні: 20 __ жылғы "___" ____
| "Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 4-қосымша |
|
| Нысан |
_____________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не ұйымының атауы) _____________________________________ (көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы) Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабын, 20-бабының 2-тармағын басшылыққа алып, Сіз құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға, атап айтқанда:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) ….
және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты "Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
(көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері) Т.А.Ә. (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. (бар болса) _______________________
Телефон _________________
Алды: көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болса)/қолы
20__ жылғы "___" _________
| Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 Бұйрығына 4-қосымша |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 221 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10963 тіркелген, 2015 жылғы 13 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2. "Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 307 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11287 тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
3. "Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеудің және аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 605 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12588 тіркелген, 2016 жылғы 13 қантарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
4. "Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" және "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 61 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16309 тіркелген, 2018 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған);
5. "Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеудің және аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 605 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 170 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16372 тіркелген, 2018 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған);
6. "Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" және "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 446 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16976 тіркелген, 2018 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған);
7. "Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 221 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 211 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18571 тіркелген, 2019 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған);
8. "Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 307 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 385 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19053 тіркелген, 2019 жылғы 29 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).