БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі | Е. Тургумбаев |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 374 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тізбесі
1. "Ішкі істер органдарының қабылдау-тарату орындарында адамдардың жеке басын анықтау жөніндегі іс-шараларды өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 23 мамырда № 231 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7029 тіркелген, 2011 жылғы 27 тамызда "Казахстанская правда" газетінде № 272-274 (26693-26695) болып жарияланған):
Кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 46-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының қабылдау-тарату орындарында адамдардың жеке басын анықтау жөніндегі іс-шараларды өткізу ережесінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Қабылдау-тарату орындарында адамдардың жеке басын анықтау жөніндегі іс-шараларды өткізу";
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қабылдау-тарату орнына орналастырылған адамнан жауап алу ол қабылдау орнында болған бірінші тәулік ішінде жүргізіледі. Жауап алу нәтижелері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, оған жауап алынған адам мен жауап алуды жүргізген қызметкер қол қояды.
Қабылдау-тарату орнына орналастырылған адамның сауалнамалық деректері жеке құжаттарынан, ал олар болмаған жағдайда - тексерілушінің айтуы бойынша тексеру материалдарына жазылады.
6. Қабылдау-тарату орнына орналастырылған адам туралы мәліметтер 48 сағат ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Біріктірілген деректер банкінің есептері бойынша тексеріледі";
7-тармақтың 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) көші-қон қызметі бөліністерінің есептері (тұрғылықты жерін тіркеу, "Бүркіт" Бірыңғай ақпараттық жүйесі) бойынша сұрау салулар жолданады.";
2. "Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 232 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7030 болып тіркелген, 2011 жылғы 27 тамызда "Казахстанская правда" газетінде № 272-274 (26693-26695) болып жарияланған):
Кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының қызметін ұйымдастыру ережесінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Арнайы қабылдау орындарының қызметін ұйымдастыру Ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда адамдарды ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-1-бабына сәйкес әзірленді және ұстау режимін қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органдарының арнайы қабылдау орындары қызметінің тәртібін және оны ұйымдастыруды регламенттейді.".
8, 9, 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Арнайы қабылдау орындарында медицина қызметкерлері оларда ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады.
Емдеу-профилактикалық және санитарлық-эпидемияға қарсы жұмыс мәселелері бойынша арнайы қабылдау орындарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, облыстардың полиция департаменттерінің медицина қызметтері және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.".
Әкімшілік қамауға алынған адамды медициналық ұйымдарға орналастыру туралы арнайы қабылдау орнының әкімшілігі прокурорға және судьяға хабарлайды. Сауыққаннан кейін бұл адамдар, егер судьяның өзге шешімі болмаса әкімшілік қамауға алуды одан әрі өтеу үшін арнайы қабылдау орнына орналастырылады.
Адамды қамауға алуды бақылау арнайы қабылдау орнының бастығына жүктеледі.
"9. Арнайы қабылдау орындарын пайдалану әкімшілік қамауға алынған адамдарды қауіпсіз ұстау үшін жарамды, санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін үй-жайлар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.".
"10. Арнайы қабылдау орындарының қызметі тоқсанға құрастырылатын және полиция органы бастығының жетекшілік ететін орынбасары бекітетін жоспар бойынша құрылады.
Арнайы қабылдау орындарының қызметін ұйымдастыру арнайы қабылдау орнының бастығына жүктеледі.";
Бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Арнайы қабылдау орнының бастығы:".
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) өзінің қызметкерлері мен арнайы қабылдау орны жұмыскерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді және оларды полиция органының бастығында бекітеді;";
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) полиция органының басшылығына арнайы қабылдау орнының қызметкерлері мен жұмыскерлерін лауазымға тағайындау, жылжыту және лауазымнан босату, сондай-ақ оларды көтермелеу немесе тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныстар енгізеді, арнайы қабылдау орнының қызметкерлеріне арнаулы атақтар беру туралы ұсынымхаттар жолдайды;";
13-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) орналастырылған адамдардың ішкі тәртіп ережесін қатаң сақтауын бақылайды, бекет нарядының қызмет өткеруін ұдайы бақылауды жүзеге асырады, орналастырылған адамдардың денсаулығы нашарлаған жағдайда медицина қызметкеріне хабарлайды, ал ол болмаған жағдайда, жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырады және шұғыл медициналық көмек көрсетеді;";
14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Инспектор:";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Арнайы қабылдау орындарын құру".
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Ішкі істер органдарының арнайы қабылдау орындары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің шешімімен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады."
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Арнайы қабылдау орындарының үй-жайлары";
Бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Арнайы қабылдау орындарында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
1) ерлер, әйелдер, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін, санитарлық тазалаудан өтпеген жаңадан түскендер, жұқпалы аурулармен ауыратын немесе ерекше медициналық күтім мен бақылауға мұқтаж науқастар үшін жеке камералар;";
3. "Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 233 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7031 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 30 болып жарияланған):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының қабылдау-тарату орындарының қызметін ұйымдастыру ережесінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының қызметін ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда адамдарды ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес әзірленді және ұстау режимін қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органдарының қабылдау-тарату орындары қызметінің тәртібін және оны ұйымдастыруды реттейді";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қабылдау-тарату орындарында медицина қызметкерлері оларда ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады және жүзеге асырады, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын бақылайды.
Емдеу-профилактикалық және санитарлық-эпидемияға қарсы жұмыс мәселелері бойынша қабылдау-тарату орындарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, облыстардың полиция департаменттерінің медицина қызметтері және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Қабылдау-тарату орнының қызметі тоқсанға құрастырылатын және Полиция департаменті бастығының жетекшілік ететін орынбасары бекітетін жоспар бойынша құрылады.
Қабылдау-тарату орнының қызметін ұйымдастыру қабылдау-тарату орнының бастығына жүктеледі.";
10-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"15) Полиция департаментінің басшылығына қабылдау-тарату орнының қызметкерлері мен жұмыскерлерін лауазымға тағайындау, жылжыту және лауазымнан босату, сондай-ақ оларды көтермелеу немесе тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныстар енгізеді, қабылдау-тарату орнының қызметкерлеріне арнаулы атақтар беру туралы ұсынымхаттар жолдайды;";
12-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) орналастырылған адамдардың ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтауын бақылайды, бекет нарядының қызмет өткеруін ұдайы бақылауды жүзеге асырады, орналастырылған адамдардың денсаулығы нашарлаған жағдайда медицина қызметкеріне хабарлайды, ал ол болмаған жағдайда жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырады және шұғыл медициналық көмек көрсетеді;";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Қабылдау-тарату орындарын құру";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Қабылдау-тарату орындарының үй-жайлары":
4. "Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 10 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7414 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 мамырда "Казахстанская правда" газетінде № 144-145 (26963-26964) болып жарияланған):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 46-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындары ішкі тәртібінің қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және ұстау режимін қамтамасыз ету мақсатында қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртібін белгілейді.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Жеке тексеруді жүргізу, медициналық куәландыру, санитарлық өңдеу, саусақ іздерін алу, суретке түсіру тәртібі және медициналық-санитарлық қызмет көрсету нормалары";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Қабылдау-тарату орындарында ұстау шарттары, материалдық-тұрмыстық қызмет көрсету нормалары";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Камералардың жабдықталуы";
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Алып қоюға жататын заттар тізбесі";
8-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. "Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының ішкі тәртіп қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 11 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7415 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2012 жылғы 19 мамырда № 144-145 (26963-26964) болып жарияланған):
Кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңының 9-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының ішкі тәртіп қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер"
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындары ішкі тәртібінің қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және ұстау режимін қамтамасыз ету мақсатында арнайы қабылдау орындарының ішкі тәртібін белгілейді";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Арнайы қабылдау орнының қызметкерлері қызметтік жұмыста ұсталған адамдармен заңдылық, азаматтардың заң алдындағы теңдігі, ізгілік, жеке бастың ар-намысы мен абыройын құрметтеу қағидаттарына сәйкес қарым-қатынаста болады, сондай-ақ дөрекілік пен немқұрайлық көріністеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмауды көздейтін өзге де шараларды қабылдайды.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Арнайы қабылдау орнына жеткізілген адамдарды тіркеу тәртібі";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Арнайы қабылдау орнына орналастырылған ер адамдар әйелдерден бөлек орналастырылады.
Туберкулездің жұқпалы түрімен, соз және басқа да жұқпалы аурулармен ауыратын, ерекше медициналық күтімді, бақылауды, жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қажет ететін науқастар басқа адамдардан оқшауланады.".
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Арнайы қабылдау орнына орналастырылған адамдарды жеке тексеруді жүргізу, медициналық куәландыру, дактилоскопиялау, суретке түсіру тәртібі және медициналық-санитарлық қызмет көрсету нормалары".
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Әкімшілік қамауға алынған адамдарға материалдық-тұрмыстық қызмет көрсету нормалары".
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Алып қоюға жататын заттардың тізбесі".
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Қорытынды ережелер";
мынадай мазмұндағы 52-1, 52-2-тармақтармен толықтырылсын:
"52-1. Әкімшілік қамауға алынған адамдар "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Заңға сәйкес адвокаттың қызметін пайдалана алады.
52-2. Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің немесе консулдық мекемелерінің ресми өкілдерінің өкілдік ететін мемлекеттің әкімшілік қамауға алынған азаматына олардың өкілеттігін растайтын құжаттарды көрсеткеннен кейін келуіне жол беріледі.
Әңгімелесу кезінде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету арнайы мекеменің әкімшілігіне жүктеледі.";
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"53. Әкімшілік қамауға алынған адам қайтыс болған жағдайда, арнайы қабылдау орнының әкімшілігі бұл туралы тез арада полиция органының кезекші бөліміне, сондай-ақ прокурорға хабарлайды.";
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Шетелдік қайтыс болған жағдайда арнайы қабылдау орнының әкімшілігі бұл туралы полиция органының кезекші бөліміне, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Сыртқы істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Ішкі істер министрлігіне хабарлайды.";
6. "Қоғамдық бақылау комиссияларының ішкі істер органдарының арнаулы мекемелеріне бару қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 312 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7743 болып тіркелді және "Казахстанская правда" газетінде 2012 жылғы 22 тамызда № 280-281 (27099-27100) болып жарияланған):
Кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық бақылау комиссияларының ішкі істер органдарының арнаулы мекемелеріне бару қағидасында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер".
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қоғамдық бақылау комиссияларының ішкі істер органдарының арнаулы мекемелеріне бару қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және қоғамдық бақылау комиссиялары мүшелерінің ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ІІО) уақытша ұстау изоляторына, қабылдау-тарату орнына және әкімшілік қамауға алынған адамдарды ұстайтын арнайы қабылдау орнына бару тәртібін айқындайды.".
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. ҚБК арнаулы мекемелерге бару тәртібі".
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ҚБК арнаулы мекемелер қарамағына жататын Полиция департаментіне (бұдан әрі - ПД) дербес құрамы бекітілген және төрағасы сайланған ҚБК отырысының хаттамалық шешімін (бұдан әрі - Хаттама) жолдайды;
2) Хаттаманы алғаннан кейін ПД бастығы ІІО немесе арнаулы мекемелердің бастықтарына ҚБК кемінде екі мүшесінің құрамында осы Қағидаларда айқындалатын тәртіпте арнайы мекемелерге кедергісіз баруға құқық беретін Хаттаманың көшірмесін жолдайды;";
7. "Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 1040 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12892 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 қаңтарда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің нысандары мен үлгілерінде:
мынадай мазмұндағы 44-тармақпен толықтырылсын:
"44. Қажет болған жағдайда, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган өңірлердің өзге де цифрлық кодтарын, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің әріптік және цифрлық белгілеулерін пайдалана, сондай-ақ оларды қорғау элементтерін және параметрлерін өзгерте алады.".
8. "Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды айдауылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 1122 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15011 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Айдауылдау жөніндегі міндеттерді орындау үшін ішкі істер органдарының құрамында, сондай-ақ тікелей Ішкі істер министрлігінде, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттерінде, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде айдауылдау бөліністері құрылады.
Айыпталушылар мен сотталғандарды айдауылдауды "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның (бұдан әрі - Ұлттық ұлан) бөліністері жүзеге асырады.
ҚАЖ мекемесі орналасқан жерлердегі елді мекендерде Ұлттық ұлан бөліністері болмаған кезде айыпталушылар мен сотталғандарды айдауылдауды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бөліністері жүзеге асырады.".
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Айдауылға қабылданатын адамдар олардың құжаттарына сәйкес жол журналына тіркеледі, осыдан кейін олар жеке тінтіледі, ал олардың заттары мен азық-түліктеріне тексеру жүргізіледі. Осы мақсатта айдауыл құрамынан 4-6 айдауылданушыға бір тінтуші есебімен айдауылдар тағайындалады.
Тінту және тексеру нәтижелері туралы айдауыл бастығы жол журналына тінту жүргізген қызметкердің тегін көрсете отырып, жазба жүргізеді.
Айдауылданушылардан табылған сақтауға рұқсат етілмеген заттар мен құралдар "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алып қойылады.
Өткір-үшкір және айдауылданатын адамдар айдауылға шабуыл жасау немесе өз-өзіне немесе жан-жағындаларға қандай бір дене жарақатын келтіру үшін пайдалануы мүмкін басқа да заттар алып қойылады және айдауыл бастығына олар тиесілі адамның деректері көрсетіліп, жеке пакетте беріледі. Алып қойылған заттар айдауылданушыларға оларды соңғы пунктке жеткізгеннен кейін қайтарылады.".
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Күдіктілер, айыпталушылар мен сотталғандар ұшақтарда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттері бастықтарының, қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы басшылығының жазбаша рұқсатымен айдауылданады.";
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"59. Айдауылданушыларды теңіз және өзен кемелерінде, жолаушылар поездарының вагондарында тасымалдау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттері, қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органдары бастықтарының жазбаша рұқсатымен осы қатынас жолдарында жоспарлы айдауылдау бағдарлары болмаған немесе айдауылданушыларды межелі орынға өзге тәсілмен жеткізу мүмкін болмаған кезде жүзеге асырылады.";
84, 85-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"84. Айдауылдаудың жоспарлы бағдарларында жаңа алмастыру пункттері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттерінің, қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органдарының ұсынымы бойынша Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының шешімімен ашылады. Алмастыру пунктін жабу қажеттігі туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттері, қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органдары жоспарлы қарауыл жасақталатын айдауылдау бөлінісінің командирін хабардар етеді.
85. Күдіктілер мен айыпталушыларды соттарға айдауылдау осы мекемелерді қызмет көрсетуге қабылдағаннан кейін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттері бастықтарының бұйрықтарының негізінде жүзеге асырылады.";
86-тармақтың оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Сотқа қызмет көрсету техникалық жарақтандыру және айдауыл үй-жайларын, сот отырыстары залдарын және айдауылданатындарды ұстау үшін басқа да сот үй-жайларын жабдықтау сәйкес келмеген кезде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Полиция департаменттерінің, полиция басқармаларының, қалалық, аудандық полиция бөлімдерінің бастамасы бойынша тоқтатылады".
9. "Уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын күдіктілер мен айыптаушыларды күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметті атқаруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 наурыздағы № 166 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15011 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 19 сәуірде электронды түрде жарияланған):
1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
10. "Ішкі істер органдарындағы уақытша ұстау изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 95 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16389 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 23 ақпанда электронды түрде жарияланған):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
6) қорғаушылар уақытша ұстау изоляторларының тергеу кабинеттеріне -қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарлама, адвокаттың куәлігі мен жеке куәлігін көрсеткен кезде;";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Ұстау хаттамалары, күзетпен ұстау туралы қаулылар және басқа да тиісті құжаттар Қазақстан Республикасы ҚПК және "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) талаптарын бұза отырып ресімделген адамды ұстау үшін уақытша ұстау изоляторына қабылданбайды.";
101-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) іске қорғаушы ретінде қатысатын адвокатпен - адвокаттың куәлігі мен қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаны көрсеткен кезде".
Белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамға ықпал ету шараларын қолдану туралы ҚАУЛЫ
20__жылғы "___" ____________ қала (кент)_________________
Мен ____________________________________________________________________________
(лауазымы, атағы, тегі)
________________________________________________________________________________
(ішкі істер органының атауы)
20___жылғы "__"____ұсталған және 20___ "___" бастап қабылдау-тарату орнында ұсталған
Аз._____________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
теріс қылығын қарап,
АНЫҚТАДЫМ:
Аз._____________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
________________________________________________________________________________
(жасалған теріс қылықтың фабуласы)
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Аз.______________________________________________________________________қатысты
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
"Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде,
арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы
Қазақстан Республикасының Заңы 46-5-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген ішкі тәртіп
қағидаларын бұзғаны үшін: мынадай ___________________________________________ ықпал
ету шарасы қолданылсын.
(ескерту, қабылдау-тарату орнының үй-жайларын жинастыру бойынша кезектен тыс нарядқа түсу)
________________________________________
(қаулы шығарған қызметкердің қолы)
Қаулы маған жарияланды ______________________ 20___жылғы "___" ___________________
Уақытша ұстау изоляторын күзету жөніндегі бекеттер табелі
Жасақшаның құрамы, Күзет неден тұрады Негізгі міндеттер
бекеттердің саны мен атауы
Уақытша ұстау изоляторы
бойынша кезекші _________________________________________________________________
Уақытша ұстау изоляторы
бойынша бекет қызметкері_________________________________________________________
Алып шығушы (күдіктілер мен
айыпталушыларды камерадан
шығару, уақытша ұстау изоляторының
шегінде ілесіп жүру тергеу кабинеттерінде
және кездесу бөлмелерінде күзету үшін)______________________________________________
Байланыс:
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың полиция департаменті
бойынша кезекші тел.___шақыру белгісі____________________________
Полиция басқармасы бойынша кезекші тел.______шақыру белгісі ________________
Аудандық полиция бөлімі бойынша кезекші тел.___шақыру белгісі ________________