"Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының қызметін ұйымдастру ережесі бекітілсін.
2. "Әкімшілік жолмен қамауға алынған адамдарды ұстайтын ішкі істер органдарының арнайы қабылдау орындары туралы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 23 шілдедегі № 499 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1963 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (Қ.С. Тыныбеков) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры А.В. Кулиничке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (Қ.С. Тыныбеков) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр милиция генерал-майоры |
Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 232 бұйрығымен бекітілген |
Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының қызметін ұйымдастыру ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Арнайы қабылдау орындарының қызметін ұйымдастыру Ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда адамдарды ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-1-бабына сәйкес әзірленді және ұстау режимін қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органдарының арнайы қабылдау орындары қызметінің тәртібін және оны ұйымдастыруды регламенттейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Арнайы қабылдау орны – әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдауға және ұстауға арналған ішкі істер органдарының арнайы мекемесі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.03.2021 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды арнайы қабылдау орындарына орналастыру оларды қамауға алу туралы судья қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
3-1. Заңды күшіне енген сот үкімінің, шешімінің, қаулысының негізінде мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын, сол сияқты шығарып жіберу туралы сот актісінде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды арнаулы қабылдау орнына орналастыру ішкі істер органдарының жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу туралы сот санкциялаған қаулысы негізінде жүзеге асырылады. Мұндай адамдардың жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу бұл ретте оларды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберуді ұйымдастыру үшін қажетті, бірақ отыз тәуліктен аспайтын мерзімге жол беріледі.
Ескерту. 1-тарау 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 26.03.2021 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Арнайы қабылдау орындарында тәуліктік кезекшілікті қамтамасыз ететін және ұсталатын адамдардың өз еркімен мекемеден тыс жерге кетуін болдырмайтын режим орнатылады.
Арнайы қабылдау орындарында режимді қамтамасыз ету арнайы қабылдау орнының әкімшілігі мен қызметкерлеріне жүктеледі.
5. Арнайы қабылдау орындарында ұсталатын адамдарды күзету бойынша қызмет өткеру үшін нарядқа тағайындалатын қызметкерлерге қару берілмейді. Арнайы қабылдау орынынан қашқан адамды ұстау кезінде "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қару қолданылмайды.
Арнайы қабылдау орнына орналастырылған адамдарға "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күш пен арнайы құралдар қолданылуы мүмкін.
6. Арнайы қабылдау орнының әкімшілігі әкімшілік қамауға алынған адамдармен профилактикалық әңгімелесулер өткізеді, оның барысында қоғамға қарсы мінез-құлықты тоқтату қажеттілігін түсіндіріп, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексімен таныстырады.
7. Әкімшілік қамауға алынған адамдардың арнаулы қабылдау орнына орналастырылғаны немесе олардың тиісті медициналық ұйымдарға жіберілгені туралы арнаулы қабылдау орнының бір тәулік ішінде олардың жақын туыстарына – тұрғылықты жері бойынша, ал шетелдікті орналастырған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы шет мемлекеттің елшілігіне, консулдығына немесе өзге өкілдігіне де хабарлайды.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.03.2021 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Арнайы қабылдау орындарында медицина қызметкерлері оларда ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады.
Емдеу-профилактикалық және санитарлық-эпидемияға қарсы жұмыс мәселелері бойынша арнайы қабылдау орындарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, облыстардың полиция департаменттерінің медицина қызметтері және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.".
Әкімшілік қамауға алынған адамды медициналық ұйымдарға орналастыру туралы арнайы қабылдау орнының әкімшілігі прокурорға және судьяға хабарлайды. Сауыққаннан кейін бұл адамдар, егер судьяның өзге шешімі болмаса әкімшілік қамауға алуды одан әрі өтеу үшін арнайы қабылдау орнына орналастырылады.
Адамды қамауға алуды бақылау арнайы қабылдау орнының бастығына жүктеледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Арнайы қабылдау орындарын пайдалану Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № ҚР ДСМ-52 бұйрығымен бекітілген "Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28525 болып тіркелген) айқындалған санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығымен бекітілген "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентінде белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24045 болып тіркелген) жауап беретін, әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қауіпсіз ұстау үшін жарамды үй-жайлар болған кезде ғана рұқсат етіледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 19.09.2022 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Арнайы қабылдау орындарының қызметі тоқсанға құрастырылатын және полиция органы бастығының жетекшілік ететін орынбасары бекітетін жоспар бойынша құрылады.
Арнайы қабылдау орындарының қызметін ұйымдастыру арнайы қабылдау орнының бастығына жүктеледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Арнайы қабылдау орнының бастығы:
1) бөлініске жүктелген міндеттерді орындауды қамтамасыз етеді және оның қызметін жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды;
2) қарамағындағы қызметкерлер мен жұмысшыларды іріктеу, орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
3) қызметкерлердің қызметтік жұмысын бақылауды жүзеге асырады және арнайы қабылдау орнының қызметінде заңдылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;
4) өзінің қызметкерлері мен арнайы қабылдау орны жұмыскерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді және оларды полиция органының бастығында бекітеді;
5) арнайы қабылдау орнының қызметкерлерімен тәрбие жұмысын, қызметтік, жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастырады және өткізеді;
6) әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды "Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын және сотталғандардың киім нысандары үлгілерін, сондай-ақ Қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамдардың тұрғылықты жеріне немесе жұмысына жету үшін ақысыз жол жүрумен, тамақпен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысымен белгіленген нормаларға бойынша күн сайын үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етеді;
7) әкімшілік қамауға алынған адамдар жаза мерзімін өткерген соң оларды жұмыс, оқу орны бойынша, әлеуметтік қамтамасыз ету органына жіберуді қамтамасыз етеді;
8) қаржыландыру жоспарларын, арнайы қабылдау орнын ұстауға арналған сметаны әзірлейді, оны қажетті құрал-жабдықпен, мүкәммалмен және автокөлікпен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды, үй-жайларды жөндеу және оларда тәртіпті ұстау бойынша шаралар қабылдайды;
9) арнайы қабылдау орнының қызметкерлері мен жұмыскерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша шаралар қабылдайды;
10) арнайы қабылдау орнының үй-жайларындағы санитарлық жағдайды, орналастырылған адамдар мен төсек-орынды санитарлық өңдеуден уақтылы өткізуді бақылауды қамтамасыз етеді;
11) ұсталатын адамдардың хаттары мен өтініштерін, арнайы қабылдау орнының қызметкерлері мен жұмыскерлерінің іс-әрекетіне шағымдарды қабылдайды және белгіленген мерзімде қарайды, тиесілігі бойынша жолдайды;
12) полиция органының басшылығына арнайы қабылдау орнының қызметкерлері мен жұмыскерлерін лауазымға тағайындау, жылжыту және лауазымнан босату, сондай-ақ оларды көтермелеу немесе тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныстар енгізеді, арнайы қабылдау орнының қызметкерлеріне арнаулы атақтар беру туралы ұсынымхаттар жолдайды;
13) материалдық бағалы заттардың сақталуына және арнайы қабылдау орнындағы іс жүргізуге жауап береді;
14) арнайы қабылдау орнының қызметінде құпиялылық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді;
15) арнайы қабылдау орнының қызметкерлері мен жұмыскерлеріне демалыстар береді.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.03.2021 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.12. Арнайы қабылдау орыны бастығының орынбасары әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеп шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды ұстау режиміне бақылауды жүзеге асырады, олардың арасында іздестіріліп жатқан адамдарды анықтау және олар жасаған қылмыстарды ашу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады. Арнайы қабылдау орындарында ұсталатын адамдар арасында жедел-іздестіру жұмысын жүргізу "Жедел-іздестіру қызметі туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Бастық уақытша болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес оның функцияларын орындайды.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.03.2021 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Арнайы қабылдау орны бойынша кезекші арнайы қабылдау орнының бастығына және оның орынбасарына бағынады, олар болмаған кезде арнайы қабылдау орнының жұмысына басшылық етеді.
Кезекші:
1) арнайы қабылдау орнына жеткізілген адамдарды тіркеуді және есепке алуды жүргізеді;
2) оларды жеке тексеруді, суретке түсіруді және дактилоскопиялауды жүргізеді;
3) камералар бойынша бөледі, олардың ішінен камера бойынша кезекшілерді тағайындайды;
4) арнайы қабылдау орнында ұсталатын адамдарға тиесілі заттардың, құжаттардың, ақша мен бағалы заттардың сақталуын қамтамасыз етеді және босаған кезде оларды қайтарады;
5) арнайы қабылдау орнының бастығына немесе оның орынбасарына жеткізілген және орналастырылған барлық адамдар туралы баяндайды;
6) арнайы қабылдау орнында ұсталатын адамдарды медициналық тексеруді, санитарлық өңдеуді уақтылы қамтамасыз етеді, оларды тамақтандыруды және серуендеуге шығаруды ұйымдастырады;
7) арнайы қабылдау орнында ұсталатын адамдардың барлық шағымдары мен өтініштері туралы арнайы қабылдау орнының бастығына уақтылы баяндайды. Шағымдар, ұсыныстар мен хаттар жазу үшін орналастырылған адамдарға жазу құралдарын береді;
8) орналастырылған адамдардың ішкі тәртіп ережесін қатаң сақтауын бақылайды, бекет нарядының қызмет өткеруін ұдайы бақылауды жүзеге асырады, орналастырылған адамдардың денсаулығы нашарлаған жағдайда медицина қызметкеріне хабарлайды, ал ол болмаған жағдайда, жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырады және шұғыл медициналық көмек көрсетеді;
9)сигнализация, байланыс құралдары мен бекет керек-жарақтарының ақаусыз болуын бақылайды;
10) әкімшілік қамауға алынған адамдар босатылған кезде белгіленген үлгідегі анықтамалар береді және олардың құқық бұзушылықтарға жол бермеуіне бағытталған қысқаша профилактикалық әңгімелесу жүргізеді;
11) мынадай құжаттарды: арнайы қабылдау орнында ұсталатын адамдарды есепке алу журналын; наряд қызметтерінің кітабын; телефонограммалар кітабын; кезекшілікті қабылдау және тапсыру кітаптарын; шағымдар мен ұсыныстар кітабын; тексерушілердің ескертулерін жазу журналын; арнайы қабылдау орнының жұмысшылары үйлерінің мекенжайлары мен телефондарының тізімін; елді мекенде орналасқан ішкі істер органы телефондарының тізімін жүргізеді және ақтайды.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.03.2021 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.14. Инспектор:
1) әкімшілік қамауға алынған адамдардың істерін жүргізеді, жазалау мерзімін өткерген соң олардың уақтылы босатылуын бақылайды;
2) мәжбүрлі тәртіппен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың істерін жүргізеді, олардың уақтылы босатылуын бақылайды;
3) толықтыру лимиті үлкен арнайы қабылдау орындарында есептік және алфавиттік картотека жүргізеді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.03.2021 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Бөлімше командирі бөлімше жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады және қарамағындағылардың тәрбиесі мен оқуы, тәртібі, саптық жинақылық пен жинақы сыртқы келбеті үшін жауап береді.
Бөлімше командирі:
1) бөлімшенің полиция қызметкерлерін оқытады және тәрбиелейді;
2) олардан қызметтік парызын адал орындауды, заңдылықты қатаң сақтауды талап етеді;
3) қызметке түсетін полиция қызметкерлеріне нұсқама жүргізеді;
4) бөлімше полиция қызметкерлерінің есебін жүргізеді және күн сайын олардың қызметінің қорытындысын шығарады.
16. Бақылау-өткізу пункті (бұдан әрі – БӨП) бойынша кезекші-полицей арнайы қабылдау орны бойынша кезекшіге және бөлімше командиріне бағынады.
Кезекші-полицей:
1) арнайы қабылдау орнында өткізу режимін жүзеге асырады, әкімшілік қамауға алынған адамдардың, мәжбүрлеп шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдау орнының аумағынан өз бетінше шығуына және бөгде адамдардың кіруіне жол бермейді;
2) босатылған азаматтарды белгіленген үлгідегі анықтамалар бойынша БӨП арқылы өткізеді;
3) БӨП арқылы өтетін көлікті тексереді, арнайы қабылдау орнына тыйым салынған бұйымдарды өткізуге жол бермейді.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 26.03.2021 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды күзету бойынша арнайы қабылдау орнының полицейі арнайы қабылдау орны бойынша кезекшіге және бөлімше командиріне бағынады.
Полицей:
1) Бекетке кезекшілікке түскен кезде арнайы қабылдау орнының үй-жайында ұсталатын әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдап алады;
2) арнайы қабылдау орнының үй-жайында ұсталатын адамдарды қарап тексеруді жүргізеді;
3) ұсталудағы адамдардың мінез-құлқын ұдайы бақылайды, өлтіру, өзін-өзі өлтіру немесе дене жарақаттарын келтіру жағдайларының алдын алуға шаралар қабылдайды;
4) арнайы қабылдау орнына орналастырылған адамдардың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 11 бұйрығымен бекітілген Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының ішкі тәртіп қағидаларын (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 7 ақпанда № 7415 тіркелді) сақтауын қамтамасыз етеді;
5) кезекшімен бірлесіп орналастырылған адамдарды күнделікті сейілдеуге шығарады, оларға ведомості бойынша тамақ береді;
6) күнделікті камералардың жай-күйін, олардың ақаусыздығын тексереді және арнайы қабылдау орнының басшысына байқалған ақаулар туралы баяндайды және оларды жою бойынша шаралар қабылдайды;
7) сигнализация мен байланыстың ақаулығын тексереді;
8) әкімшілік қамауға алынған адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ауырып қалған жағдайда бұл туралы арнайы қабылдау орны бойынша медициналық қызметкерге және кезекшіге хабарлайды.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.03.2021 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Арнайы қабылдау орындарын құру
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
18. Ішкі істер органдарының арнайы қабылдау орындары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің шешімімен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Арнайы қабылдау орындарын қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3-тарау. Арнайы қабылдау орындарының үй-жайлары
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20. Арнайы қабылдау орындарында:
1) ерлер, әйелдер, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін, санитарлық тазалаудан өтпеген жаңадан түскендер, жұқпалы аурулармен ауыратын немесе ерекше медициналық күтім мен бақылауға мұқтаж науқастар үшін жеке камералар;
2) арнайы қабылдау орнының әкімшілігі мен қызметкерлері үшін кабинеттер;
3) электр плитасы, су қайнатқышы, шкафы, ыдыс жууға арналған үш бөліктен тұратын ваннасы (сыйымдылық) бар тамақ жылытуға арналған бөлме;
4) төсек-орын сақтауға арналған бөлме;
5) жеке заттарды сақтауға арналған бөлме;
6) санитарлық өткізгіш, жуынатын бөлмелер, дезинфекциялау камерасы;
7) кір жуатын бөлме, санитарлық тораптар көзделуі тиіс.
Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Арнайы қабылдау орындарының ішкі қоршалған серуендеу алаңдары, болуы керек, олар сәкілермен, урналармен және дәретханалармен жабдықталады.
22. Толықтыру лимиті 50 және одан да көп орындары бар арнайы қабылдау орындарында өткізу режимін қамтамасыз ету үшін бақылау-өткізу бекеттері жабдықталады.