Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 1040 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 20 қаңтарда 12892 болып тіркелді

      «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 10-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің нысандары мен үлгілері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Облыстардың, Алматы және Астана қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары:
      1) ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықты зерделеуін және талаптарын сақтауын қамтамасыз етсін;
      2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.
      4. «Көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 400 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7839 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 622-630 (27701) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З.Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В.Лепеха) жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      полиция генерал-полковнигі                 Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы  
Ішкі істер министрінің  
2015 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1040 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің нысандары мен үлгілері

1. Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының көлік
құралдары үшін «KZ», «AV» және «ADM» арнайы серияларының
мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері

      1.1. 1-үлгі (1-4-суреттер) – Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының көлік құралдары үшін «KZ», «AV» және «ADM» арнайы серияларының алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері

        1-сурет.

        2-сурет.

        3-сурет.

        4-сурет.

2. Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының көлік
құралдары үшін «KZ», «AV» және «ADM» арнайы сериялары
мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің сипаттамасы.

      2.1. Мемлекеттік тудың үлгісі бар «KZ», «AV» және «ADM» арнайы серияларының 1 – үлгісі үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің фоны (негізгі түсі) – ақ; цифрлық және әріптік символдар, «KZ» ерекшелік белгісі – қара түсті.

3. Жеке және заңды тұлғалар көлік құралдарының мемлекеттік
тіркеу нөмірлік белгілері

      3.1. 1-үлгі (5-сурет) – заңды тұлғалар жеңіл автомобильдерінің алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері, заңды тұлғаларға тиесілі жүк автомобильдері мен автобустардың алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері.

        5-сурет.

      3.2. 1А-үлгісі (6-сурет) – жеке тұлғалар жеңіл автомобильдерінің алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері, жеке тұлғаларға тиесілі жүк автомобильдері мен автобустардың алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері.

        6-сурет.

      3.3. 2-үлгі (7-сурет) – заңды тұлғаларға тиесілі жүк автомобильдері мен автобустардың, сондай-ақ бекіту орны 1-үлгідегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің габариттеріне сәйкес келмейтін заңды тұлғалардың жеңіл автомобильдері үшін артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

        7-сурет.

      3.4. 2А-үлгісі (8-сурет) – жеке тұлғаларға тиесілі жүк автомобильдері мен автобустардың, сондай-ақ бекіту орны 1А-үлгісіндегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің габариттеріне сәйкес келмейтін жеке тұлғалардың жеңіл автомобильдері үшін артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

        8-сурет.

      3.5. 3-үлгі (9-сурет) – мотокөлік құралдары (мотоциклдер, мотороллерлер) үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

        9-сурет.

      3.6. 5-үлгі (10-сурет) – көлік құралдарының тіркемелері және жартылай тіркемелері үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

        10-сурет.

      3.7. 7-үлгі (11-сурет) – жол жүрісіне қатысуға уақытша рұқсат берілген көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

        11-сурет.

      3.8. 1С-үлгі (12-сурет) – Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары арнайы және жедел қызметтерінің жеңіл автомобильдері үшін алдыңғы және артқы және жүк автомобильдері мен автобустары үшін алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

        12-сурет.

      3.9. 2С-үлгісі (13-сурет) – бекіту орны 1С-үлгісіндегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің габариттеріне сәйкес келмейтін, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары арнайы және жедел қызметтерінің жеңіл және жүк автомобильдері үшін артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

        13-сурет.

      3.10. 3C-үлгісі (14-сурет) – Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының мотокөлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

        14-сурет.

      3.11. 5C-үлгісі (15-сурет) – Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының көлік құралдарына тіркемелер мен жартылай тіркемелер үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

        15-сурет.

      3.12. «SK» сериясының 1К-үлгісі (16-сурет) – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

        16-сурет.

      Ескертпе: Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінде қолданылатын, Қазақстан Республикасының облыстары мен қалалары цифрлық кодтарының тізбесі осы Нысандар мен үлгілерге қосымшада көрсетілген.

4. Жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдары мемлекеттік
тіркеу нөмірлік белгілерінің сипаттамасы

      4.1. Мемлекеттік тудың үлгісі бар, 1 (1А), 2 (2А), 3 және 5 – үлгілері үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің фоны (негізгі түсі) - ақ түсті, цифрлық және әріптік символдар, «KZ» айыру белгісі - қара түсті.
      4.2. Мемлекеттік тудың үлгісі бар, 1С, 2С, 3С – үлгілері үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің фоны (негізгі түсі) - көк түсті, цифрлық және әріптік символдар, «KZ» айыру белгісі - қара түсті.
      4.3. Мемлекеттік тудың үлгісі бар, «SK» сериясының 1К – үлгісі үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің фоны (негізгі түсі) - көк түсті, цифрлық және әріптік символдар, «KZ» айыру белгісі - қара түсті.

5. Дипломатиялық корпус, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы шетелдік заңды
тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері, шетелдік қатысуы бар
кәсіпорындар көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік
белгілері

      5.1. 1Г-үлгісі (17-сурет) – шет мемлекеттердің делегацияларына ілесіп жүру бойынша хаттамалық іс-шараларға жұмылдырылған автомобильдерге алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

        17-сурет.

      5.2. 1Г-үлгісі (18-сурет) – шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері дипломатиялық және консулдық құрамының, оларға теңестірілген, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде акредиттелген халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметтік және жеке автомобильдеріне «D» сериялы алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

        18-сурет.

      5.3. 2Г-үлгі (19-сурет) – «D» сериясының артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

        19-сурет.

      5.4. 1Г-үлгі (20-сурет) – шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, оларға теңестірілген Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде акредиттелген халықаралық ұйымдардың өкілдіктері әкімшілік-техникалық персоналының қызметтік және жеке автомобильдеріне «Т» сериялы алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

        20-сурет.

      5.5 2Г-үлгі (21-сурет) – «Т» сериясының артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

        21-сурет.

      5.6. 3Г-үлгі (22-сурет) – шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, оларға теңестірілген Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде акредиттелген халықаралық ұйымдардың өкілдіктері дипломатиялық және консулдық құрамының, әкімшілік-техникалық персоналының қызметтік және жеке мотокөлік құралдарына «D» және «Т» сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері.

        22-сурет.

      5.7. 1Д-үлгі (23-сурет) – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде акредиттелген шетелдік мемлекеттер Құрметті консулдарының қызметтік және жеке автомобильдеріне «НС» сериялы алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

        23-сурет.

      5.8. 2Д-үлгі (24-сурет) – «НС» сериясының артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

        24-сурет.

      5.9. 1Д-үлгі (25-сурет) – Қазақстан Республикасындағы шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының және өкілдіктерінің автомобильдеріне «М» сериялы алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

        25-сурет.

      5.10. 2Д-үлгі (26-сурет) – «М» сериясының артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

        26-сурет.

      5.11. 1Д-үлгі (27-сурет) – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың автомобильдеріне «Н» сериялы алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

        27-сурет.

      5.12. 2Д-үлгі (28-сурет) – «Н» сериясының артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

        28-сурет.

      5.13. 1Д-үлгі (29-сурет) – шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың автомобильдеріне «F» сериялы алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

        29-сурет.

      5.14. 2Д-үлгі (30-сурет) – «F» сериялы артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

        30-сурет.

      5.15. 3Д-үлгі (31-сурет) – Қазақстан Республикасында тіркелген, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мотокөлік құралдары үшін «Н» және «F» сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері.

        31-сурет.

      5.16. 3Д-үлгі (32-сурет) – Қазақстан Республикасында тіркелген, шетелдік заңды тұлғалар филиалдары мен өкілдіктерінің қызметтік мотокөлік құралдары үшін «М» сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

        32-сурет.

      5.17. 3Д-үлгі (33-сурет) – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде акредиттелген, шет мемлекеттер құрметті консулдарының жеке мотокөлік құралдары үшін «НС» сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

        33-сурет.

      5.18. 5Г-үлгі (34-сурет) – шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, оларға теңестірілген, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде акредиттелген халықаралық ұйымдардың өкілдіктері дипломатиялық және консулдық құрамының, әкімшілік-техникалық персоналының қызметтік және жеке жеке көлік құралдарына тіркемелер мен жартылай тіркемелер үшін «D» және «Т» сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері.

        34-сурет.

      5.19. 5Д-үлгі (35-сурет) – Қазақстан Республикасында тіркелген, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың көлік құралдарына тіркемелер мен жартылай тіркемелер үшін «Н» және «F» сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері.

        35-сурет.

      5.20. 5Д-үлгі (36-сурет) – Қазақстан Республикасында тіркелген, заңды тұлғалар филиалдары мен өкілдіктерінің көлік құралдарына тіркемелер мен жартылай тіркемелер үшін «М» сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

        36-сурет.

      5.21. 5Д-үлгі (37-сурет) – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде акредиттелген, шет мемлекеттер құрметті консулдарының қызметтік және жеке автомобильдеріне тіркемелер мен жартылай тіркемелер үшін «НС» сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

        37-сурет.

6. Дипломатиялық корпустың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы шетелдік
заңды тұлғалар филиалдары мен өкілдіктерінің, шетелдік қатысуы
бар кәсіпорындардың көлік құралдары мемлекеттік тіркеу нөмірлік
белгілерінің сипаттамасы

      6.1. «D» сериясының 1Г және 2Г, «Т» сериясының 1Г және 2Г, «PROTOCOL» сериясының 1Г, «D» және «Т» серияларының 3 Г, «D» және «Т» серияларының 5Г – үлгілері үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің фоны (негізгі түсі) – қызыл; «KZ» айыру белгісі, цифрлық және әріптік символдар – ақ түсті, жиегі қара түсті, жапсырмадағы цифрлық және әріптік символдар – қара түсті.
      6.2 «НС», «Н», «М» и «F» серияларының 1Д және 2Д үлгілері, «Н», «F», «M» және «НС» серияларының 3Д, «Н» және «F», «М» және «НС» серияларының 5Д – үлгісі үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің фоны (негізгі түсі) – сары, «KZ» айыру белгісі, цифрлық және әріптік символдар, бөлу жолағы, жиектеме сызығы мен жиегі – қара түсті.
      Ескертпе: Осы бұйрық қолданысқа енгізілгенге дейін дайындалған және берілген мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері ҚР СТ 986-2012 «Жол көлігі. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелеріне арналған жарық шағылыстыратын қабаты бар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері және белгілерге арналған дайындамасы» Қазақстан Республикасы ұлттық стандартының (бұдан әрі – Стандарт) талаптарына сәйкес келетін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін қоспағанда, көлік құралдарын тіркегенге дейін жарамды болып табылады.
      Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін жоғалтқан, сондай-ақ ол Стандарттың талаптарына сәйкес келмеген кезде (1 дана не жиынтық) осы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі ауыстыруға жатады.

Мемлекеттік тіркеу нөмірі
белгілерінің нысандары мен
үлгілеріне қосымша  

      Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінде қолданылатын
       Қазақстан Республикасының облыстары мен қалалары
                   цифрлық кодтарының тізбесі

р/с Өңірдің атауы код

1

Астана қаласы

01

2

Алматы қаласы

02

3

Ақмола облысы

03

4

Ақтөбе облысы

04

5

Алматы облысы

05

6

Атырау облысы

06

7

Батыс Қазақстан облысы

07

8

Жамбыл облысы

08

9

Қарағанды облысы

09

10

Қостанай облысы

10

11

Қызылорда облысы

11

12

Маңғыстау облысы

12

13

Оңтүстік Қазақстан облысы

13

14

Павлодар облысы

14

15

Солтүстік Қазақстан облысы

15

16

Шығыс Қазақстан облысы

16

17

Резерв

17, 18, 19, 20