Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелер арасында функциялар мен өкілеттіктерді бөлуді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 370 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 қыркүйекте № 24385 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 27-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес экологиялық бағалау, мемлекеттік экологиялық сараптама объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, оның құрылымдық және аумақтық бөлімшелері арасында бөлу;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, оның құрылымдық және аумақтық бөлімшелері арасында экологиялық рұқсаттар объектілерін бөлу бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау, Энергетика және Экология, геология және табиғи ресурстар министрлерінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
С. Брекешев

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2021 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 370 бұйрығына
1-қосымша

Экологиялық бағалау, мемлекеттік экологиялық сараптама объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, оның құрылымдық және аумақтық бөлімшелері арасында бөлу

      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның экологиялық бағалауына Экологиялық кодекстің 1-қосымшасының 1-бөліміне сәйкес қоршаған ортаға әсерді міндетті түрде бағалауға жататын көзделіп отырған қызмет объектілері, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген трансшекаралық мәнмәтінде көзделіп отырған қызметтің әсерінің скринингі жатады.

      Қалған жағдайларда белгіленген қызмет объектілеріне экологиялық бағалауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жүргізеді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 12.07.2022 № 526 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық сараптамасына:

      1) іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсерлерге әкеп соғуы мүмкін, орталық мемлекеттік органдар әзірлейтін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобалары;

      2) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, оларды функционалдық аймақтарға бөлуді және инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарларын қоса алғанда, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленетін маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарының аумақтарын қысқарту немесе азайту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары;

      3) осы аумақтарды экологиялық зілзала немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарына жатқызуды негіздейтін аумақтарды зерттеу материалдары;

      4) осы жерлерді алып қоюды және босалқы жер құрамына ауыстыруды негіздейтін бұрын ядролық қару сынақтары өткізілген жерді кешенді экологиялық зерттеп-қарау материалдары;

      5) Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға алу шартына № 2 қосымшаға енгізілмеген, "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшырылатын жаңа ұшу трассаларының және тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау аудандарының қоршаған ортаға әсерін бағалау материалдары (Мәскеу, 1994 жылғы 10 желтоқсан) жатады.

      3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік экологиялық сараптамасына:

      1) жергілікті мемлекеттік басқару органдары әзірлейтін, іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсерлерге әкеп соғуы мүмкін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобалары;

      2) функционалдық аймақтарға бөлуді және инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарларын қоса алғанда, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру, жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдардың аумақтарын тарату немесе азайту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары;

      3) табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарларының жобалары;

      4) әскери полигондардың әсеріне ұшыраған, осы жерді босалқы жер құрамына алуды және ауыстыруды негіздейтін жерді кешенді экологиялық зерттеп-қарау материалдары;

      5) шектес мемлекеттердің қоршаған ортасына әсер етуі мүмкін немесе оны жүзеге асыру үшін шектес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалану қажет болатын не осы бөлудің 2-тармағының 5) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған шектес мемлекеттердің, оның ішінде "Байқоңыр" кешені бойынша мүдделерін қозғайтын шаруашылық қызметтің жобалары;

      6) мемлекеттік орман иеленудің және орман орналастырудың орман орналастыру жобалары және (немесе) мемлекеттік орман қорын санаттарға жатқызу, бір санаттан екінші санатқа ауыстыру, сондай-ақ орман пайдалануға тыйым салынатын немесе шектелетін ерекше қорғаныш учаскелерін бөлу үшін арнайы зерттеулер жатады.

  бұйрығына
2-қосымша

Экологиялық рұқсаттар объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, оның құрылымдық және аумақтық бөлімшелері арасында бөлу

      1. Кешенді экологиялық рұқсатты қоршаған ортаға әсерді бағалау міндетті болып табылатын, көзделіп отырған қызмет объектілеріне қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган береді.

      2. I санаттағы объектілер үшін әсер етуге рұқсатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган операторда қалдықтар шығарындыларының, төгінділерінің және көмулерінің көлемі мыналарды құрайтын жағдайларда береді:

      1) жылына 5 000 тонна және одан астам ластаушы заттар шығарындылары;

      2) ластаушы заттардың жылына 25 000 тонна және одан астам төгінділері.

      3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын көму жылына 20 000 000 тонна және одан астам.

      3. Қалған жағдайларда кешенді экологиялық рұқсатты және әсер етуге экологиялық рұқсатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері береді.

  бұйрығына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау, Энергетика және Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 143-Ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5741 болып тіркелген);

      2. "Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу туралы "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 143-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 6 наурыздағы № 63-Ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7502 болып тіркелген);

      3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің "Мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу ережелерін бекіту туралы" 2007 жылғы 28 маусымдағы № 207-Ө және "Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу туралы "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 143-ө бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 268-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8729 болып тіркелген);

      4. "Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу туралы "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 143-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 520 бұйрығы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14635 болып тіркелген);

      5. "Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу туралы "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 143-Ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 146 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18572 болып тіркелген);

      6. "Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу туралы "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 143-Ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 126 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18572 болып тіркелген);

      7. "Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу туралы "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 143-Ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 236 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21291 болып тіркелген).