Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 21.04.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сот-сараптама қызметiмен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 546 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 16780 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 19 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жарияланған) мынадай өзгертулер енгізілсін:
жоғарыдағы көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Сот-сараптама қызметiмен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың:
3, 4 және 5-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) көрсетіледі.
Өтініштердің қабылдануы және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелері "электронды үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал)" арқылы жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 6 (алты) жұмыс күн.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттардың осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес, зақымданған және (немесе) мерзімі өткен жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша дәлелді бас тарту береді.".
5. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
8 және 9 тармақтар келесі редакцияда жазылсын:
8. Жұмыс кестесi:
1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады;
2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.
9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қоса тіркелген 1 қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын санамағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электронды көшірмесі;
3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қоса тіркелген 2 қосымшаға сәйкес қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;
4) қызмет көрсетушіге ұсынардан бір ай бұрын көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша, Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтер көрсетіле отырып, наркологиялық және психиатриялық ұйымдардан берілген анықтамалардың электронды көшірмелері;
5) еңбек өтілін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
6) жоғары білім туралы дипломның электронды көшірмесі, дипломға қоса берілген қосымшаның электронды көшірмесі.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ақпарат расталған жағдайда 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
Лицензияны қайта ресімдеу көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (егер болса) өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы қайта ресімдеу туралы өтінішті жеке куәлігін ауыстырған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде тапсырады.
Портал арқылы лицензияны қайта ресімдеу үшін, көрсетілетін қызметті алушылар мына құжаттарды ұсынады:
1) ЭСҚ қол қойылған электронды құжат нысанындағы сұрау салу;
2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын санамағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электронды көшірмесі;
3) тегінің, атының және әкесінің аты (егер болса) ауыстырылғанын растайтын құжаттың электронды көшірмесі (ақпараттық жүйеде мәлімет болмаған жағдайда);
4) қызмет көрсетушіге ұсынардан бір ай бұрын көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша, Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтер көрсетіле отырып, наркологиялық және психиатриялық ұйымдардан берілген анықтамалардың электронды көшірмелері.
Қызмет көрсетуші жеке басын куәландыратын құжат туралы, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, лицензия туралы мәліметтерді "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.".
13-тармақ алынып тасталсын.
2. Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде ресми түрде жариялау үшін және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін, осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
М. Бекетаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ақапарт және коммуникациялар министрлігі
"__" ___________ 2018 жыл