Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.04.2026 № 404 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.04.2026 № 404 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидасы бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.04.2026 № 404 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 30.04.2026 № 404 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Әділет министрі | М. Бекетаев |
| Әділет министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 5 бұйырығына 1-қосымша |
"Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.04.2026 № 404 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес және "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленіп, "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға арналған лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – Портал)– мемлекеттік органдар және мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, нормативтік құқықтық базағаны қоса алғанда, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
2) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін ақылы қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процесін автоматтандыратын цифрлықжүйе;
3) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 31.08.2026 № 862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға арналған лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада баяндалған.
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Портал арқылы осы Қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес Тізбенің 10-тармағында көрсетілген лицензия алу үшін құжаттарды ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жібереді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 6 (алты) жұмыс күні, лицензияға қосымша беру – 6 (алты) жұмыс күні, қайта ресімдеу – көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз жұмыс күні ішінде 20 (жиырма) минут, тоқтата тұру – 2 (екі) жұмыс күні.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2026 № 862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш бергеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті порталда тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды қабылдау туралы хабарлама алады, Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтініштің орындаушысын анықтайды. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
7. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының лицензия беру үшін ұсынған құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екені туралы, ақы төленгені туралы мәліметтерді, наркологиялық науқастарды (динамикалық байқау туралы (не динамикалық байқаудың болмауы туралы) мәліметтерді, психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар науқастарды динамикалық байқау туралы (не динамикалық байқаудың болмауы туралы) мәліметтерді, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілген қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы толық емес ұсынылған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін 2 (екі) жұмыс күніне тоқтата тұрады және көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік қызметті алуға көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензия алу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы 4 (төрт) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және лицензия беру туралы бұйрықты не уәжді бас тартуды дайындап, уәкілетті адамға қол қоюға жібереді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2026 № 862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Көрсетілетін қызметті алушының лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініші көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат ауыстырылған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес Портал арқылы ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) ауыстыру туралы мәліметтерді "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасынан алады.
Тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) ауыстыру туралы мәліметтер болмаған жағдайда электрондық өтінішті қалыптастыру процесі аяқталады.
Портал көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Порталдың көліктік қолтаңбасы арқылы көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз жұмыс күнінде 20 (жиырма) минут ішінде толық автоматты түрде өңдейді және қалыптастырады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Порталдың көліктік қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 31.08.2026 № 862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының лицензияға қосымша беру үшін ұсынған құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екені туралы, ақы төленгені туралы мәліметтерді, наркологиялық науқастарды (динамикалық байқау туралы (не динамикалық байқаудың болмауы туралы) мәліметтерді, психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар науқастарды динамикалық байқау туралы (не динамикалық байқаудың болмауы туралы) мәліметтерді, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілген қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы толық емес ұсынылған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін 2 (екі) жұмыс күніне тоқтата тұрады және көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік қызметті алуға көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензия алу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы 4 (төрт) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және лицензия беру туралы бұйрықты не уәжді бас тартуды дайындап, уәкілетті адамға қол қоюға жібереді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2026 № 862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында сақталады және жіберіледі.
11. Цифрлық жүйе істен шыққан, электрондық байланыс болмаған немесе хабарламаларды жіберуге кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар туындаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті бөлімшесі "цифрлық үкімет" операторын (бұдан әрі – оператор) дереу хабардар етеді, оператор техникалық іркілістердің туындағаны анықталған сәттен бастап көрсетілген себептерді анықтау және жою жөнінде шаралар қабылдайды (жұмыс күндері сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін). Егер мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын келіп түссе, мерзім келесі жұмыс күнінен басталады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2026 № 862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне олардың көрсетілу кезеңдері туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет портал арқылы көрсетілген кезде оның көрсетілу сатысы туралы деректер автоматты режимде түседі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
14. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
16. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
| "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот- психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2026 № 862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса) | Сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензия беру, сот-медициналық қызметпен айналысуға лицензия беру, сот-наркологиялық қызметпен айналысуға лицензия беру, сот-психиатриялық қызметпен айналысуға лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға арналған лицензияға қосымша беру |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | www.egov.kz, www.elicense.kz "цифрлық үкіметтің" веб-порталы. |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі |
беру – 6 (алты) жұмыс күні; |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны |
лицензия беру – электрондық (ішінара цифрландырылған); |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру/қайта ресімдеу не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту. |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия бергені, лицензия қайта ресімдегені үшін жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым алынады, ол Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 616-бабына сәйкес мынадай: |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 12:00-ден 13:30-ға дейін; |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
1. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін: |
11 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) осы санаттағы жеке тұлғалар үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынуы; |
12 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
1) көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігіне ие; |
| "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық араптамалармен айналысуға арналған лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 2-қосымша |
Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініші
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.04.2026 № 404 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
____________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
___________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)
жүргізуге лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді
сұраймын__________________________________________________________
(қызмет түрінің және (немесе) қызметің кіші түрін толық атауын көрсету)
Жеке тұлғаның тұрғылықты
мекенжайы:________________________________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта____________________________
Телефондары____________________________________
Қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы:___________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
нөмірі (стационарлық үй-жай) нөмірі)
_____ парақ қоса беріледі.
Осымен расталады, бұл:
көрсетілген барлық деректер ресми байланыс болып табылады және оларға лицензияны және (несесе) лицензияға қосымшаны беру немесе бермеуден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болады; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайды; қоса беріліп отырған барлық құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады;
өтініш беруші лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалған құпияны;
Жеке тұлға_______________________________
(Қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Толтырылған күні: 20___ жылғы "____" _____
| "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық араптамалармен айналысуға арналған лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 3-қосымша |
Ескерту. Қағида 2-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Әділет министрінің 31.08.2021 № 754 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.04.2026 № 404 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Сот-сараптама қызметін, оның ішінде сот-медициналық, сот- психиатриялық және
сот-наркологиялық сараптама саласындағы қызметті жүргізуге қойылатын талаптарға
сәйкестіктігін растайтын мәліметтер нысаны
_______________________________________________________ жеке тұлғаның тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі:
___________________________
(мен ұсынылған деректердің дұрыстығына дербес жауап беремін) барлық тұлғалар
үшін толтырылады.
1. Сот сараптамаларының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігінің
болуы:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі берген біліктілік куәлігінің/ біліктілік
куәлігіне қосымшаның нөмірі_______________________________
Біліктілік куәлігінің / біліктілік куәлігінің қосымшасының берілген күні
__________________________________
Сарапшы мамандығы (біліктілік куәлігі)______________________________
2. Диплом және қосымша туралы мәліметтер: жоғары оқу орнының атауы
________________________ мамандық атауы ___________________________
мамандығының шифры _____________________________________________
дипломның және оған қосымшаның нөмірі
__________________________ диплом және оған қосымшаның берілген күні
___________________________________ дипломды тану/нострификация туралы
куәліктің берілген күні _____________________________________________
дипломды тану/нострификациялау туралы куәліктің нөмірі
____________________________________________
(6, 7-тармақтар шетелдік білім беру ұйымдары берген дипломдар үшін толтырылады)
3. Жоғары білімі туралы дипломда көрсетілген мамандық бойынша жұмыс өтілінің
немесе сараптама қызметінің мәлімделген түрі бойынша сот сараптамасы
органдарындағы жұмыс өтілінің кемінде үш жыл болуы туралы мәліметтер: жұмыс
кезеңі ________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________ лауазымы, ұйымы, бөлімше
_____________________________________________________________________
ұйымның орналасқан жері _____________________________ бұйрықтың нөмірі
_____________________ еңбек өтілі ____________________________________;
| "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға арналған лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 4-қосымша |
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.04.2026 № 404 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЛИЦЕНЗИЯ
"___" ___________ 20 ___ жыл | № _____________ |
Берілді |
_____________________________________________ |
қызметіне |
_____________________________________________ |
Ерекше шарттар |
_____________________________________________ |
Ескертпе: |
_____________________________________________ |
Лицензиар |
_____________________________________________ |
Басшы _________________________ (уәкілетті тұлға)
Лицензияның қолданылу мерзімі: ____ж. "___" _______________
Берілген орны______________________________".
ЛИЦЕНЗИЯҒА ҚОСЫМША Лицензия нөмірі ___________ Лицензияның берілген күні 20___ жылғы "___" _________ Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі (түрлері): _________________________________________________________________ ("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрінің атауы)
Лицензиат |
_______________________________________________ |
Өндірістік база |
_______________________________________________ |
лицензия қолданылуының ерекше шарттары |
_______________________________________________ |
Лицензиар |
_______________________________________________ |
Басшы__________________________________________ (уәкілетті тұлға)
Қосымшаның нөмірі____________
Лицензияның қолданылу мерзімі:______ ж."____" ___________
Қосымшаның берілген күні: ______ ж. "____" ___________
Берілген орны___________________________________
| "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот- психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 5-қосымша |
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы ХАБАРЛАМА
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2026 № 862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
________________________________________
20__ жылғы "__" ________ № ____
Құрметті ____________________________!
Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға берген өтінішіңіз
"__________________________________________________________"
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)
20__ жылғы "__" ________ № ________ болып тіркелген өтінішіңіз қаралды.
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрды.
Тоқтата тұру негізі
(қажеттісін белгілеңіз):
☐ азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) не заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған жағдайда, егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтары құқық мирасқорлығына жол беретін болса;
☐ азамат Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылуы;
☐ мемлекеттік органдар, сот қарайтын мәселелер шешілгенге дейін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету мүмкін болмауы;
☐ көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктердің анықталуы, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеуі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасының толық ұсынылмауы.
Тоқтата тұру себебі
(көрсетілетін қызметті беруші толтырады):
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Тоқтата тұру себептерін жою мерзімі: 20__ жылғы "__" ________ дейін.
Тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылмаған жағдайда, өтініш қарауға қабылданбаған болып есептеледі.
Көрсетілетін қызметті беруші: ____________________________
Лауазымы: ____________________________________________
Т.А.Ә. (бар болса): _____________________________________
Қолы: ___________
М.О. (бар болса)
| "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот- психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 6-қосымша |
Уәжді бас тарту
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2026 № 862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Сіздің (өтінім берілген күн) жылғы № (өтінім нөмірі) өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды.
Бас тарту себебі
[Қол қоюшының лауазымы] [қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)]
| "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот- психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 7-қосымша |
Жеке тұлғаның лицензияны қайта ресімдеуге арналған өтініші
Ескерту. Қағидалар 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 31.08.2026 № 862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Кімге _________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
кімнен _____________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)
Тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) өзгеруіне байланысты
20____ жылғы ______________ № _____________
____________________________________________________________________
(лицензияның нөмірі, берілген күні, лицензияны берген лицензиардың атауы)
сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны қайта ресімдеуді сұраймын.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Жеке тұлға _______________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" _____ .
| Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 5 бұйрығына 2 қосымша |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 546 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16780 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
2. "Сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 546 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 1538 бұйрығы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17788 болып тіркелген, 2018 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3. "Сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 890 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17061 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
4. "Сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 890 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1616 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18016 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіндежарияланған).