"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясының төрағасы |
А. Аксаутова |
Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы |
А. Досжанов |
КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай ауданы әкімдігінің
"Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________________ В. Панин
Қостанай ауданы әкімдігінің
"Экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ З. Кенжегарина
Мәслихаттың 2015 жылғы 24 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген |
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың қағидалары
1. Жалпы ережелер1. Осы Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (бұдан әрi - Үлгілік қағидалар) сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртiбiн белгiлейдi.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) арнайы комиссия - келісімшарт негізінде әлеуметтік көмекті қоспағанда өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
2) атаулы күндер - жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
3) әлеуметтік бейімдеу - жеке қажеттілігіне байланысты "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен көзделген әлеуметтік қолдаудың өзге де шаралары;
4) әлеуметтік келісімшарт - жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысатын және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
5) ең төменгі күнкөрiс деңгейi - облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтiн мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;
6) келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек - отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем;
7) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
8) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
9) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты - келісімшарт негізінде әлеуметтік көмекті тағайындау үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
10) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі - жеке жоспар) - уәкілетті орган өтініш берушімен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралар кешені;
11) өмiрлiк қиын жағдай - азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;
12) уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы атқарушы органы;
13) уәкiлеттi ұйым - "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қостанай аудандық бөлімшесі;
14) учаскелiк комиссия - әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
15) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
4. 9 мамыр - Жеңiс күнi мереке күнi болып табылады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар
санаттарының тізбесі және әлеуметтік
көмектің мөлшерлерін белгілеу
5. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және адамның (отбасы мүшелерінің) өтініші бойынша ай сайын немесе үш ай үшін бір мезгілде төленетін келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті қоспағанда, әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
Бұл ретте келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмектің біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға арналған шығындардан басқа, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және т.б. сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолданылуға тиіс.
6. Ай сайынғы әлеуметтiк көмек табыстарын есептемегенде:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектеріне, тұрмыстық қажеттіліктеріне, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде;
2) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға, жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнінде соғыс қатысушыларына теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарына, тұрмыстық қажеттiлiктеріне, 3 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде көрсетiледi.
7. Біржолғы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған келесі азаматтарға, сондай-ақ мереке күніне азаматтардың жекелеген санаттарына:
1) барлық санаттағы мүгедектерге, жедел емделуге табыстарын есепке алмай, 50 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
2) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын адамдарға, қосымша тамақтануға, табыстарын есепке алмай, 15 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
3) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдердің түрлерін алушылар, білім беру гранттарының иелері болып табылатын адамдарды есептемегенде, өтініш жасаудың алдындағы соңғы он екі айда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен (бұдан әрі - ең төменгі күнкөріс деңгейі) төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, сондай-ақ табыстарын есепке алмай, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуын жалғастыратын халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастардың, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты шығындарды өтеу үшін, оқу жылы ішінде екі бөлікпен аударылатын 400 айлық есептік көрсеткіштен көп емес мөлшерде;
4) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың адамдарына, қайтыс болған күні уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген, қайтыс болған туыстарын, жұбайларын жерлеуге, сондай-ақ табысы аз отбасылардың тұлғаларына, кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде;
5) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасыларға, тұрмыстық қажеттіліктеріне, 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде;
6) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына), табыстарын есепке алмай, 30 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысындағы Жеңiс күнiне орай, 150 000 теңге мөлшерде;
8) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға, жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнінен соғыс қатысушыларына теңестiрiлген адамдардың басқа санаттарына, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс (қызмет) iстеген және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға, Ұлы Отан соғысындағы Жеңiс күнiне орай, 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде көрсетiледi.
8. Азаматтарды өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшiн мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздемелер;
2) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне зиян келтiру не әлеуметтiк мәнi бар аурулардың болуы;
3) жергілікті өкілді органдар ең төменгі күнкөрiс деңгейiне еселiк қатынаста белгiлейтiн шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
4) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайыздан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы (келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті алушылар үшін) негіздеме болып табылады.
9. Жан басына шаққандағы орташа табыстың шегi Қостанай облысы бойынша белгiленген бiр еселiк ең төменгi күнкөрiс деңгейi мөлшерiнде.
10. Осы Қағидалардың 8-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген негiздеме бойынша өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек еңбекке қабілетті адамдардың (отбасы мүшелерінің) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларына және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, адамдардың (отбасы мүшелерінің) әлеуметтік бейімделуден өтуге қатысуы шарттарында отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты жасалған кезде, жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын адамдарға (отбасы мүшелеріне) беріледі.
11. Табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетiлген жағдайлар туындаған күнінен бастап үш айдан кешiктiрiлмей көрсетiледi.
12. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн, келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті қоспағанда, арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.
13. Әрбір адамға (отбасы мүшесіне) арналған келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмектің мөлшері адамның (отбасы мүшелерінің) жан басына шаққандағы табысы мен Қостанай облысында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмектің мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.
3. Әлеуметтік
көмек көрсету тәртібі
14. Мереке күнiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергiлiктi атқарушы органмен бекiтілген тiзiм бойынша көрсетiледi.
15. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген адамдар ай сайынғы әлеуметтiк көмектi алу үшiн өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты;
3) әлеуметтiк мәртебесін растайтын құжатты ұсынады.
16. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтiң әкiмiне өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты;
3) Үлгiлiк қағидалардағы 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтердi;
4) осы Қағидалардың 7-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетiлген адамдарның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәлiметтердi;
5) келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті қоспағанда, өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатты;
6) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтерді;
7) отбасы мүшесіне (қажет болған кезде) қамқоршылықтың (қорғаншылықтың) белгіленгенін растайтын құжатты ұсынады.
Осы тармақтың 6), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар тек қана келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті алушылар үшін ұсынылады.
17. Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
Осы Қағидалардың 16-тармағының 3), 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар түпнұсқаларда ұсынылады.
18. Адамға (отбасы мүшелері) келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек үшін өтініш жасаған кезде уәкілетті орган, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі консультация беру деңгейінде оны көрсету шарттарын түсіндіреді және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасасуға келісім берген жағдайда, адаммен (отбасы мүшелерімен) әңгімелесу өткізеді, оның барысында адамның (отбасы мүшелерінің) проблемалары туралы, өмiрлiк қиын жағдайдан шығу мүмкіндіктері туралы ақпаратты нақтылайды, сондай-ақ:
1) үміткердің келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті алуға құқығын;
2) отбасы мүшелеріне олардың жеке қажеттіліктерін есепке алып, көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлерін;
3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын алдын ала айқындайды.
Әңгімелесу нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес әңгімелесу парағы ресімделеді және өтініш берушінің отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толтырады, содан кейін өтініш беріледі.
19. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.
20. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша Үлгiлiк қағидалардың 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiне жiбередi.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.
21. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетіспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
22. Өтiнiш берушiнің қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
23. Уәкiлеттi орган:
1) учаскелiк комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық топтамасын арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
2) келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті көрсету кезінде учаскелiк комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасы мүшелерінің) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қабылдайды.
24. Келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек көрсетуге үміткерлер адамның (отбасы мүшелерінің) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмекті тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3 айда отбасының алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
Жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 тамызда № 5757 тіркелген) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесіне сәйкес есептеледі.
25. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.
26. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Осы Қағидалардың 20 және 21-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
27. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда - негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
28. Белгiленген негiздемелердiң бiреуi бойынша әлеуметтiк көмек күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде қайта көрсетiлмейдi.
29. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;
2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
30. Келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) учаскелік комиссияның әлеуметтік көмекті көрсетуге қажеттіліктің болмауы туралы қорытындының болуы;
2) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан артуы;
3) табысы аз адамдар қатарынан өз бетінше жұмыспен айналысатындар, жұмыссыздар, еңбекке қабілетті жастағы адамдар санаттарына жатқызылған отбасының еңбекке қабілетті бір немесе бірнеше мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларына қатысудан бас тартқан;
4) отбасының құрамында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға еңбекке қабілетті үміткерлер болмаған жағдайларда жүзеге асырылады.
31. Әлеуметтік көмек төлеу уәкілетті органмен екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмекті алушының банктік шотына ақшалай қаражаттарды аудару арқылы жүзеге асырылады.
32. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Қостанай ауданының бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
4. Отбасының белсенділігін арттырудың
әлеуметтік келісімшартын жасау
33. Келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекке құқығы айқындалғаннан кейін уәкілетті орган өтініш беруші және (немесе) оның отбасы мүшелерін отбасыға көмектің жеке жоспарды дайындау үшін және осы Қағидалардың 4 және 5-қосымшаларына сәйкес отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау үшін шақырады.
Бұл ретте осы Қағидалардың 35-тармағында көзделген жағдайларды және 1, 2-топ мүгедектерін, оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және күндізгі оқу нысанындағы магистранттарды қоспағанда, өз бетінше жұмыспен айналысатындар, жұмыссыздар қатарынан үміткерлер бір жұмыс күні ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу үшін жұмыспен қамту орталығына жіберіледі немесе "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларына жолдамаларын ұсынады.
34. Жеке жоспарда табысы аз азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру үшін отбасының (азаматтың) кәсіптік және әлеуметтік бейімделу бойынша болжамды шаралар көрсетіледі, атап айтқанда:
1) уәкілетті органның және (немесе) Жұмыспен қамту орталығының жәрдемдесуімен белсенді жұмыс іздеу және оларға ұсынылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру;
2) кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілікті арттырудан өту;
3) жеке кәсіпкерлік қызметті іске асыру, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу;
4) халықтың нысаналы топтары мезгілді скринингтік тексеруден өту;
5) отбасы құрамында жүкті әйел болған кезде акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін, денсаулық сақтау мекемелеріне жүктіліктің 12 аптасына дейін медициналық тіркеуге тұру және жүктіліктің барлық кезеңінде бақылауда болу;
6) әлеуметтік мәні бар ауруы (маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез) бар болған кезде ерікті түрде емделу;
7) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және (немесе) мүгедектерді оңалту шараларын уақытылы алу;
8) табысы аз отбасының (азаматтың) жеке қажеттілігіне байланысты уәкілетті органның қарауы бойынша айқындалған, кәсіби және әлеуметтік бейімделу бойынша басқа да шаралар.
35. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу:
стационарлық, амбулаторлық емделу (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттар ұсынған кезде);
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын негізгі үміткерден (үміткерлерден) басқа, адамдардың үш жасқа дейінгі балаға, он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, сексен жастан асқан қарттарға күтім жасауды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін міндетті шарт болып табылады.
36. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай тағы алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған жағдайда, келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек мөлшері қайта қаралмайды.
37. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге тіркеу журналына қол қойғызып беріледі, екіншісі - отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасаған уәкілетті органда сақталады.
38. Уәкілетті орган барлық кезеңдерде отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын сүйемелдеуді және жеке жоспардың орындалуын жүзеге асырады.
5. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті
тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
39. Әлеуметтiк көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;
4) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
40. Келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек:
1) әлеуметтік көмекті алушымен отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамауы;
2) жалған мәліметтер беруіне байланысты отбасының белсенділігін арттыру әлеуметтік келісімшартының бұзылуы;
3) алушының банктiк шоты бойынша үш айдан астам қозғалыстардың болмауы;
4) әлеуметтік көмек алушылардың тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұруға кету фактісі туралы мәліметтердің анықталуы;
5) қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған адамдар туралы мәліметтердің, оның ішінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорына келіп түсуі;
6) жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімінің өтіп кетуі;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы ұсынатын хабарсыз кеткен, іздеуде жүрген адамдар фактісінің, оның ішінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорынан анықталуы;
8) қамқоршылықтан (қорғаншылықтан) босатылған және шеттетілген адамдар туралы мәліметтердің түсуі жағдайларда тоқтатылады.
Келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
41. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
6. Қорытынды ереже
42. Әлеуметтік көмек көрсету, оның ішінде келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек, мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" және "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінің деректер қорын пайдалана отырып жүргізеді.
Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларына 1-қосымша |
Жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы
туралы мәліметтер (табыстарды есептеу үшін)
Жеке қосалқы шаруашылық объектісі | Өлшем бірлігі | Саны | Жасы (үй малы, құс үшін) |
Саяжай | | | |
Бақша | | | |
Жер учаскесі, оның ішінде үй іргесіндегі жер учаскесі | | | |
Шартты жер үлесі | | | |
Мүліктік пай (берілген жылы) | | | |
Үй малы, құс: | | | |
ірі қара мал: сиыр, бұқа | | | |
жылқы: бие, айғыр | | | |
түйе, інген | | | |
қой, ешкі | | | |
тауық, үйрек, қаз | | | |
шошқа | | | |
Кент, ауыл, ауылдық округ немесе
жеке қосалқы шаруашылықтың көлемі
туралы мәліметтерді растауға
уәкілетті органның өзге де
лауазымды адамының Т.А.Ә.
__________________ _______________
(тегі) (қолы)
Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларына 2-қосымша |
Келісімшарт негізінде әлеуметтік
көмек көрсету үшін әңгімелесу парағы
Өтініш берушінің Т.А.Ә._________________________________________________________
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының Т.А.Ә.
_________________________________________________________
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты шартты ақшалай көмек алуға жүгінген күн
_________________________________________________________
Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) сипаттамасы:
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
Отбасының жұмыс істемейтін ересек мүшелерінің еңбек қызметі (жұмыс орны, лауазымы, жұмыстан шығу себептері):
Отбасы мүшелері | Кәсібі | Соңғы жұмыс орны, жұмыстан шығу себептері | Жалпы жұмыс өтілі | Соңғы жұмыс орнындағы жұмыс өтілі | Еңбек дағды- лары мен шебер- лігі | Жұмыс- сыздық кезе- ңінің ұзақ- тығы |
Өтініш беруші | | | | | | |
Зайыбы (жұбайы) | | | | | | |
Басқа ересектер | | | | | | |
Өтініш беруші: _________________________________________
Зайыбы (жұбайы): _______________________________________
Отбасының басқа да ересек мүшелері: ____________________
Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас _______________
________________________________________________________
________________________________________________________
Отбасындағы қиындықтар _________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Отбасының мүмкіндіктері (әлеуеті) - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының бағасы __________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Түйінді мәселелер, алаңдаушылық (бүгінгі күннің қиындықтары), не кедергі келтіреді ______________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) қалауы ____________
________________________________________________________
________________________________________________________
Басқа __________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Тараптардың қолы
Жұмыспен қамту және Өтініш беруші
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі
_________________ (қолы) _________________ (қолы)
_________________ (күні) _________________ (күні)
Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларына 3-қосымша |
Келісімшарт негізінде әлеуметтік
көмекке өтініш берушінің отбасылық және
материалдық жағдайы туралы сауалнама
Бір мекенжай бойынша тіркелген өтініш беруші мен отбасы мүшелері туралы мәліметтер: | |||||
Т.А.Ә. | Туған күні | Туыстық қатынасы | Негізгі қызметі (жұмыс істеуші, жұмыс істейтін зейнеткер, жасына байланысты зейнеткер, мүгедек, жұмыссыз, бала күтімі бойынша демалыста, үй шаруасындағы әйел, студент, оқушы, мектеп жасына дейінгі бала) | Жұмыс істейтін адамдар үшін жұмыс орны және лауазымы, оқушылар үшін қазіргі уақыттағы оқу орны | 15 жастан асқан адамдар үшін білімі (растайтын құжаты бар білімі) |
| | Өтініш беруші | | | |
| | | | | |
| | | | | |
Басқа мекенжай бойынша тіркелген отбасы мүшелері туралы мәліметтер (зайыбы/жұбайы, кәмелеттік жасқа толмаған балалары) | |||||
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
Мектеп жасына дейінгі балалар мектепке дейінгі ұйымға бара
_________________________________________________________
_________________________________________________________
Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек алуға өтініш берген айдың алдындағы 3 айдағы табыстары туралы мәліметтер (табыстың барынша дәл санын жазыңыз). Ақпараттық жүйелерден алынған деректер шартты ақшалай көмек сомасын есептеу үшін негіз болып табылады. |
№ | Өтініш беруші- нің және отбасы мүшеле- рінің Т.А.Ә. | Жұмыс, оқу орны (жұмыс- сыз адам тіркеу фактісін жұмыспен қамту мәселе- лері жөнін- дегі уәкілет- ті органның анықта- масы негізі- нде раста- йды) | Құжаттармен расталған табыс сомасы | Өзге де мәлімделген табыстар | ||||
еңбек қызметі- нен түскен табыс- тар | зейнет- ақылар, жәрде- мақылар | кәсіп- керлік қызмет- тен түскен табыс- тар | стипе- ндия | али- мент | өзге де табы- стар | |||
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
* Отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы:
тұрғын алаңы: ____ шаршы метр; меншік нысаны: ____________;
ас үй, қойма және дәлізді есептемегенде бөлмелер саны ____;
тұрғын үйдің сапасы (қалыпты жағдайда, ескі, авариялық жағдайда, жөнделмеген);
қажеттінің астын сызу
үйдің материалы (кірпіш, ағаш, қаңқа-қамыстан жасалған, саман, іргетасы жоқ саман, қол астындағы материалдардан салынған, уақытша баспана, киіз үй);
қажеттінің астын сызу
тұрғын үйдің жағдайын жасау (су құбыры, дәретхана, кәріз, жылу, газ, жуынатын бөлме, лифт, телефон және т.б.) _________________
қажеттінің астын сызу
Менің отбасымның мүшелеріне меншік құқығында тиесілі жылжымайтын мүлік пен мүлік, жер учаскесін, шаруа қожалығын, жеке қосалқы шаруашылықты иеленуі туралы мәліметтер:
Мүліктің түрі | Мүліктің сипаттамасы (саны, көлемі, үлгісі және т.б.) | Тиесілігі |
| | |
| | |
Отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы, мүгедектіктің, аурулардың болуы (тексеруден қашан және қайдан өтті, қандай ем қабылдайды, диспансерлік есепте тұра ма), соңғы жылдары болған операциялар немесе жарақаттар:
_________________________________________________________
_________________________________________________________
өтініш беруші ___________________________________________
зайыбы (жұбайы) _________________________________________
балалар _________________________________________________
басқа да туысқандар _____________________________________
16 жасқа дейінгі мүгедек бала (16 жасқа дейінгі мүгедек балалар) алатын арнаулы әлеуметтік қызметтер:
_________________________________________________________
_________________________________________________________
Сіздің отбасының материалдық жағдайына беретін бағаңыз:
тамақтануға да жетпейді
тамақтануға ғана жетеді
тамақтануға және бірінші қажеттіліктегі заттарға ғана жетеді
балаларды киіммен, аяқ киіммен және мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ
Өмірдегі қиын жағдайдан шығу бойынша болжамдалған қызметтің бағыттары (өтініш берушінің пікірі)
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
Сіз жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қандай белсенді шараларына қатыса аласыз:
бос тұрған жұмыс орындарына жұмысқа орналасу;
іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың шеңберінде жұмыс орындарына орналасу;
микрокредит беру;
кәсіптік оқу (даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру);
әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу;
"Жастар практикасына" қатысу;
әлеуметтік-экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық даму орталықтарына қоныс аударуға қатысу.
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
______________ ________________ __________________
(күні) (Т.А.Ә.) (қолы)
Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларына 4-қосымша |
Отбасыға
көмектің жеке жоспары
Уәкілетті орган __________________________________________Көмекті алушы: ___________________________________________
__________________________________________________________
(Т.А.Ә. (болған кезде), тұратын мекенжайы)
Келісімшарттың қолданылуы басталған күн: _________________
Келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған күн: _______________
Қажетті іс-әрекеттер: ____________________________________
__________________________________________________________
1. Отбасын өмірлік қиын жағдайдан шығаруға арналған көмектің 20___ жыл _________ (айын көрсету) іс-шаралар жоспары және сол бойынша 20___ жыл _________ (айын көрсету) есептілікті ұсыну.
№ | Т.А.Ә. (болған кезде) | Іс-шара- лар | Орын- далу мерзі- мі | Жауапты маман | Көмекті, қызметті ұсынатын орган (мекеме) | Күнін көрсете отырып, орындалуы туралы белгі | Нәтижесі (бағалау) |
1 | | | | | | | |
2 | | | | | | | |
3 | | | | | | | |
Жүргізілген іс-шаралар бойынша келісімшартты сүйемелдеуді жүзеге асыратын әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттың түпкілікті қорытындысы:
_________________________________________________________
_________________________________________________________
Қажетті өзара іс-әрекеттер:
- жұмыспен қамту органымен ________________________
- денсаулық сақтау органымен ______________________
- басқа да байланыстар ____________________________
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі
консультанттың қолы: __________________ Күні: ___________
(кезеңдер саны отбасындағы нақты жағдайлар мен
бейімдеу бағдарламасына байланысты)
Берілетін көмектің түрлері:
Ай сайынғы жәрдемақы | Біржолғы төлем | Жергілікті бюджеттің есебінен іске асырылатын өзге де көмек түрлері |
| | |
| | |
Біржолғы төлем кезінде:
Шығын сметасы:
Сатып алынған техниканың, жабдықтардың және басқа да атаулары | Сомасы, мың теңге |
| |
| |
Барлығы: | |
Отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы, теңгемен:
келісімшарт жасалғанға дейін | келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы бойынша | |
әлеуметтік көмек мөлшерін қоса есептегенде | әлеуметтік көмек мөлшерін есептемегенде | |
| | |
Жүргізілген іс-шаралардың тиімділігі туралы қорытынды
__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
__________________________________________________________
(уәкілетті өкілдің (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
_________________________
(қолы)
20___ жылғы "___" ____________
Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларына 5-қосымша |
Отбасының белсенділігін арттырудың
әлеуметтік келісімшарты
__________________ № ____ 20__ жылғы "___" _____________жасалған орны)
Бұдан әрі "жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" деп аталатын _____________________________________________ атына
(уәкілетті органның атауы)
__________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде),
уәкілетті өкілдің атқаратын лауазымы)
__________________________________________________________
бір тараптан және бұдан әрі "үміткер" деп аталатын келісім шарт негізінде әлеуметтік көмек алуына үміткер отбасы атынан азамат
__________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде),
жеке басын куәландыратын құжаттың атауы,
жеке сәйкестендіру нөмірі, құжаттың сериясы,
нөмірі, кім және қашан берді)
__________________________________________________________
мекенжай бойынша тұратын екінші тараптан келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек алуына отбасының белсенділігін арттырудың осы әлеуметтік келісімшартын (бұдан әрі - келісімшарт) төмендегілер туралы жасасты:
1. Келісімшарт мәні
1. Келісімшарт мәні жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен отбасы (адам) жүзеге асыратын отбасын (адамды) өмірлік қиын жағдайдан шығаруға бағытталған іс-шаралар кешені болып табылады.
2. Келісімшарт
тараптарының міндеттері
2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
1) үміткерге және (немесе) оның отбасы мүшелеріне, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда отбасының __________________ мүшесіне:
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
(отбасы мүшелерінің тегі, аты,
әкесінің аты (болған кезде)
__________________ _______________ бастап _____ дейінгі кезеңге ай
сайын ____________________ (____________________________) теңге
(сомасы жазбаша)
мөлшерінде және (немесе) бір жолғы _______ (____________)
(сомасы жазбаша)
теңге мөлшерінде _______________________________________
(жеке қосалқы шаруашылықты дамыту (үй малын,
құсын сатып алу және т.б.), жеке
кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру)
әлеуметтік көмекті төлейді;
2) келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын отбасыға көмектің жеке жоспарына (бұдан әрі - Жеке жоспар) сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу (қажет болған жағдайда) бойынша іс-шаралар ұсынуды ұйымдастырады;
3) отбасының (тұлғаның) өзін-өзі қамтамасыз етуге шығуына жәрдемдеседі және келісімшарттың іске асу мерзімі ішінде сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
4) Жеке жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыруға жұмылдырылған басқа да ұйымдармен өзара іс-әрекетті жүзеге асырады;
5) үміткердің және (немесе) оның отбасы мүшелерінің Жеке жоспарды орындау бойынша (өзі немесе ассистенттерді тарта отырып) келісімшарттың міндеттемелерін орындауына тоқсан сайын мониторинг жүргізеді.
3. Үміткер және (немесе) оның отбасы мүшелері:
1) келісімшарт талаптарын және Жеке жоспар бойынша іс-шараларды толық көлемде орындайды және өмірлік қиын жағдайдан шығу жөнінде белсенді іс-әрекеттер қабылдайды;
2) жұмыспен қамту орталығымен жасалған әлеуметтік келісімшарт (келісімшарттар) талаптарын орындайды;
3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу нәтижесінде жұмыспен қамту орталығы және (немесе) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған жұмыс орнына жұмысқа орналасады;
4) скринингтік тексеруден өтуі, әлеуметтік мәні бар аурулары (маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез) болған жағдайда емделуі тиіс, сондай-ақ жүктілігі кезінде уақытында жүктіліктің 12 аптасына дейін әйелдер консультациясында тіркеуге тұрып және жүктіліктің бүкіл кезеңі ішінде бақылауда болады;
5) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек тағайындауға және оның мөлшеріне әсер ететін жағдайлар туындауы туралы ақпаратты көрсетілген жағдайлар туындаған күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынады;
6) банк шотының нөмірі, тұрғылықты жері өзгерген жағдайда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тиісті өзгерістерді растайтын құжаттармен осы өзгерістер туралы өтініш беру жолымен хабарлайды;
7) келісімшарт негізінде әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтер ұсынғаны анықталған жағдайда заңсыз алынған ақшалай қаражатты ерікті түрде қайтарады;
8) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, кент, ауыл, ауылдық округ әкімімен (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, кент, ауыл, ауылдық округ әкімімен келісім бойынша) өзара іс-қимыл жасайды, келісімшарттың орындалу барысы туралы барлық мәліметтерді ұдайы ұсынады.
3. Тараптардың құқықтары
4. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
1) отбасының (тұлғаның) және оның отбасы мүшелерінің мұқтаждығын тексеру және айқындау үшін үшінші адамдардан (кәсіпорындардан, салық органдарынан және басқа да ұйымдардан) олардың табыстары мен мүлкі туралы қосымша мәліметтер сұратады;
2) отбасының (тұлғаның) материалдық жағдайын тексереді;
3) алынған ақпаратты келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы мәселені шешу кезінде пайдаланады;
4) егер отбасы (тұлға) жұмыспен қамту орталығымен жасалған келісімшарттың және әлеуметтік келісімшарттың міндеттемелерін орындамаса, келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатады;
5) келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етеді;
6) келісімшарт шеңберінде өзге де мәселелерді шешеді.
5.Үміткер:
1) келісімшартта және Жеке жоспарда көзделген әлеуметтік қолдау шараларын алады;
2) келісімшарттың уақытында және тиісінше орындалуын талап етеді;
3) отбасы құрамының өзгеруіне байланысты келісімшарт негізінде әлеуметтік көмекті қайта есептеуді талап етеді;
4) Жеке жоспар іс-шараларының орындалуымен байланысты консультация мен ақпарат алады.
4. Келісімшарттың талаптарын
орындамағаны үшін тараптардың
жауапкершілігі
6. Үміткер және (немесе) оның отбасы мүшелері келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек тағайындауға берілген өтініште жалған немесе толық емес мәліметтер көрсеткені үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапты болады.
7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталығы отбасына (тұлғаға) келісімшартта және әлеуметтік келісімшартта, сондай-ақ Жеке жоспарда көзделген көлемде әлеуметтік қолдау көрсетуге жауапты болады.
8. Осы келісімшартты және әлеуметтік келісімшартты сүйемелдеуді және оның мониторингін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталығы жүргізеді.
9. Келісімшарт талаптарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
5. Күтпеген жағдайлар
10. Тараптар азаматтық заңнамада көзделген күтпеген жағдайлар туындаған кезде міндеттерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
11. Күтпеген жағдайлар туындаған кезде осы келісімшартқа сәйкес қандай да болсын міндеттемелердің орындалуы осындай жағдайлардың туындауына байланысты мүмкін болмаған тарап күтпеген жағдайлар басталған немесе аяқталған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
12. Осы келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі күтпеген жағдайлар орын алған, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдардың әрекеті барысына шамалас уақытқа кейінге шегеріледі.
13. Егер күтпеген жағдайлардың туындауына байланысты тараптардың осы келісімшарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындай алмауы (кезеңді көрсету) асатын болса, тараптар осы келісімшартты бұзуға құқылы.
6. Өзге де талаптар
14. Келісімшартқа тараптардың келісімі бойынша қосымша келісімге қол қою арқылы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.
15. Келісімшарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 20____ жыл қоса қолданылады.
16. Келісімшартты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі отбасы (тұлға) осы келісімшарттың және жұмыспен қамту орталығымен отбасының еңбекке қабілетті мүшелері арасында жасалған әлеуметтік келісімшарттың талаптарын орындамаған кезде бір жақты тәртіппен бұзылады.
17. Осы келісімшарт бірдей заңды күші бар екі данада жасалған.
7. Тараптардың мекенжайлары
мен деректемелері
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі | Үміткер |
___________________________________ (уәкілетті органның толық атауы) ___________________________________ (мекенжайы) ___________________________________ (телефон, факс) ___________________________________ (уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) ___________________ (қолы) Мөрдің орны | ___________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) ___________________________________ (мекенжайы) ___________________________________ (телефон, факс) ___________________________________ __________________ (қолы) |
Мәслихаттың 2015 жылғы 24 маусымдағы № 317 шешіміне қосымша |
Қостанай аудандық мәслихатының күші
жойылған кейбір шешімдерінің тізімі
1. Мәслихаттың 2013 жылғы 21 қарашадағы № 143 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4340 тіркелген, 2013 жылғы 20 желтоқсанда "Арна" аудандық газетінде жарияланған).2. Мәслихаттың 2014 жылғы 20 мамырдағы № 208 "Мәслихаттың 2013 жылғы 21 қарашадағы № 143 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4818 тіркелген, 2014 жылғы 13 маусымда "Арна" газетінде жарияланған).
3. Мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 263 "Мәслихаттың 2013 жылғы 21 қарашадағы № 143 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5296 тіркелген, 2015 жылғы 22 қаңтарда "Арна" газетінде жарияланған).