Мәслихаттың 2013 жылғы 21 қарашадағы № 143 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2014 жылғы 20 мамырдағы № 208 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 9 маусымда № 4818 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2015 жылғы 24 маусымдағы № 317 шешімімен

      Ескерту. Кұші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 31.03.2015 № 38-5 шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шу ауданның ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуы аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени саланы, денсаулық сақтау, білім, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланысты дамыту, аймақты, энергетика, байланыс, әкімшілік-аумақтық құрылымды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Мәслихат хатшысы
      Б. Ниязбеков Б. Саудабаев