Мәслихаттың 2015 жылғы 24 маусымдағы № 317 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2016 жылғы 5 мамырдағы № 23 шешімі

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11434 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларында:
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары маслихаттың кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану қағидаларында тиісті өңірдің аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлерді айқындайды.";
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары тиiстi аумақтарда орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады.";
      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      "14-1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары маслихаттың кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күні ішінде су пайдаланушыға жолдайды.";
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.";
      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
      "15-1. Су пайдаланушы облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдарынан оң шешім алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға тыйым салынатыны және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.".
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
___________________ Ә. Исекешев
2016 жылғы "20" мамыр


      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2016 жылғы " "


      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
______________ Қ. Қасымов
2016 жылғы "23" мамыр


      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы "1" тамыз