Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 345/48-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 30 сәуірде № 903 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 219/25-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 12.12.2017 № 219/25-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Т. Оразақов
      Астана қаласы
мәслихатының хатшысы
С. Есілов

  Астана қаласы мәслихатының
2015 жылғы 18 наурыздағы
№ 345/48-V шешімімен
бекітілген

Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер

      1. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 20.07.2017 № 166/21-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. "Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 29/6-III шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 28 сәуірде № 324 болып тіркелген, "Вечерняя Астана" газетінің 2004 жылғы 8 мамырдағы 56-57 нөмірлерінде, 2004 жылғы 15 мамырдағы 59-60 нөмірлерінде, "Астана хабары" газетінің 2004 жылғы 15 мамырдағы 62-63 нөмірлерінде, 2004 жылғы 17 шілдедегі 95-96 нөмірлерінде жарияланған):

      көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексінің 386-бабын және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидаларында:

      Қағиданың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар үшін Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау тәртібін белгілейді.".

      3. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 23.12.2015 № 447/62-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Күші жойылды - Астана қаласы маслихатының 09.11.2016 № 69/11-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 22.05.2015 № 362/52-V шешімімен.

      6. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 26.05.2016 № 12/4-VI шешімімен.