Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.09.2020 № 537/73-VІ (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 6 - бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Астана қаласының аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидасы бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім әділет орғандарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы |
В. Досаев |
Астана қаласы мәслихатының хатшысы |
Ж. Нұрпейісов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Астана қаласының
"Алматы" ауданының әкімі Ә. Сәрсембаев
Астана қаласының
"Есіл" ауданының әкімі Е. Бөлекпаев
Астана қаласының
"Сарыарқа" ауданының әкімі А. Тұрлыбек
"Астана қаласының Коммуналдық
шаруашылық басқармасы" (КШБ)
мемлекеттік мекемесінің басшысы Т. Закарьянов
"Астана қаласының Табиғи ресурстар
және табиғатты пайдалануды реттеу
басқармасы" (ТРжТПРБ) мемлекеттік
мекемесінің басшысы М. Танабаев
"Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Экологиялық реттеу және бақылау
комитеті Астана қаласы
бойынша экология департаменті"
РММ-нің басшысы М. Ошурбаев
Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 219/25-VI шешіміне қосымша |
Астана қаласының аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы Астана қаласының аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі заңдарына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министірінің 2015 жылы 20 наурыз № 235 "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленген.
2. Қағида Астана қаласының аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау саласындағы қарым-қатынасты реттейді және тәртібін белгілейді. Барлық жеке және заңды тұлғаларға міндетті болып табылады.
3. Астана қаласының аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
4. Қағидада мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) ағаштарды кесу – ағаштарды кесу (қайта отырғызу) бойынша жұмыстар;
2) жасыл екпелер тізілімі – Астана қаласының аумағындағы түрлеру, түрлік құрамы, аудан көлему, жағдайы, орналасқан және саны туралы деректердің жиынтығы;
3) Астана қаласының жасыл қоры – Астана қаласының әкімшілік шекарасының шегіндегі шектеулі және әрнайы, жалпы көгалдандырылған аумақтарды пайдалануды қамтитын жасыл желектер аумағының жиынтығы;
4) көгалдандырылған аумақ – табиғи жолмен өнiп шыққан өсiмдiктер орналасқан, жасанды жолмен жасалған бау-саябақ кешендерi және объектiлер: бульварлар, скверлер, көгалдар, гүлдер орналасқан жер учаскесі;
5) дендрологиялық жоспар – құрылыс салу аймағын ескере отырып көкжелектердің, алаңқайлардың, жолдардың, су айдындарының ашық учаскелерімен үйлесімділікте өсіп тұрған және отырғызылуы жоспарланып отырған ағаш-бұтақ өсімдіктерінің жасыл екпелерінің сандық және түрлік құрамы көрсетілген жасыл екпелерді отырғызу жоспары;
6) жалпыға ортақ жерлер – алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, қала ормандары, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (жалпыға ортақ инженерлік жүйелер) орналасқан және оларға арналған жерлер;
7) жасарту – қаңқалы және жартылай қаңқалы бұтақтарды қатты қысқарту, өркендерді сирету және реттеу, бас жағы мен бұталардың құрғау салдарынан өзінің декоративтік сапасын жоғалтқан, сау діңді және сүңгекті жасарту үшін жарамды ересек ағаштардың кемінде 3,5 метр биіктіктегі діңдерін кесу;
8) жасыл алқап – түрлік құрамына қарамастан кемінде 0,125 га аумақта кемінде 50 дана ағашы бар көгалдандырылған аумақ;
9) Астана қаласының "жасыл белдеуі" – санитарлы-гигиеналық, мәдени-сауықтыру, рекреациялық және туристтік қызметтерді атқаратын Астана қаласының аумағын қоршайтын санитарлы-қорғаулы зонасы;
10) ұшарбасты қалыптастыру – белгілі бір эстетиқалық түр беру және жасыл екпелерді жасарту мақсатында олардың солып қалуына әкеп соқтырмайтын, пішіндеуге келетін бұтақтар мен өркендерді, жекелеген ағаштарды, бұталарды және жолдағы екпелерді кесу;
11) жасыл екпелер – Қазақстан Республика азаматтық заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік болып табылатын және қаланың бірыңғай жасыл қорын құрайтын табиғи өскен және жасанды егілген ағаш бұтақты және шөпті өсімдіктер;
12) жасыл екпелерді жою – жасыл екпелердің өсуінің тоқтауына әкелетін зақымдану;
13) жасыл екпелердің зақымдануы – жасыл екпелерге зақым келтіру. Бұтақтардың, тамыр жүйесiнiң, қабық тұтастығының, топырақтың тiршiлiк қабаты тұтастығының бұзылуы, жасыл екпелерді ластануы, не тамыр аумағындағы топырақтың зиянды заттармен ластануы, өртеу және басқа да зиянды әсерлерден зақымдануы механикалық зақымдану болып табылады;
14) жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау – жасыл екпелерді, көгалдандырылған аумақтар мен жасыл алқаптарды құруға, сақтауға және өсіруге (оның ішінде кесілген не зақымдалған жасыл екпелерді өтемдік қалпына келтіруге) бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар жүйесі;
15) жасыл екпелерді түгендеу (ағаштарды, бұталарды және бұталы қоршауларды) – қөгалдандыру объектілерінің сандық және сапалық сипаттамаларын толық көрсете отырып, оларды есепке алу жөніндегі іс–шаралар кешені, сондай-ақ жоспарлы негізде әрбір көгалдандыру элементін графикалық бейнелеу;
16) жасыл екпелерді орман-патологиялық зерттеу – зиянкестердің (жәндіктердің) болуын арнайы зерттеу, ауру белгілері мен ошақтарының болуын, діңдерде, тамыр жүйесі мен ұшарбаста зең ауруларымен (паразиттермен) зақымдану белгілерінің болуын анықтау. Егер екпелердің 50 %-дан астамы аурулардан зақымданған болса, олар міндетті түрде кесілуі тиіс;
17) жасыл екпелердің мәжбүрлі шауып алуы – Астана қаласының Бас жоспарын іске асыру мақсатында және қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру үшін жасыл екпелерді кесу;
18) жасыл екпелерді сақтау – абаттандыру және құрылыс жұмыстарының нүктесіне түсетін, аса құнды екпелердің тұқымдарын сақтауға бағытталған іс-шаралар кешені;
19) тротуар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолдың жүру бөлігімен шектесетін немесе одан көгалмен немесе арық жүйесімен бөлінген жолдың элементі;
20) көгал – жасанды шөптердің жамылсығымен жер аймағы саябақ құрылысына және өсімдіктерді отырғызу үшін арналған шөп жамылғысына фон болып табылатын жер аймағы;
21) күтіп-баптау– өсімдіктердің жерасты бөлігін және топырағын күтіп-баптау (қоректендіру, суару, қопсыту және өзге де іс-әрекеттер);
22) өтемдiк отырғызу – табиғатты пайдалануды реттеу қызмет атқаратын уәкілетті орган белгіленген дендрологиялық жоспарға сәйкес айқындаған арнайы учаскелерде кесілген ағаштардың орнына отырғызу;
23) өтемдік отырғызу жоспары – отырғызудың сандық бөлігін, тұқымдық құрамын, көлемін, күнтізбелік мерзімін, сондай-ақ жоспарлы негізге орайластырылған отырғызуды орналастырудың графикалық сызбасын қамтитын кесуге, санитариялық кесуге ұшыраған ағаштарды отырғызу жоспары;
24) санитариялық қию – авариялық жағдай туғызатын (электр беру желілерінде, газ құбырларында жатқан, ғимараттардың жамылғысын зақымдайтын, жол қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіретін), ауырған, құрғай бастаған, құрғақ және зақымданған бұтақтарды қию;
25) санитарлық кесу– құрғақ, өлі, жастағы ағаштар мен бұталарды, тамыр ысқышпен, орақпен және басқа да саңырауқұлақ аурулармен зақымданған ағаштарды кесу;
26) уәкілетті орган – табиғатты пайдалануды реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
27) ұйым – жасыл екпелерді күту және қорғау саласында мамандандырылатын жеке және заңды тұлға;
28) іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.
2. Жасыл екпелер күтіп-ұстау және қорғау 1-параграф. Жасыл екпелерді сақтау және қорғау бойынша шаралар
5. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерінде және республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жеке тұрғын үй және жеке меншік қосалқы шаруашылық аумақтарында,саяжай учаскелеріне, қаланың коммуналдық қызметтерінің жүргізуіндегі зираттардың учаскелерінде өсетін жасыл екпелерді қоспағанда, барлық жасыл екпелер бiрыңғай жасыл қорды құрады және қорғалуға тиіс.
6. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің көгалдандырылған аумақтарын дамыту дендрологиялық жоспарға сәйкес жүргізіледі.
7. Аумақтарды көгалдандыру бойынша барлық жұмыс түрлерi бекітілген жобалар бойынша орындалады. Көгалдандыру және абаттандыру бойынша жұмыстарды жүргiзу кезiнде орындалатын жұмыстардың сапасына және олардың бекiтiлген жобаға сәйкес келуіне Заңға сәйкес авторлық қадағалау жүргізіледі.
8. Жасыл екпелерді зақымдауға және жоюға себеп болатын заңды емес әрекеттіке және әрекетсіздіке жеке және заңды тұлғалар жол бермеу қажет.
9. Қазақстан Республикасының заңнамасының және қазіргі Қағидасының талаптарын сақтаумен жасыл екпелерді қорғау бойынша жобалық, құрылыстық және шаруашылық қызмет жүзеге асырылады.
10. Көгалдандырған аумақтар субъектінің жерге құқығына байланысы мемлекеттік және жеке меншікте тұрады
11. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау көгалдандыру бойынша жұмыстардың мына негізгі түрлерін қамтиды:
1) жасыл екпелерді отырғызу (ағаштарды, бұталарды және тірі ағаш қоршауларын топырағымен немесе топырақсыз қатар отырғызу, ағаштарды және бұталарды топырағымен немесе топырақсыз отырғызу);
2) ағаштардың діңгек қуысын орнатумен қыртыстарды қопсыту, ағаштарды ақтау, жасыл қоршамды қию, ағаштардың діңін көтеру, ағаш өскіндерін жою;
3) гүлзарлар, көгалдарды орналастыру, арамшөптерді отау, шөптерді шабу, қысқы кезеңде раушан гүлдерін жауып ұстау;
4) бүкіл вегетациялық кезең бойы жасыл екпелерді суару;
5) апаттық, құрғаған, жасамыс ағаштарды және бұтақтарды санитарлық кесу, ағаш ұшбасарының құрылуы;
6) тыңайтқыштар салу;
7) жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу.
13. Көгалдандырылған аумақтардың меншік иелері және жалға алғандар.
1) жасыл екпелерді сақтауға және бiлiктi күтiммен қамтамасыз етуге;
2) барлық агротехникалық шаралар кешенін жүргізу, оның ішінде гүлзарлар, ағаштар мен бұталарға су құю, арамшөптер, зиянкестер және аурулармен күрес жүргізу, жасыл екпелерді түзеу және жасарту, санитарлық кесу, гүлзарларды күзеу;
3) өзiнiң жеке қаражаты есебiнен қала құрылысы, экологиялық, санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес әзірленіп, бекітілген дендрологиялық жоспарлар бойынша бекiтiлген аймақтардағы жасыл екпелердің ағымдық жөндеуімен көгалдандыруын жүргiзу;
4) Қазақстан Республикасының бекітілген Заңының талаптарының тәрбітінде жасыл екпелерді кесу, қайта отырғызу жасау және рәсімдеу;
5) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде, осы учаскеде сақталуға жататын барлық жасыл екпелерді механикалық және басқа зақымдалулардан арнайы қорғаныс қоршауларымен сақталады;
14. Ағаштарды жасарту және қалың өскен ағаштарды сирету жұмыстары вегетация мерзімі басталғанға дейін немесе күздің соңында жүргізіледі.
15. Жасыл екпелерді қайта отырғызу жыл ішінде арнайы қайта отырғызу технологиялары сақталған жағдайда жүзеге асырылады. Жапырақты және қылқан жапырақты ағаштардың тиімді ұласып өсуі мақсатында оларды күз түскен кезеңнен бастап көктемнің бас кезіне дейін отырғызу ұсынылады.
16. Астана қаласындағы жасыл екпелердің есебiн жүргiзу, жасыл екпелер тізіліміне енгізілетін олардың санын, түрлiк құрамын және жай-күйiн анықтау мақсатында, есеп жүргiзу объектiсiнiң шегiнде орналасқан жасыл екпелерді түгендеу және орманпатологиялық зерттеулер арқылы жүзеге асырылады.
17. Жасыл екпелердің барлық түрлері есепке алынуға жатады: ағаштар, бұталар, көгалдар, гүлбақша.
18. Жасыл екпелерді есепке алу нәтижесін көрсететін құжаттар ресімделген түгендеу жән орман-патологиялық зерттеу материалдары, сондай-ақ дендрологиялық жоспар болып табылады.
19. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау бойынша жұмыстарды, сондай-ақ жалпыға ортақ жерлердегі жасыл екпелерді түгендеу және орманпатологиялық зерттеу жүргізуді ұйымдар жүзеге асырады.
20. Уәкілетті органға жасыл екпелердің түгендеу және орманпатологиялық зерттеу материалдарының көшірмелерін Астана қаласы аудандары әкімдіктеріне, жасыл қормен жұмыс жасау барысында ұсыныс ретінде қолдану үшін жолдалынады.
21. Жасыл екпелерді түгендеу өткізуінде алынған деректерінің негізінде
22. Астана қаласының жасыл екпелерінің тізілімі жүргізіудің мақсаты:
1) Астана қаласындағы жасыл екпелердің саны және жай-күйi туралы расталған кешендi деректер алу;
2) Астана қаласындағы жасыл екпелердің саны және жай-күйiнiң мониторингiн жүргiзу;
3) Астана қаласының көгалдандырылған аумақтарын қорғау, сақтау және даму саласындағы қалалық саясаттың негiзгi бағыттарын анықтау;
4) жасыл екпелерді қорғауға, сақтауға және дамытуға ең оңтайлы тәсiлдер әзірлеу;
5) Астана қаласындағы жасыл екпелердің саны және жай-күйi туралы халықты, билік және басқару органдарын расталған ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.
23. Жасыл екпелер Тiзiмдемесi мәлiметтерiн жаңартуы 2 жылда жүргiзiледi.
2-параграф. Ағаштарды кесу (қайта отырғызу), санитарлы кесу
24. Жасыл екпелерді кесу, санитарлы кесу және қайта отырғызу келесі жағдайларда жүргізіледі:
1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс объектілерін орналастыру үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету;
2) инженерлік абаттандыру объектілеріне, жер үсті коммуникацияларына қызмет көрсету;
3) авариялық және төтенше жағдайларды, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде жою;
4) адамның өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қатер туғызатын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіретін ескі екпелерді санитарлық кесу;
5) жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттілігі жағдайларында рұқсат беруі мүмкін.
25. Мемориалдық, тарихи немесе бірегей эстетикалық құндылығы бар, мәртебесі белгіленген тәртіпте бекітілген ағаштарды кесу; Қызыл кітапқа енгізілген сүректі және бұта өсімдіктерінің түрлері кесуге тыйым салынады.
26. Қала құрылысы қызметін іске асыру кезінде жасыл екпелерді кесу немесе қайта отырғызуға мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:
1) жобалау ұйымы құрылысқа бастапқы-рұқсаттама құжаттамасын дайындау кезінде белгіленген тәртіпте жобаны әзірлейді;
2) жобалау ұйымының хаты және жобасы негізінде,табиғат пайдалануды реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган құрылыс, қайта жаңарту болжанған учаскеде зерттеу жүргізеді және жасыл екпелерді зерттеу актісін жасайды, онда жасыл екпелердің саны, олардың түрлік құрамы, жай-күйі, гүлзарлардың, шөп жабындары, гүлдердің болуы көрсетіледі;
3) жоба-сметалық құжаттамасы жасыл екпелерді зерттеу актісі негізінде әзірленеді;
4) жасыл екпелерді кесу және қайта отырғызуды әзірленген және бекітілген жоба-сметалық құжаттамасы сәйкес жасалынады;
27. Уәкілетті органның келісімі бойынша жер аймағында қызмет көрсететін ұйымдармен жалпы қолданыстағы жерлерді ағаштарды санитарлы кесуді жүргізуді.
28. Ағаштардың өздері, сондай-ақ олардың бұтақтарының құлауы адамдардың өмірі мен денсаулығына, ғимараттар мен үй-жайлардың, коммуникациялардың зақымдалуына, жол қозғалысы (оның ішінде жол жүру белгілерін жауып тұрса) қауіпсіздігіне қауіп төндіретін төтенше немесе апатты жағдайлардың туындауы мүмкін жағдайларда ағаштарды кесу уәкілетті органның келісімінсіз жүргізіледі.
29. Ғимараттардан және құрылыстардан 5 м қашықтықта орналасқан, орын-жайларды толық көлеңкелеуге себеп болатын жасыл екпелерді кесуге уәкілетті орган өтемді отырғызу есебінсіз азаматтардың өтініштері бойынша рұқсаттама береді.
30. Қураған, суалған және ауру ағаштарды, бұталарды есепке алу және таңбалау, олардың тұрған жерiне қарамастан, көгалдандырылған аумақтарды пайдаланушылардың, меншiк иелерінің және жалға алушылардың, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша уәкiлеттi органмен жүргiзiледi.
31. Егер комиссия зерттеу кезінде құрғақ ағаштар мен бұталардың өлімі кәрілік пен ауруға байланысты емес, жеке немесе заңды тұлғалардың кінәсінен болғаны анықталса, онда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.
32. Құлату, түбiрiн қопару, кесiлген ағашты және кесiндi қалдықтарын (жоңқа, бұтақтар, жапырақтар, қабығы) тиеу мен тасу жұмыстар басталған сәттен бастап тәулiкiшiнде жүргізіледі. Кесiлген жасыл екпелердіжәне кесiндi қалдықтарды өндiрiс орнында сақтауға жол берілмейді.
33. Кесу аумағына iргелес гүлзарлар, жасыл екпелер зақымданған жағдайда жұмысты жүргiзушi олардың қалпына келтіруі жасалынады.
3-параграф. Ағаштарды өтемдік отырғызуды жүргізу тәртібі
34. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын сәулеттік, қала құрылысы және құрылыс жұмыстары жүргізілген кезде жасыл екпелерді қалпына келтіру жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес белгіленген тәртіпте тиісті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
35. Жасыл екпелерді кесуге өтемдік отырғызу үш есе көлемде жасыл аймақтың ауданын қысқартусыз кесекпен бірге биіктігі кемінде 2,0 м жапырақ тұқымдасты екпелерді және кесекпен бірге биіктігі кемінде 2,5 м қылқан жапырақ тұқымдасты отырғызу арқылы жүзеге асырылады.
36. Екпенің жоғары тамыр жүйесінен діңгегінің диаметрі (діңгек бөлігі 1,3 м биіктікте) 3 см кем болмауы керек.
37. Астана қаласының аумағында жасыл екпелерді өтемдік отырғызу үшін уәкілетті органмен арнайы аймағын анықтайды.
38. Өтемдік отырғызу қаланың өтемдік отырғызу жоспарына сәйкес топырақты құнарлы топыраққа ауыстыру қажеттілігімен қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
39. Ағаштарды өтемдік отырғызуды заңды және жеке тұлғалар өздерінің жеке меншік жерлерінде немесе маңындағы аумақтарда өз беттерінше, ал ағаштарды мәжбүрлі түрде кесу кезінде көгалдандыруды,жасыл екпелерді күтіп-ұстауды жүзеге асыратын ұйымды тарта отырып, жалпы пайдаланудағы жерлерде жүзеге асырады.
40. Заңды және жеке тұлғалар ағаштарды қайта отырғызған кезде өтемдік отырғызу жүргізілмейді.
41. Жасыл екпелерді өтемдік отырғызу төмендегi жағдайлардың талаптарды есепке ала отырып.
42. Өскен және зақымдалған жасыл екпелер табиғи жағдайда құласа, кінәлі тұлғаларды анықтауға мүмкіндік жоқ кезінде жасыл екпелерді қалпына келтіру жергілікті бюджет қаражаты есебінен уәкілетті орган бекітілген дендрологиялық жоспарға сәйкес жасалынады.
43.Инженерлік коммуникациялар бар қорғау зоналарына түсетін жасыл екпелерді кесу кезінде өтемдік отырғызу қажет етілмейді.
44. Жасыл екпелерді кепілдік күтімнен кейін қабылдауды жасыл екпелерді өміршеңдік актісінің негізінде жасалынады.
45. Отырғызылған жасыл екпелерді солып қалған жағдайда, кесуді жүргізуге мүдделі болған тұлға немесе мамандандырылған ұйым (кепілдік міндеттеменің қолданыстағы шарты бойынша) отырғызу күнінен бастап, жасыл екпелерді қайта отырғызып, бұдан әрі соларды екі жыл шамасында күтеді (ағаштың тікпе-екпелің өміршеңдік мерзімінде).
46. Жеке және заңды тұлғалар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын құрылыс жұмыстарын (күрделі құрылыс, жолдарды, тротуарларды, арық желілерін жөндеу және т.б.) іске асыру кезінде құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан ұйымдарға (тапсырыс берушілер мен мердігерлерге) құрылыс жобаларында жасыл екпелерді өтемдік отырғызу бойынша жұмыстарды, көгалдандыру жұмыстарын аяқтау бойынша екі жыл ішінде күтіп-баптау жұмыстарын қоса алғанда, қаржыландыруды қарастыруы қажет.
47. Жасыл екпелерді заңсыз кесу кезінде өтемді отырғызу құқық бұзушылыққа жол берген кінәлі тұлғаның қаражаты есебінен жүргізіледі.
48. Жалпы пайдаланылатын жерлерде және ғимараттарға, құрылыстарға, көп қабатты тұрғын үйлерге іргелес аумақтардағы желдің және табиғи сипаттағы өзге де жағдайлардың, жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде ағаштар авариялық құлаған жағдайда құлаған ағаштарды жинауды, құлаған жерлерді уақтылы санитарлық тазалауды және ағаш қалдықтарын шығаруды жер пайдалану құқығы шекарасындағы, сол аумақ тиесілі ұйымдарға немесе қызмет көрсететін учаскелері бойынша ұйымдарға жүктеледі.
4-параграф. Астана қаласының "жасыл белдеуі" аумағында жасыл екпелерді күзету, қорғау, күтіп-ұстау
49. Астана қаласының "жасыл белдеуі" аумағындағы жасыл екпелерді қорғау және күтіп-ұстау:
1) жасыл екпелерді күтіп-ұстау, орманды молайту және ағаш өсіру;
2) өртке қарсы және санитарлық қондырғылармен қамтамасыз ету, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың, сондай-ақ басқа да бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, орман өртімен күрес бойынша жұмыстарды үйлестіру;
3) орманның зиянкестерімен және ауруларымен күрес бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
4) табиғи немесе жасанды жасалған сутоғандарды қорғау бойынша жұмысты, қамысты өсімдіктермен күресті ұйымдастыру;
5) Астана қаласының "жасыл белдеуді" күтіп ұстау және олардың орындалуын бақылау жұмыстарын (қызметтерін) мемлекеттік сатып алуға конкурс ұйымдастыру және өткізу, шарттар жасасу;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "жасыл белдеу" аймағында құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол бермеу жатады.
Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 219/25-VI шешіміне 2-қосымша |
Астана қаласы мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 29/6-ІІІ "Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидалары туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 324 болып тіркелді, 2004 жылғы 15 мамырда, 2004 жылғы 17 шілдеде "Астана хабары", 2004 жылғы 8 мамырда, 2004 жылғы 15 мамырда "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды).
2. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 12 шілдедегі № 406/50-III "Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 29/6-ІІІ "Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 473 болып тіркелді, 2007 жылғы 4 тамыздағы "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
3. Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 26 тамыздағы № 243/37-IV "Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 590 болып тіркелді, 2009 жылғы 6 қазандағы "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
4. Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 270/39-ІV "Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 29/6-ІІІ "Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 603 болып тіркелді, 2009 жылғы 26 желтоқсандағы "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
5. Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 465/65-ІV "Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 29/6-ІІІ "Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 691 болып тіркелді, 2011 жылғы 18 тамыздағы "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
6. Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 256/36-V "Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 29/6-ІІІ "Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 828 болып тіркелді, 2014 жылғы 14 тамыздағы "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
7. Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 345/48-V "Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 903 болып тіркелді, 2015 жылғы 5 мамырдағы "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).