Астана қаласы мәслихатының Астана қаласының аумағында құрылыс салу мәселелері жөніндегі кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Астана қаласы маслихатының 2016 жылғы 9 қарашадағы № 69/11-VI шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 қарашада № 1078 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының құрылыс салу мәселелері жөніндегі кейбір шешімдерінің күші осы шешімге қосымшаға сәйкес жойылсын.
      2. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       Г. Қасенов

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       Ж. Нұрпейісов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Астана қаласының Сәулет
      және қала құрылысы
      басқармасы» (СжҚҚБ) мемлекеттік
      мекемесі басшысының міндетін атқарушы      Қ. Қожамжаров

      «Астана қаласының Құрылыс
      басқармасы» (ҚБ) мемлекеттік
      мекемесінің басшысы                        Т. Рысбеков

Астана қаласы     
мәслихатының 2016 жылғы
9 қарашадағы № 69/11-VI
шешіміне қосымша   

Астана қаласы мәслихатының аумақтық құрылыс салу
мәселелері жөніндегі кейбір күші жойылған шешімдерінің
тізбесі

      1. «Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-IV шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 15 сәуірде № 671 болып тіркелген, 2011 жылғы 21 сәуірдегі «Астана ақшамы» газетінің № 45 нөмірінде, 2011 жылғы 21 сәуірдегі «Вечерняя Астана» газетінің № 47 нөмірінде жарияланған).
      2. «Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 21 шілдедегі № 472/66-IV шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 4 тамызда № 689 болып тіркелген, 2011 жылғы 9 тамыздағы «Астана ақшамы» газетінің № 89 нөмірінде, 2011 жылғы 9 тамыздағы «Вечерняя Астана» газетінің № 94 нөмірінде жарияланған).
      3. «Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 491/70-IV шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 21 қазанда № 694 болып тіркелген, 2011 жылғы 1 қарашадағы «Астана ақшамы» газетінің № 125 нөмірінде, 2011 жылғы 1 қарашадағы «Вечерняя Астана» газетінің № 130 нөмірінде жарияланған).
      4. «Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 69/9-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 7 қарашада № 749 болып тіркелген, 2012 жылғы 13 қарашадағы «Астана ақшамы» газетінің № 128 нөмірінде, 2012 жылғы 13 қарашадағы «Вечерняя Астана» газетінің № 134 нөмірінде жарияланған).
      5. «Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 9 шілдедегі № 162/19-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 15 тамыздағы № 786 болып тіркелген, 2013 жылғы 24 тамыздағы «Астана ақшамы» газетінің № 96 нөмірінде, 2013 жылғы 24 тамыздағы «Вечерняя Астана» газетінің № 103 нөмірінде жарияланған).
      6. «Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 289/41-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 12 қарашада № 852 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 қарашадағы «Астана ақшамы» газетінің № 132 нөмірінде, 2014 жылғы 20 қарашадағы «Вечерняя Астана» газетінің № 131 нөмірінде жарияланған).
      7. «Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидалары туралы»Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 328/47-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 8 сәуірде № 896 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 сәуірдегі «Астана ақшамы» газетінің № 39 нөмірінде, 2015 жылғы 14 сәуірдегі «Вечерняя Астана» газетінің № 39 нөмірінде жарияланған).
      8. «Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 345/48-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 903 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырдағы «Астана ақшамы» газетінің № 47 нөмірінде, 2015 жылғы 5 мамырдағы «Вечерняя Астана» газетінің № 47 нөмірінде жарияланған) шешімінің 4-тармағы.
      9. «Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 24 маусымдағы № 385/54-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 29 шілдеде № 931 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 тамыздағы «Астана ақшамы» газетінің № 84 нөмірінде, 2015 жылғы 1 тамыздағы «Вечерняя Астана» газетінің № 84 нөмірінде жарияланған).
      10. «Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 413/57-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 29 қазанда № 961 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 қарашадағы «Астана ақшамы» газетінің № 123 нөмірінде, 2015 жылғы 3 қарашадағы «Вечерняя Астана» газетінің № 123 нөмірінде жарияланған).
      11. «Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 16 қазандағы № 420/58-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 20 қарашада № 968 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 қарашадағы «Астана ақшамы» газетінің № 133 нөмірінде, 2015 жылғы 26 қарашадағы «Вечерняя Астана» газетінің № 133 нөмірінде жарияланған).