Ескерту. Нормативтік қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.03.2018 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.02.2023 № 6-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ереже бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.03.2018 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.2. Есеп комитетінің Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның міндетін атқарушы | А. Мұхаметкәрім |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_________________Б.Сұлтанов
2015 жылғы 28 желтоқсан
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 23-н/қ нормативтік қаулысымен бекітілген |
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ереже
Ескерту. Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.03.2018 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 12.04.2019 № 5-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
1. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) өкілеттіктерін және қызметінің ұйымдастырылуын айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.03.2018 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.2. Ұлттық комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, осы Ережені және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
2-тарау. Ұлттық комиссияның міндеттері
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 12.04.2019 № 5-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
3. Ұлттық комиссия мәлімделген санатқа мемлекеттік аудитор біліктілігін беру үшін жеткілікті болатын кандидаттың кәсіби даярлығының деңгейін, құзыреттілігін және жеке қасиеттерін айқындауға, сондай-ақ оның Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (бұдан әрі – Есеп комитеті) 2015 жылғы 30 қарашадағы № 18-НҚ нормативтік қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 601 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12575 болып тіркелген) талаптарын сақтауға бейілділігіне әңгімелесу өткізеді.
Ұлттық комиссияның міндеттері:
1) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың кәсіби, іскерлік қасиеттері мен әлеуеттік мүмкіндіктерінің жан-жақты және объективті сипаттамасын айқындау;
2) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарға сертификаттау жүргізу;
3) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың сертификаттаудан өту мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу және енгізу болып табылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 24.08.2022 № 9-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.3-тарау. Ұлттық комиссияның функциялары
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 12.04.2019 № 5-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
4. Міндеттеріне сәйкес Ұлттық комиссияға мынадай функциялар жүктеледі:
1) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 8-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу;
2) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдармен әңгімелесу өткізу;
3) Ұлттық комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;
4) Ұлттық комиссияның құзыретіне жататын мәселелерді қарауға мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдардың лауазымды адамдарын және мамандарын қажеттілігіне қарай тарту;
5) Ұлттық комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
6) Ұлттық комиссияға жүктелген міндеттерді іске асыру үшін қажетті, Ұлттық комиссияның Төрағасы белгілеген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 24.08.2022 № 9-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.4-тарау. Ұлттық комиссияның құрамы және оның қызметін ұйымдастыру
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 12.04.2019 № 5-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
5. Ұлттық комиссия Төрағадан және комиссия мүшелерінен тұрады.
6. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы Ұлттық комиссияның төрағасы болып табылады.
Ұлттық комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) болып табылады.
Ұлттық комиссияның төрағасы берілген ұсыныстардың негізінде саны кемінде он төрт адам болатын Ұлттық комиссияның дербес құрамын бекітеді.
Ұлттық комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен бір өкіл, Қазақстан Республикасының Үкіметінен бір өкіл, Жоғары аудиторлық палатадан бес өкіл, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органнан бес өкіл, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары (келісім бойынша) кіреді.
Өкілдік мемлекеттік саяси қызметшілер және/немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері деңгейінде қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.02.2023 № 6-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.6-1. Ұлттық комиссияның жұмыс органы Ұлттық комиссияның мүшелерін мүдделер қақтығысы (Ұлттық комиссия мүшесінің жеке қызығушылығы объективті шешім қабылдауға ықпал етуі мүмкін) немесе оның туындау мүмкiндiктері туралы Ұлттық комиссияның төрағасына жазбаша түрде хабарлау қажеттігі туралы хабардар етеді.
Кандидаттар жақын туыстары, жекжаттары немесе Ұлттық комиссияның мүшесінің кандидатқа тiкелей немесе жанама мүдделiлiгi болған жағдайда, Ұлттық комиссияның мүшелері мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы өзiне белгiлi болған сәтте Ұлттық комиссияның төрағасына жазбаша түрде хабарлайды.
Ұлттық комиссияның жұмыс органы мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу бойынша шараларды уақтылы қабылдайды.
Ескерту. 4-тарау 6-1-тармақпен толықтырылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 12.04.2019 № 5-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.7. Ұлттық комиссияның Төрағасы:
1) Ұлттық комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) Ұлттық комиссия отырыстарының күн тәртібін, өткізілетін орнын, уақыты мен форматын белгілейді және бекітеді;
3) Ұлттық комиссияның отырыстарына төрағалық етеді;
4) Ұлттық комиссияның дербес құрамын бекітеді;
5) Ұлттық комиссияның жұмыс жоспарын бекітеді;
6) Ұлттық комиссия беретін мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы сертификаттарға қол қояды.
Ұлттық комиссияның Төрағасы болмаған кезде оның функцияларын Ұлттық комиссияның Төрағасы айқындайтын комиссия мүшесі атқарады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 24.08.2022 № 9-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.8. Ұлттық комиссияның шешімдері Ұлттық комиссияның мүшелері қол қоятын дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағына дауыс беру арқылы қабылданады және Ұлттық комиссияның Төрағасы мен хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 12.06.2024 № 10-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.9. Қойылатын сұрақтардың саны барлық кандидатқа бірдей болады және сұрақтар кандидат үміт білдірген санаттағы мемлекеттік аудитордың алдына қойылған функционалдық міндеттердің шегінен шықпайды.
Дауыс беру әрбір кандидатпен әңгімелесу аяқталғаннан кейін, Ұлттық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағын толтыру арқылы жүзеге асырылады.
Егер дауыс беруге қатысып отырған Ұлттық комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, Ұлттық комиссияның шешімдері қабылданды деп саналады.
Дауыстар тең болған жағдайда, Ұлттық комиссияның Төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Ұлттық комиссияның шешімдері Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсы арқылы қалың көпшілік назарына жеткізіледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 12.06.2024 № 10-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.9-1. Алып тасталды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 24.08.2022 № 9-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
10. Дауыс берудің нәтижелері, осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағына енгізіледі.
Дауыс берудің нәтижесі теріс болған жағдайда, Ұлттық комиссияның мүшелері дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағының тиісті бағанында бас тартуының себебін көрсетеді.
Мүдделер қақтығысы туындаған кезде Ұлттық комиссия мүшелері осы Ереженің 6-1-тармағында көрсетілген кандидатқа дауыс беруге қатыспайды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 24.08.2022 № 9-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.11. Ұлттық комиссияның мүшелері оның отырыстарына қатысады, сондай-ақ Төрағаның тапсырмаларын орындайды.
11-1. Ұлттық комиссияның мүшелері:
1) Ұлттық комиссияның қарауына жұмыс жоспары, күн тәртібі, сондай-ақ Ұлттық комиссияның отырысында талқыланатын мәселелердің мәні бойынша ұсыныстары мен ескертулерін енгізеді;
2) Ұлттық комиссияның отырыстарында тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер кандидаттар жөнінде өз пікірін білдіреді;
3) жазбаша өтініші бойынша Ұлттық комиссияның құрамынан шығады;
4) Осы Ереженің талаптарын сақтайды;
5) Ұлттық комиссияның шешімдерін орындайды;
6) Ұлттық комиссия отырыстарының жұмысына қатысады, сондай-ақ себебін көрсете отырып, Ұлттық комиссияның отырысына келмейтіндігі туралы Төрағаға жазбаша және (немесе) ауызша нысанда алдын ала хабарлайды;
7) егер кандидаттар жақын туыстары, жекжаттары немесе Ұлттық комиссия мүшесінің кандидатқа тікелей немесе жанама мүдделілігі болған жағдайда, мүдделер қақтығысының туындағаны немесе оның туындау ықтималдығы туралы өзіне белгілі болған сәтте Ұлттық комиссияның Төрағасына жазбаша немесе ауызша хабарлайды.
Ұлттық комиссияның мүшесі Ұлттық комиссия отырысында қатарынан үш реттен артық болмаған жағдайда, оны Ұлттық комиссияның құрамынан шығару туралы мәселе көтеріледі.
Ескерту. Ереже 11-1-тармақпен толықтырылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 24.08.2022 № 9-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.12. Жоғары аудиторлық палата аппаратының Ұлттық комиссияның қызметін қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшесі Ұлттық комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Жоғары аудиторлық палата аппаратының Ұлттық комиссияның қызметін қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы (ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам) Ұлттық комиссияның хатшысы болып тағайындалады.
Ұлттық комиссияның қызметін қамтамасыз ету мақсатында Жоғары аудиторлық палата аппаратының Ұлттық комиссияның қызметін қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшесі Ұлттық комиссия хатшысының жетекшілігімен:
1) Ұлттық комиссияның дербес құрамын және тиісті күнтізбелік жылға арналған жұмыс жоспарын Ұлттық комиссияның төрағасына бекітуге ұсынады;
2) әңгімелесуге жіберілген мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер кандидаттардың жеке істерін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларында (бұдан әрі – Сертификаттау қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12720 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен қарайды және қалыптастырады;
3) мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға Ұлттық комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша сұрау салулар жолдайды;
4) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер кандидаттардың дерекқорын жүргізеді;
5) Ұлттық комиссияның төрағасына Ұлттық комиссияның кезекті отырысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді, тиісті материалдарды дайындайды және оның өткізілуін ұйымдастырады;
6) Сертификаттау қағидаларында айқындалған тәртіппен әңгімелесуге жіберуден дәлелді бас тартуды дайындайды;
7) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 20-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12492 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізеді;
8) Сертификаттау қағидаларында айқындалған тәртіппен сертификаттарды беру журналын жүргізеді;
9) мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы сертификатты береді;
10) алдағы болатын отырысқа қажетті материалдарды таратуды жүзеге асырады;
11) өз өкілеттіліктері шегінде Ұлттық комиссия төрағасының тапсырмаларын орындайды.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.02.2023 № 6-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.13. Ұлттық комиссияның жұмысы бекітілген жоспардың негізінде жүзеге асырылады. Ұлттық комиссияның отырысы оның мүшелерінің кемінде жартысы қатысқан жағдайда өткізіледі.
Ұлттық комиссияның отырысы Ұлттық комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес тоқсанына бір рет өткізіледі.
Ұлттық комиссия төрағасының шешімі бойынша Ұлттық комиссияның кезектен тыс отырыстары өткізіледі, бірақ тоқсанына екі реттен артық өткізілмейді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 12.04.2019 № 5-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеге қосымша |
|
нысан |
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия мүшесінің дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағы __________________________________________________
(Ұлттық комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 12.06.2024 № 10-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
Р/с | Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Жұмыс орны | Атқаратын лауазымы | Дауыс бердім:* |
Дауыс | ||
Сәйкес | Сәйкес емес | Бас тартуының себебі | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | |||||||
2 | |||||||
3 | |||||||
Барлығы: |
Ұлттық комиссия мүшесі: ___________________
(қолы)
Күні: 20__ жылғы ______________
Ескертпе:
* тиісті сандар қойылатын "Барлығы" деген жолды қоспағанда, "Сәйкес" және "Сәйкес емес" деген бағандарда "+" немесе "-" деген белгілер қойылады.
"Бас тартуының себебі" деген бағанда дауыс берудің теріс нәтижесінің себебі көрсетіледі.
** Ұлттық комиссияның мүшесі отырыста болмаған жағдайда тиісті белгі жасалады.