Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 23-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12680 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Ұлттық комиссия мәлімделген санатқа мемлекеттік аудитор біліктілігін беру үшін жеткілікті болатын кандидаттың кәсіби даярлығының деңгейін, құзыреттілігін және жеке қасиеттерін айқындауға, сондай-ақ оның Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (бұдан әрі – Есеп комитеті) 2015 жылғы 30 қарашадағы № 18-НҚ нормативтік қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 601 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12575 болып тіркелген) талаптарын сақтауға бейілділігіне әңгімелесу өткізеді.
Ұлттық комиссияның міндеттері:
1) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың кәсіби, іскерлік қасиеттері мен әлеуеттік мүмкіндіктерінің жан-жақты және объективті сипаттамасын айқындау;
2) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарға сертификаттау жүргізу;
3) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың сертификаттаудан өту мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу және енгізу болып табылады.
4. Міндеттеріне сәйкес Ұлттық комиссияға мынадай функциялар жүктеледі:
1) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 8-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу;
2) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдармен әңгімелесу өткізу;
3) Ұлттық комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;
4) Ұлттық комиссияның құзыретіне жататын мәселелерді қарауға мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдардың лауазымды адамдарын және мамандарын қажеттілігіне қарай тарту;
5) Ұлттық комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
6) Ұлттық комиссияға жүктелген міндеттерді іске асыру үшін қажетті, Ұлттық комиссияның Төрағасы белгілеген өзге де функцияларды жүзеге асыру.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Ұлттық комиссияның Төрағасы:
1) Ұлттық комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) Ұлттық комиссия отырыстарының күн тәртібін, өткізілетін орнын, уақыты мен форматын белгілейді және бекітеді;
3) Ұлттық комиссияның отырыстарына төрағалық етеді;
4) Ұлттық комиссияның дербес құрамын бекітеді;
5) Ұлттық комиссияның жұмыс жоспарын бекітеді;
6) Ұлттық комиссия беретін мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы сертификаттарға қол қояды.
Ұлттық комиссияның Төрағасы болмаған кезде оның функцияларын Ұлттық комиссияның Төрағасы айқындайтын комиссия мүшесі атқарады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Ұлттық комиссияның шешімдері дауыс беру арқылы қабылданады.
Қойылатын сұрақтардың саны барлық кандидатқа бірдей болады және сұрақтар кандидат үміт білдірген санаттағы мемлекеттік аудитордың алдына қойылған функционалдық міндеттердің шегінен шықпайды.
Дауыс беру әрбір кандидатпен әңгімелесу аяқталғаннан кейін, Ұлттық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағын толтыру арқылы жүзеге асырылады.
Егер дауыс беруге қатысып отырған Ұлттық комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, Ұлттық комиссияның шешімдері қабылданды деп саналады.
Дауыстар тең болған жағдайда, Ұлттық комиссияның Төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.";
9-1-тармақ алып тасталсын.
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Дауыс берудің нәтижелері, осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағына енгізіледі.
Дауыс берудің нәтижесі теріс болған жағдайда, Ұлттық комиссияның мүшелері дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағының тиісті бағанында бас тартуының себебін көрсетеді.
Мүдделер қақтығысы туындаған кезде Ұлттық комиссия мүшелері осы Ереженің 6-1-тармағында көрсетілген кандидатқа дауыс беруге қатыспайды.";
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Ұлттық комиссияның мүшелері:
1) Ұлттық комиссияның қарауына жұмыс жоспары, күн тәртібі, сондай-ақ Ұлттық комиссияның отырысында талқыланатын мәселелердің мәні бойынша ұсыныстары мен ескертулерін енгізеді;
2) Ұлттық комиссияның отырыстарында тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер кандидаттар жөнінде өз пікірін білдіреді;
3) жазбаша өтініші бойынша Ұлттық комиссияның құрамынан шығады;
4) Осы Ереженің талаптарын сақтайды;
5) Ұлттық комиссияның шешімдерін орындайды;
6) Ұлттық комиссия отырыстарының жұмысына қатысады, сондай-ақ себебін көрсете отырып, Ұлттық комиссияның отырысына келмейтіндігі туралы Төрағаға жазбаша және (немесе) ауызша нысанда алдын ала хабарлайды;
7) егер кандидаттар жақын туыстары, жекжаттары немесе Ұлттық комиссия мүшесінің кандидатқа тікелей немесе жанама мүдделілігі болған жағдайда, мүдделер қақтығысының туындағаны немесе оның туындау ықтималдығы туралы өзіне белгілі болған сәтте Ұлттық комиссияның Төрағасына жазбаша немесе ауызша хабарлайды.
Ұлттық комиссияның мүшесі Ұлттық комиссия отырысында қатарынан үш реттен артық болмаған жағдайда, оны Ұлттық комиссияның құрамынан шығару туралы мәселе көтеріледі.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Есеп комитеті аппаратының Ұлттық комиссияның қызметін қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшесі Ұлттық комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Есеп комитеті аппаратының Ұлттық комиссияның қызметін қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы (ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам) Ұлттық комиссияның хатшысы болып тағайындалады.
Ұлттық комиссияның қызметін қамтамасыз ету мақсатында Есеп комитеті аппаратының Ұлттық комиссияның қызметін қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшесі Ұлттық комиссия хатшысының жетекшілігімен:
1) Ұлттық комиссияның дербес құрамын және тиісті күнтізбелік жылға арналған жұмыс жоспарын Ұлттық комиссияның Төрағасына бекітуге ұсынады;
2) әңгімелесуге жіберілген мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер кандидаттардың жеке істерін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларында (бұдан әрі – Сертификаттау қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12720 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен қарайды және қалыптастырады;
3) мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға Ұлттық комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша сұрау салулар жолдайды;
4) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер кандидаттардың дерекқорын жүргізеді;
5) Ұлттық комиссияның Төрағасына Ұлттық комиссияның кезекті отырысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді, тиісті материалдарды дайындайды және оның өткізілуін ұйымдастырады;
6) Сертификаттау қағидаларында айқындалған тәртіппен әңгімелесуге жіберуден дәлелді бас тартуды дайындайды;
7) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 20-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12492 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізеді;
8) Сертификаттау қағидаларында айқындалған тәртіппен сертификаттарды беру журналын жүргізеді;
9) мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы сертификатты береді;
10) алдағы болатын отырысқа қажетті материалдарды таратуды жүзеге асырады;
11) өз өкілеттіліктері шегінде Ұлттық комиссия Төрағасының тапсырмаларын орындайды.".
2. Есеп комитетінің Сертификаттау және ұйымдастыру жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрайымы |
Н. Годунова |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |