Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережені бекіту туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 23-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12680 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Нормативтік қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.03.2018 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 39-бабының 5-тармағына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.03.2018 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      2. Есеп комитетінің Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның міндетін атқарушы А. Мұхаметкәрім

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _________________Б.Сұлтанов

      2015 жылғы 28 желтоқсан

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2015 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 23-н/қ нормативтік
қаулысымен бекітілген

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ереже

      Ескерту. Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.03.2018 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) өкілеттіктерін және қызметінің ұйымдастырылуын айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.03.2018 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      2. Ұлттық комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, осы Ережені және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

2. Ұлттық комиссияның міндеттері

      3. Ұлттық комиссияның міндеттері:

      1) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың кәсіби, іскерлік қасиеттері мен әлеуеттік мүмкіндіктерінің жан-жақты және объективті сипаттамасын айқындау;

      2) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарға сертификаттау жүргізу;

      3) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың сертификаттаудан өту мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу және енгізу болып табылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.03.2018 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

3. Ұлттық комиссияның функциялары

      4. Міндеттеріне сәйкес Ұлттық комиссияға мынадай функциялар жүктеледі:

      1) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың жеке істерін қарау;

      2) Ұлттық комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға сұрау салу жіберу және олардан ақпарат алу;

      3) мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы сертификат тапсыру;

      4) Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 8-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу;

      5) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдармен әңгімелесу өткізу;

      6) Ұлттық комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;

      7) Ұлттық комиссияның құзыретіне жататын мәселелерді қарауға мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдардың лауазымды адамдарын және мамандарын қажеттілігіне қарай тарту;

      8) Ұлттық комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      9) Ұлттық комиссияға жүктелген міндеттерді іске асыру үшін қажетті, Ұлттық комиссиясының Төрағасы белгілеген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.03.2018 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

4. Ұлттық комиссияның құрамы және оның қызметін ұйымдастыру

      5. Ұлттық комиссия Төрағадан және комиссия мүшелерінен тұрады.

      6. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы Ұлттық комиссияның төрағасы болып табылады.

      Ұлттық комиссияның жұмыс органы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) болып табылады.

      Ұлттық комиссияның төрағасы берілген ұсыныстардың негізінде саны кемінде он төрт адам болатын Ұлттық комиссияның дербес құрамын бекітеді.

      Ұлттық комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен бір өкіл, Қазақстан Республикасының Үкіметінен бір өкіл, Есеп комитетінен бес өкіл, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органнан бес өкіл, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары (келісім бойынша) кіреді.

      Өкілдік мемлекеттік саяси қызметшілер және/немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері деңгейінде қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.03.2018 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      7. Ұлттық комиссияның Төрағасы:

      1) Ұлттық комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      2) Ұлттық комиссия отырыстарының өткізілетін орны мен уақытын белгілейді;

      3) Ұлттық комиссияның отырыстарында төрағалық етеді;

      4) Ұлттық комиссияның дербес құрамын бекітеді;

      5) Ұлттық комиссияның жұмыс жоспарын бекітеді;

      6) Ұлттық комиссияның мүшелері орындауға міндетті нұсқаулар береді;

      7) Ұлттық комиссия беретін мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы сертификатқа қол қояды.

      Ұлттық комиссияның төрағасы болмаған кезде оның функцияларын Ұлттық комиссияның төрағасы айқындайтын комиссия мүшесі атқарады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 31.07.2017 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 20.03.2018 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      8. Ұлттық комиссияның шешімдері Ұлттық комиссияның Төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді, ол Есеп комитетінің интернет-ресурсы арқылы қалың көпшілік назарына жеткізіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.03.2018 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      9. Ұлттық комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер дауыс беруге қатысып отырған Ұлттық комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі оларға дауыс берсе, шешімдер қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, Ұлттық комиссияның Төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Ұлттық комиссия мүшелерінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол білдірілген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуға тиіс.

      Дауыс беруді Ұлттық комиссияның мүшелері алмастыру құқығынсыз жүзеге асырады.

      10. Дауыс берудің нәтижелері осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері есепке алу парағына енгізіледі.

      11. Ұлттық комиссияның мүшелері оның отырыстарына қатысады, сондай-ақ Төрағаның тапсырмаларын орындайды.

      12. Ұлттық комиссияның хатшысы Ұлттық комиссияның қызметін қамтамасыз етуге жауапты Есеп комитеті аппаратының құрылымдық бөлімшесінің қызметкері болып табылады.

      Комиссия хатшысы:

      1) Ұлттық комиссияның отырысын ол жүргізілгенге дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын оның мүшелерін кезекті отырыстың өткізілетін күні, орны және күн тәртібі туралы жазбаша түрде хабардар ете отырып ұйымдастырады;

      2) алдағы болатын отырысқа қажетті материалдарды таратуды жүзеге асырады;

      3) өз өкілеттіктері шегінде Ұлттық комиссия Төрағасының тапсырмаларын орындайды.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 31.07.2017 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      13. Ұлттық комиссияның жұмысы бекітілген жоспардың негізінде жүзеге асырылады. Ұлттық комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай, оның мүшелерінің кемінде жартысы қатысқан жағдайда, бірақ жылына реттен сиретпей өткізіледі.

  Мемлекеттік аудитор біліктілігін
иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау жөніндегі ұлттық
комиссия туралы ережеге
қосымша
  нысан

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия мүшесінің дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағы _______________________________________________________ (Ұлттық комиссия мүшесінің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.03.2018 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

Р/с

Кандидаттың Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Жұмыс орны

Атқаратын лауазымы

Дауыс бердім:*

Дауыс
бермедім*

Сәйкес

Сәйкес емес

1

2

3

4

5

6

7

1







2







3














Барлығы:




      Ұлттық комиссия мүшесі: ___________________

      (қолы)

      Күні: 20__жылғы ______________


      * тиісті сандар қойылатын "Барлығы" деген жолды қоспағанда, "Сәйкес" және "Сәйкес

      емес" деген бағандарда "+" немесе "-" деген белгілер қойылады.

      Ұлттық комиссияның мүшесі отырыста болмаған жағдайда тиісті белгі жасалады.