Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 467 қаулысына толықтырулар мен өзгері

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 61 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 26 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6351 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 247 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

      1. «Соттардың қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарауы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы № 17 нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) 8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Сот, сондай-ақ ҚІЖК-нің 361-бабында қарастырылған негіздер мен тәртіп бойынша сот отырысында дәлелдемелерді зерттеуді шектеу туралы қаулы шығара алады.»;
      2) 9-тармақтың бірінші сөйлеміндегі «үшінші» деген сөз «төртінші» деген сөзбен ауыстырылсын, «жаңа» деген сөз алынып тасталсын.
      3) 13-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы                   М. Әлімбеков

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы,
      жалпы отырыс хатшысы                       Ж. Бәйішев