Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 417 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 3 қазанда № 9777 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 307 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 14.06.2016 № 307 бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына және «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы бұйрық:
      1) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күнінен бастап енетін Ереженің 15-тармағы 2), 28), 29) тармақшаларын, 16-тармағының 125), 127), 131) тармақшаларын;
      2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйелерін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күнінен бастап енетін Ереженің 16-тармағы 28), 29), 30), 50), 94) тармақшаларын, 17-тармағының 19), 20) тармақшаларын қоспағанда мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Министр                                          Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің     
2014 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 417 бұйрығымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тарау жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 07.07.2015 № 403 (алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) орталық атқару органының құзыреті шегінде кеден ісі саласындағы реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын, салықтардың, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарнасын есептеуді, ұстауды, аударуды, әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді қамтамасыз ету, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің, темекі бұйымдарының өндірісін, айналымын, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және биоотынның айналымын мемлекеттік реттеу, оңалту және банкроттық саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау, салық саясатын және кеден ісі саласындағы саясатты іске асыруға қатысу, Қазақстан Республикасында Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізумен, оларды Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік рәсімдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен байланысты қатынастарды, мемлекеттік кірістер органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын кедендік реттеуді әзірлеуге және іске асыруға қатысу, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу функцияларын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.
      2. Комитеттің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері, Кедендер, мамандандырылған мемлекеттік мекемелері, аудандар, қалалар, қалалардағы аудандар бойынша және арнайы экономикалық аймақ аумағындағы мемлекеттік кірістер басқармалары жататын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын және тарататын мемлекеттік мекеме нысанындағы заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары бар.
      3. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауымен мөрі және мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары бар.
      5. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Комитеттің, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы бола алады.
      7. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Комитеттің актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Комитеттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Қаржы министрімен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы бекітеді.
      9. Комитеттің заңды мекенжайы: почта индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10.
      10. Комитеттің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Комитетке кәсіпкерлік субъектілермен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге рұқсат етілмейді.
      14. Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осы қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. Комитеттің міндеттері:
      1) өкілеттіктері шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғамның және мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету;
      2) экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды анықтау және тергеу, сондай-ақ «көлеңкелі» экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегия мен бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
      3) салықтардың, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, арнайы демпингке қарсы және өтемдік баждардың толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету;
      4) Қазақстан Республикасының салық, кеден және бюджет саясатын іске асыруға қатысу;
      5) Комитеттің құзыретіне кіретін халықаралық ынтымақтастыққа қатысу;
      6) Комитеттің құзыретіне кіретін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарды әзірлеуге қатысу;
      7) өз құзыреті шегінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін, адам өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес Кеден одағына мүше мемлекеттердің валюталарын, бағалы қағаздарды және (немесе) валюталық құндылықтарды, жол чектерін Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге бақылауды жүзеге асыру кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;
      8) Кеден одағының кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының салық, кеден заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының сақталуын және орындалуын қамтамасыз ету;
      9) мемлекеттік кірістер органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысу;
      10) өз құзыреті шегінде кедендік-тарифтік реттеу шараларының, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;
      11) Кеден одағының бірыңғай сауда саясатын іске асыруға жәрдемдесу;
      12) кедендік реттеу саласында тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуді және Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдету үшін жағдай жасау;
      13) Кеден одағының кедендік аумағы арқылы тауарлар өткізу кезінде зияткерлік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз ету;
      14) кедендік декларациялау мен кедендік бақылауды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік операцияларды жүргізуді оңайлатуға және Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал ететін жағдайлар жасау;
      15) Қазақстан Республикасының өткізу пункттерін және транзиттік әлеуетін дамыту;
      16) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринарлық-санитарлық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау органдарының қызметтерін үйлестіру;
      17) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде көліктік және санитарлық-карантиндік бақылау жүргізу;
      18) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде радиациялық бақылау жүргізу;
      19) кедендік операциялар жасауды және кедендік бақылау жүргізуді, оның ішінде өзара әкімшілік көмек көрсету шеңберінде жүргізу;
      20) кедендік статистика жүргізу;
      21) тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру;
      22) трансферттік баға қолдану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      23) этил спиртінің, алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын, сондай-ақ мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және биоотынның айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
      24) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеудің және төлеудің толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету;
      25) кеден ісі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
      26) оңалту және банкроттық саласындағы (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтау зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
      27) әкімшіні есепке алу, оңалтушы және конкурстық басқарушыларды тағайындау және шеттету тәртібін, сондай-ақ әкімшінің біліктілігін арттыру айқындауға қатысу;
      28) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
      29) экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеу;
      30) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 07.07.2015 № 403 (алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      16. Комитеттің функциялары:
      1) салықтардың, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ арнайы демпингке қарсы және өтемдік баждардың толық және уақтылы түсуін көздейтін заңнаманың сақталуын бақылау;
      2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінде (Салық кодексі), «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде және тиісті халықаралық шарттарда белгіленген тәртіпте халықаралық шарттардың ережелерін қолдану;
      3) басқа мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл;
      4) Комитет құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету;
      5) мемлекеттік кірістер органдарының қарамағына жатқызылған мәселелер бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл және өз өкілеттіктері шегінде халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;
      6) экономикалық және қаржылық қылмыстармен және құқық бұзушылықтармен күрес мәселелері бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл және өз өкілеттіктері шегінде халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;
      7) Кеден одағының кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден, салық заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл;
      8) бюджетке түсімдерді болжамдауға, мемлекеттік бюджетке кірістер түсімі саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға қатысу;
      9) Комитет құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      10) дара кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің орындауға міндетті талаптарды белгілеу және бекіту;
      11) салықтық және кедендік әкімшілендіру өкілеттіктерін жүзеге асыру;
      12) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық бақылауын және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік бақылауды (оның ішінде тауарларды шығарғаннан кейін) жүзеге асыру;
      13) салықтық және кедендік әкімшілендіру бизнес-процестерін жаңғыртуды және қайта инжинирингтеуді жүзеге асыру;
      14) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету;
      15) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
      16) мыналарды:
      сотқа дейінгі іс жүргізу барысында зерттеулерді ұйымдастыру бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қоса алғанда, ақпараттық жүйелерді;
      байланыс және деректерді беру жүйелерді;
      кедендік бақылаудың техникалық құралдарды;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғау құралдарын;
      және мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін өзге де ақпараттық жүйелерді әзірлеу, құру, сатып алу, пайдалану және жаңғырту;
      17) тәуекелдерді бағалау және басқару бойынша қызметті жүзеге асыру, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану;
      18) Қазақстан Республикасының      заңнамасында көзделген тәртіпте салықтық, кедендік тексерулерді, Қазақстан Республикасының баға белгілеу туралы заңымен көзделінген баға белгілеу туралы мәселелер бойынша тексерулерді, Қазақстан Республикасының және Кеден одағының кеден заңымен көзделген тәртіпте кедендік тексерулерді жүзеге асыру;
      19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоспардан тыс салықтық, кедендік тексерулер тағайындау туралы шешім қабылдау;
      20) Қазақстан Республикасының      заңнамасында көзделген тәртіпте салықтардың, кеден баждарының, кеден алымдарының, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артық (қате) төленген немесе артық өндіріліп алынған сомаларын қайтаруды (есепке жатқызуды) жүзеге асыру;
      21) Қазақстан Республикасының      заңнамасында белгіленген тәртіпте ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
      22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты Интернет-ресурсқа орналастыру;
      23) салық төлеушілердің (салық агентінің, оператордың), декларанттың және кеден саласында қызметін жүзеге асыратын өзге де адамның салықтық, кедендік тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымын Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде қарау;
      24) салық берешегін, кеден төлемдері, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      25) мемлекет меншігіне айналдырылған тауарлар мен көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз ету;
      26) хаттамалар жасау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, әкімшілік ұстауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген басқа да шараларды қолдану;
      27) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіпте заңды күшіне енген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды қайта қарау;
      28) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 07.07.2015 № 403 (алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      29) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 07.07.2015 № 403 (алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      30) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 07.07.2015 № 403 (алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      31) мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
      32) Комитет қызметінің маңызды бағыттары бойынша ғылыми-зерттеулер мен әзірлемелер жүргізуді ұйымдастыру;
      33) есеп жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда жанама әдістер негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді (активтерді, міндеттемелерді, айналымды, шығындарды, шығыстарды) айқындау;
      34) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау тағайындау туралы шешім қабылдау;
      35) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту мәселелерін қарау;
      36) мониторинг бойынша есептілік табыс ету мерзімін ұзартудан бас тарту туралы немесе мониторинг бойынша есептілік табыс ету мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдау;
      37) салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорын қалыптастыру;
      38) мемлекеттік тізілімге (тізілімнен) бақылау-касса машиналарының модельдерін енгізу (шығару) жолымен бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімін жүргізу;
      39) салық міндеттемесінің туындауына, орындалуына және тоқтатылуына байланысты мәселелер бойынша түсіндірулерді жүзеге асыру;
      40) нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзыреті шегінде салықтық және салықтық емес түсімдерді бақылау және талдау (мемлекеттік кәсіпорындар пайдасының үлесінен, мемлекеттік меншік болып табылатын акциялардың пакеттеріне дивидендтерден, «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін жалгерлік төлемнен, республикалық мемлекеттік мүлікті жалға беруден және сатудан, мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіруден түсетін түсімдерден, капиталмен жасалған операциялардан алынатын түсімдерден басқа);
      41) бұрын жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды келісімшарттар жасасу кезінде қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкестігі мәніне, сондай-ақ дауларды мәселелерді анықтау және Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушылардың экономикалық мүдделерінің бастапқы теңгерімін қалпына келтіру мақсатында Өнім бөлу туралы келісімге (бұдан әрі - ӨБК) өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер жүргізу мақсатында талдау жүргізу;
      42) халықаралық іскерлік операцияларда трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау, тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) нарықтық бағасынан мәміле бағасының ауытқуы мәселесі бойынша тексеру, нарықтық бағадан мәміле бағасының ауытқуы фактісін анықтау кезінде салық салу объектілерін түзету және олар бойынша трансферттік бағалар қолданылуы мүмкін мәмілелер мониторингін жүргізу;
      43) салық салу мәселелері бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара келісу рәсімдерін жүргізу;
      44) этил спирті мен алкоголь өнімдерінің өндірісі мен айналымына, темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру;
      45) тексерулер жүргізу арқылы субъектілердің этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуіне және айналымына, темекі өнімдерінің өндірісіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау;
      46) Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес алкоголь өнімін белгілі бір түрге жатқызу;
      47) этил спиртінің, алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласында есепке алуды, есептілікті ұйымдастыру;
      48) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес темекі өнімдерінің өндіріс паспорттарын қабылдауды және олардың есебін жүргізуді ұйымдастыру;
      49) мұнай өнімдерінің өндірілуі мен айналымының теңгерімін жасай отырып, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымы бойынша бірыңғай дерекқор жүргізу;
      50) мұнай өнімдерін өндіру мен олардың айналымы жөнінде бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу тәртібін әзірлеуге қатысу;
      51) мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай жеткізушілердің және мұнай өнімдерін базадан сатуды жүзеге асыратын тұлғалардың, сондай-ақ темекі өнімдерін өндіретін тұлғалар қызметінің мониторингін жүргізу;
      52) этил спиртінің, алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын, сондай-ақ мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және биоотынның айналымын бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
      53) этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру және айналымын, темекі бұйымдарын өндіру саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      54) темекі бұйымдарын өндіру және олардың айналымы көлемдерінің теңгерімін бақылауды, есепке алу мен талдауды жүргізу;
      55) этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіруді және олардың айналымын бақылауды жүзеге асыру;
      56) мұнай өнімдерінің және биоотынның айналымын бақылауды жүзеге асыру;
      57) алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерін сату кезінде ең төменгі бағалардың сақталуын бақылау;
      58) этил спиртінің, алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласында, сондай-ақ мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және биоотынның айналымы саласында құқық бұзушыларға мемлекеттік бақылау және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ықпал ету шараларын қабылдау;
      59) этил спиртінің алкоголь өнімін өндірушілерге, фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерге сатылуын, сондай-ақ этил спиртін техникалық мақсатта және алкогольді емес өнімдерді өндіру үшін пайдаланатын ұйымдарға бақылау;
      60) этил спирті мен алкоголь өнімінің белгіленген ең төменгі өндіру көлемін бақылау;
      61) өз құзыреті шегінде субъектілердің этил спиртінің, алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің, сондай-ақ мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және биоотынның өндірісі мен айналымы саласында қолданылатын технологиялық үрдістің, сақтаудың және сатудың, техникалық регламенттер мен стандарттардың нормаларын, ережелерін және нұсқаулықтарын сақтауын бақылау;
      62) акцизделетін тауарларды өндіруді және импорттауды жүзеге асыратын ұйымдардағы акциз бекеттерінің жұмысын бақылау;
      63) этил спиртін өндірудің технологиялық желілерінің және алкоголь өнімдерін құю желілерінің тиісті спирт өлшейтін аппараттармен және есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтандырылуын, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарында, мұнай өнімдерінің базаларында және жанармай құю станцияларында есептеуші бақылау аспаптарын, және олардың жұмыс істеуін бақылау;
      64) өз құзыреті шегінде этил спирті мен алкоголь өнімінің, мұнай өнімдерінің айналымын ілеспе жүкқұжаттары, этил спирті мен алкоголь өнімінің, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы бойынша декларация арқылы бақылауды жүзеге асыру;
      65) жалған және қасақана банкроттықтың белгілерін анықтау;
      66) әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден шығару;
      67) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 07.07.2015 № 403 (алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      68) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 07.07.2015 № 403 (алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      69) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 07.07.2015 № 403 (алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      70) әкімшіні есепке алу, оңалтушы және конкурстық басқарушыларды тағайындау және шеттету тәртібін, сондай-ақ әкімшінің біліктілігін арттыру тәртібін айқындауға қатысу;
      71) оңалтушы және банкроттық басқарушының қорытынды есебінің нысандарын әзірлеуге қатысу;
      72) оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсізділігі) туралы уақытша әкімшінің қорытындысын үлгілік нысандарын әзірлеуге қатысу;
      73) борышкердің қаржылық жағдайы туралы уақытша басқарушының қорытындысын үлгілік нысандарын әзірлеуге қатысу;
      74) уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдарды тіркеу және оларды тіркеуден шығару;
      75) кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтуды және банкроттықты басқарушы етіп тағайындау;
      76) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңында реттелетін қатынастарда уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және конкурстық басқарушылардың электрондық тәсілмен қатысу тәртібін белгілеу жөнінде ұсыныстарды әзірлеу;
      77) табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не республика экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, оның ішінде акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттің бастамасымен банкрот деп танылған, оларға қатысты «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңында осындай тәртіп көзделген ұйымдардың банкроттығы кезінде ерекше шарттар белгілейді және мүліктік массаны өткізу тәртібін және мүліктік масса объектілерін сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптарды белгілейді;
      78) оңалтушы басқарушының оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы, уақытша басқарушының борышкердің қаржылық жай-күйі туралы мәліметтерді жинаудың және банкроттық рәсімнің жүзеге асырылу барысы туралы, банкроттық басқарушының банкроттық рәсімнің жүргізілу барысы туралы ағымдағы ақпараттарын қарау;
      79) уақытша басқарушының борышкерді банкрот деп тану туралы өтініште көрсетілген мекенжай бойынша борышкердің жоқ екені және оның есебінен банкроттық рәсімді жүзеге асыруға болатын мүліктің (активтердің) жоқ екені туралы қорытындысын ескере отырып, жоқ борышкерді банкрот деп тануды және банкроттық рәсім қозғамай оны таратуды келісу;
      80) сот шешімі бойынша:
      «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 4-тармағында көзделген жағдайда кредиторлардың алғашқы жиналысын;
      «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 118-бабында белгіленген тәртіпте банкроттық рәсімін қозғамай банкротты тарату жүргізу;
      81) борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукцион өткізу тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
      82) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес мән-жайларда жасалған мәмілелерді анықтау жөнінде шаралар қабылдау;
      83) оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің жүргізілуін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      84) санацияға қатысушыдан растайтын құжаттарды сұрату;
      85) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көзделген жағдайда банкроттың мүлкін уақытша басқарушының сатуына келісу;
      86) уақытша әкімшінің, оңалту, уақытша және банкроттық басқарушылардың іс-әрекеттеріне жасалған шағымдарды қарау;
      87) мемлекеттік органдардан, заңды тұлғалардан және олардың лауазымды адамдарынан төлемге қабілетсіз және дәрменсіз борышкерлер туралы ақпаратты сұрату және алу;
      88) уақытша және банкроттықты басқарушыларға банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпаратты ұсыну;
      89) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзушылықтар анықталған жағдайда уақытша әкімшінің, оңалту, уақытша және банкроттық басқарушылардың шешімдері мен әрекеттерін (әрекетсіздігін) сотта даулау;
      90) өз құзыреті шегінде оңалту және банкроттық рәсімдердің жүргізілуі, өткізілуі және тоқтатылуы бойынша түсіндірулер мен түсініктемелер беру;
      91) сотқа уақытша басқарушының, уақытша әкімшінің тіркеуден шығарылғаны туралы, сондай-ақ кредиторлар жиналысына оңалту не банкроттық басқарушының тіркеуден шығарылғаны туралы хабарлама жіберу;
      92) оңалту немесе банкроттық басқарушыны шеттету;
      93) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 07.07.2015 № 403 (алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      94) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын бекіту;
      95) ведомствалардың өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру;
      96) Қазақстан Республикасында кедендік реттеу және орындалуы мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген, Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының және өзге де заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету;
      97) тауарлар мен көлік құралдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілуіне Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген тәртіпте ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      98) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдаланумен декларациялау және кедендік тазартуды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      99) қолма-қол ақша қаражаты мен ақша аспаптарын кедендік декларациялауды жүзеге асыру;
      100) жеке тұлғалардың жеке пайдалануы үшін Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын өткізу тәртібін ұйымдастыру;
      101) халықаралық почта жөнелтімдерімен жеке пайдалануы үшін жіберілетін тауарларды өткізу тәртібін ұйымдастыру;
      102) шетелдік тұлғалардың жекелеген санаттарының тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу тәртібін ұйымдастыру;
      103) халықаралық тасымалдың көлік құралдарын өткізу тәртібін ұйымдастыру;
      104) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға бақылауды жүзеге асыру;
      105) трансферттік баға белгілеуді қолдану бойынша келісім жасасуға мәміле қатысушысының өтінішін қарау;
      106) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына қатысты мәселелер және мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы хабардар етуді және кеңес беруді тұрақты негізде қамтамасыз ету;
      107) «Кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген тізілімін жүргізу;
      108) Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының кедендік статистикасын және арнаулы кедендік статистикасын жүргізу;
      109) Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес шартты шығарылған тауарларға кедендік бақылауды жүзеге асыру;
      110) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағынан сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын қазақстандық тауарлардың кері экспортына рұқсат беру;
      111) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік-тарифтік реттеу шараларды, тыйым салулар мен шектеулерді сақтауды қамтамасыз ету;
      112) кедендік декларациялау, кеден бақылауын жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал ететін жағдайлар жасау;
      113) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды ұлттық қауіпсіздік органдарымен және басқа да тиісті мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
      114) өз құзыреті шегінде Кеден одағының кедендік шекарасын қорғауды және кедендік бақылау аймағы режимін сақтауды қамтамасыз ету;
      115) тауарлардың шығарылған елін айқындаудың дұрыстығына бақылауды жүзеге асыру;
      116) тарифтік преференциялар берудің дұрыстығына бақылауды жүзеге асыру;
      117) Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарларды сыныптауына (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) бақылауды жүзеге асыру;
      118) тауарлардың кедендік құнының дұрыс айқындалуына бақылауды жүзеге асыру;
      119) Кеден одағының мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу пункттерінде радиациялық бақылау жүргізуді ұйымдастыру;
      120) кедендік сараптама жүргізу;
      121) Кеден одағы тауарларының мәртебесіне ие болмайтын тауарлар орналастырылған кезде кедендік рәсімдер шарттарының сақталуын кедендік бақылауды жүзеге асыру;
      122) тауарлар шығарылған ел туралы алдын ала шешім, КО СЭҚ ТН сәйкес тауарларды сыныптауы мен Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өзге де шешім қабылдау;
      123) Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған, олардың негізінде кедендік төлемдер мен салықтардан босату берілетін құжаттарды қарау;
      124) Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан жүзеге асырылатын Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумаққа әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдени құндылықтарды, қолма-қол валютаны, қаржы мониторингіне жататын, ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету жөнінде ақпарат жинауды жүзеге асыру;
      125) экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды жасауға дайындалу және жасағаны туралы статистикалық және жедел ақпаратты жинауды, жинақтауды және талдауды жүзеге асыру;
      126) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарын және олардың отбасы мүшелерін заңсыз іс-қимылдардан қорғау;
      127) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіпте экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді (сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу), алдын ала тергеуді, тергеуді жүзеге асыру;
      128) Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру;
      129) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпаратты қорғау және ақпарттық қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      130) өз құзыретінің мәселелері бойынша жалпы республикалық, өңірлік жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шараларды үйлестіруді жүзеге асыру және жүргізу, қолда бар күш пен құралдарды пайдалану жөнінде оңтайлы шешімдер тұжырымдау, Комитеттің аумақтық органдарына практикалық және әдістемелік көмек көрсету, оң жұмыс тәжірибесін жинақтау мен тарату;
      131) жедел-іздестіру, әкімшілік, тергеу қызметі мен анықтау практикасына талдауды жүзеге асыру, республикадағы жедел жағдайға болжам жасау, жедел әрекет ету шараларын қабылдау, экономикалық және қаржылық қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қарсы күрес нысандары мен әдістерін жетілдіру;
      132) Комитеттің қарамағына жатқызылған қылмыстық істер бойынша адамдарды, соттың қаулысы бойынша мемлекет мүддесіне орай қойылған талап-арыздар бойынша жауапкерлердің жүрген жері белгісіз болған кезде оларды іздестіруді жүзеге асыру;
      133) экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес саласында мемлекеттік кірістер органдары қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;
      134) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіпте экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы істерді сот ісіне дейін (оңтайландырған сот ісі) алдын ала тергеуді, анықтауды жүзеге асыру;
      135) Комитеттің құзыреті шегінде орталық атқару органының стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;
      136) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 07.07.2015 № 403 (алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      17. Комитеттің құқықтары мен міндеттері
      Құқықтары:
      1) өз құзыреті шегінде Комитеттің, оның ішінде салықтық және кедендік тексерулерді жүргізу жолымен нормативтік құқықтық және құқықтық актілерін әзірлеу және бекіту;
      2) Қазақстан Республикасында қылмыспен күрес бағдарламаларын әзірлеу және іске асыруға қатысу;
      3) салықтық және кедендік бақылауды, соның ішінде салықтық тексеруді және кедендік тексеруді жүзеге асыру;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Комитеттің негізгі міндеттері мен функцияларды іске асыруға қажетті ақпаратты, құжаттарды, сондай-ақ өзге де мәліметтерді сұрау салу және алу;
      5) салықтық және кедендік бақылауды жүргізген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте түрлі ілім салаларының мамандарын тарту;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес соттарға талаптар қоюға, оның ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушіні (салық агентін) банкрот деп тану туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар салық төлеуші акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару туралы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы сотқа талап-арыз беру;
      7) меншік нысанына қарамай ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды тұлғалардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан құжаттарды, оның ішінде коммерциялық, банктік және Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді, ақпаратты талап етуге, тауарларды көрсетуді талап етуге, сондай-ақ аталған тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, Комитеттің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өзге де әрекеттерді жасауды талап ету;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік бақылау ақпараттық жүйелерін, байланыс жүйелерін және деректерді беру жүйелерін, техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу, жасау және пайдалану, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген міндеттерді қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғану құралдарын беру;
      9) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді хаттамаға түсіру және қарау, әкімшілік ұстауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген басқа да шараларды қолдану;
      10) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіпте заңды күшіне енбеген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыны қайта қарау;
      11) мемлекеттік кірістер органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен, халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас жасау;
      12) Қазақстан Республикасының зандарында белгіленген тәртіппен ғылыми-зерттеу, оқыту, баспа қызметін жүзеге асыру;
      13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өзара ақпарат алмасуды, сондай-ақ электронды тәсілмен қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу;
      14) Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін міндетті нұсқаулар беру;
      15) салық заңнамасы және Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы мәселелері бойынша қоғамның салық және кеден мәдениетін және хабардарлығын арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
      16) Комитет қызметкерлерін даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыру;
      17) Қазақстан Республикасында және шет мемлекеттерде салық және кеден заңнамасын қолдану практикасын талдау және қорыту, сондай-ақ салық заңнамасын және Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
      18) салық салу және кеден ісі саласында халықаралық шарттар жасасу және оған қосылу бойынша ұсыныстар енгізу;
      19) жолаушылар және тауар ағымының көлемін, жекелеген өңірлердің және (немесе) сыртқы экономикалық және өзге қызметке қатысушылардың сыртқы экономикалық байланыстарының даму қарқынын негізге ала отырып, Комитеттің кедендік декларациялауды және кедендік бақылауды жүзеге асыратын аумақтық органдарының орналасқан орнын айқындау;
      20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік декларациялауды және кедендік бақылауды жүзеге асыратын Комитеттің аумақтық органдарының жұмыс уақытын айқындау;
      21) Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының, бағыныстағы мекемелерінің жұмысын бақылау;
      22) бұрын жасалған Өнімді бөлу туралы келісімге (бұдан әрі - ӨБК) өзгертулер мен толықтыруларды талдау, сондай-ақ бұрын жасалған ӨБК-нің қаржылық-экономикалық үлгілеріне өзгертулер мен толықтырулар бойынша технико-экономикалық есептер жүргізу;
      23) жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттарды жасау кезінде қолданыста болған олардың бұрын жасалған келісім-шарттарының ережелері Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкестігін, сондай-ақ ӨБК-ге өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер жүргізу және даулы мәселелерді анықтау мақсатында, оның ішінде Қазақстан Республикасының және жер қойнауын пайдаланушылардың экономикалық мүдделерінің бастапқы теңгерімдерін қалпына келтіру мақсатында талдау жүргізу;
      24) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттардың және ӨБК ережелерін бірыңғай түсіндіру мақсатында, оның ішінде тиісті жұмыс топтарына қатысуға, қажетті нұсқамалық құжаттарды дайындауға әдістемелік жұмыстар жүргізу;
      25) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте салық салумен байланысты объектілерді және (немесе) салық салу объектілерін жанама әдіспен анықтау;
      26) оңалту рәсімдерін және банкроттық рәсімдерді жүргізуде Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген талаптарды әкімшімен сақталуына тексеру жүргізу;
      27) оңалту рәсімдерін және банкроттық рәсімдерді жүргізуге басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тартуда Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген талаптарды әкімшімен сақталуына тексеру жүргізу;
      28) әкімшінің қызметіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы, сондай-ақ осы бұзушылықтар үшін босатылған бұның алдындағы әкімшінің қызметіне тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберу;
      29) әкімшінің қызметіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалғаны туралы есеп берілуін талап ету;
      30) Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіпте банкроттық рәсімін қозғамай банкротты тарату;
      31) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын реттеу мәселелері бойынша басқа мемлекеттердің және Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларынан консультанттар мен сарапшыларды, басқа да мемлекеттік органдардың мамандарын тарту;
      32) алкоголь өнімдерін сақтау, бөлшек және көтерме сату бойынша қызметке лицензия беру кезінде қызметін жүргізуші объектінің орналасқан жері бойынша Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлерін тарту;
      33) этил спиртін, алкоголь өнімдерін, темекі өнімдерін, және мұнай өнімдерінің жеке түрлерін өндіру және айналдыру саласында қызмет ететін, технологиялық үрдістердің ережелерін және нұсқауларын, техникалық регламенттер мен стандарттарын сақтау және әзірлеудің субъектілермен сақталуын тексеру;
      34) этил спирті өндірісінің технологиялық желісін және алкоголь өнімдерінің құйылу желісін тиісті спирт өлшеуші аппараттармен және есепті бақылау құралдарымен жабдықтау және олардың жұмыс істеуін жүзеге асыру;
      35) арақ пен ликер-арақ бұйымдарының, этил спиртін әзірлеудің ең төменгі көлемін, Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген талаптардың сақталуы үшін оларды әзірлеу бойынша нақты көлемін тексеру;
      36) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша субъектілерге тексеру жүргізу;
      37) уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардың салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу дұрыстығы, алу толықтығы және аудару уақтылылығы мәселелері бойынша тексеру жүргізу;
      38) Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық декларациясын табыс ету мерзімдерін ұзарту туралы шешім қабылдау;
      39) Кеден одағының кедендік аумағынан мемлекеттік кірістер органдарының рұқсатынсыз шығып кеткен көлік құралдарын тоқтатуға, сондай- ақ су және әуе кемелерін мәжбүрлеп қайтару;
      40) өз құзыреті шегінде темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер беру туралы темекі өнімдерін өндірушілерге сұрау салу жіберу;
      41) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды жүзеге асыру;
      42) көшпелі кедендік тексерулер жүргізу кезінде алып қою актісін жасай отырып, тексерілетін тұлғадан құжаттарды не олардың көшірмелерін алып қою;
      43) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тауарларды иеліктен айыруға не өзге тәсілмен билік етуге бағытталған іс-әрекеттердің жолын кесу үшін көшпелі кедендік тексеру жүргізу мерзіміне тауарларға тыйым салуға немесе оларды алып қою;
      44) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда тауарлар орналасқан үй-жайларға сүргі салу;
      45) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттерге кеден ісі мәселелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының ресми өкілдерін жіберу;
      46) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдарына және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлікті алып қоюға немесе арасынан алуды жүргізу;
      47) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес фактілер мен оқиғаларды құжаттау, видео және аудио жазбаға, кино және фотоға түсіру;
      48) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген функцияларды орындау үшін қаруды, арнайы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда, сондай-ақ тауарлар, арнайы иттер сатып алу;
      49) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене күшін, арнаулы құралдарды және атыс қаруын қолдану;
      50) «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру;
      51) жеке және заңды тұлғаларға қылмыстар және өзге де құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуға міндетті нұсқамалар мен ұсынымдар беру;
      52) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қару, оқ-дәрі, арнайы құралдар сақтауға, алып жүруге және қолдануға, сондай-ақ қажет кезінде білек күшін, оның ішінде күрестің жауынгерлік тәсілдерін де қолдану;
      53) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыру;
      54) іс жүргізуде жатқан материалдар мен қылмыстық істер бойынша құжаттарға, материалдарға, статистикалық ақпаратқа және өзге мәліметтерге қол жеткізуге, сондай-ақ ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарынан, жеке тұлғалардан оларды беруді талап етуге, олардың көшірмелерін түсіруге, түсініктемелер алу;
      55) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен тиісті уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалану;
      56) іс жүргізуде жатқан қылмыстық істер бойынша шақыру бойынша келуден жалтарып жүрген адамдарды күштеп әкелу;
      57) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды күзетпен алып жүру;
      58) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құзыреттер шегінде криминалистік зерттеулер жүргізу;
      59) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру құқығы бар.
      Міндеттері:
      60) декларанттардың және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың, салық төлеушілердің (салық агенттерінің) заңды құқықтарын сақтау;
      61) мемлекет мүдделерін қорғау;
      62) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен және басқа да тиісті мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, Кеден одағының кедендік шекарасын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
      63) Комитеттің құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету;
      64) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ арнайы демпингке қарсы және өтемдік баждардың түсуінің толықтығын көздейтін заңнаманың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
      65) салықтық және кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыру;
      66) салық берешектерін, кедендік берешектер бойынша төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды мәжбүрлеп өндіру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
      67) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салықтық және кедендік (оның ішінде тауарлар шығарылғаннан кейін) бақылауды жүзеге асыру;
      68) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен артық (қате) төленген немесе артығымен өндіріліп алынған салық, кеден салымдарын, кеден баждарын бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және өзге де ақшаларды қайтаруды (есептеуді) жүзеге асыру;
      69) мемлекеттік кірістер органының шешіміне және оның лауазымды адамдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау;
      70) салықтық құпияны және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны сақтау;
      71) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттеріне және стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
      72) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіпте әкімшілік жауапкершілікке тарту;
      73) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарына және олардың отбасы мүшелеріне қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттерден қорғауды қамтамасыз ету;
      74) салық төлеушілерді, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды, есептелген, есепке жазылған және төленген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, есептелген, ұсталған және аударылған міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, есептелген және төленген әлеуметтік аударымдарды есепке алуды жүргізу;
      75) өз құзыреті шегінде трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша салық міндеттемесінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы жөнінде, сондай-ақ оңалту және банкроттық рәсімдерді тоқтату және жүргізу, енгізу бойынша түсіндіруді жүзеге асыруға және түсініктемелер беру;
      76) салық төлеушіге (салық агентіне) қолданыстағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат беру, салықтық нысандарды толтыру тәртібін түсіндіру;
      77) бұқаралық ақпарат құралдарында декларанттардың және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың, салық төлеушілердің (салық агенттерінің) кеден төлемдері, салық және өсімпұлдар бойынша салық берешегі бар салық төлеушілердің (салық агенттерінің), сондай-ақ әрекетсіз заңды тұлғалардың және заңды күшіне енген сот үкімінің не қаулысының негізінде Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте және жағдайда жалған кәсіпорындар болып танылған салық төлеушілердің тізімдерін жариялау;
      78) мемлекеттің меншігіне айналған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті мемлекеттік органға берілуінің толықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ ол өткізілген жағдайда бюджетке ақшаның түсуінің толықтығы мен уақтылылығын бақылауды жүзеге асыру;
      79) мемлекет меншігіне айналдырылған тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету;
      80) уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу дұрыстығы, алу толықтығы және аудару уақтылылығы мәселелері жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыру;
      81) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыру;
      82) кеден ісі саласында ақпарат және консультация беруді өтеусіз жүзеге асыру;
      83) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген салық төлеушіге (салық агентіне) мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын, салықтық өтініштердің белгіленген нысандарының бланкілерін және (немесе) электрондық түрде салық есептіліктері мен өтініштерін беру үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етілімді тегін беру;
      84) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал ететін жағдайлар жасау жолымен сыртқы сауданың дамуына жәрдемдесу;
      85) өз өкілеттігі шегінде декларанттарға және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға өз құқықтарын іске асыруға жәрдемдесу;
      86) декларанттардың және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың Кеден одағы және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген шарттарды сақтауы және міндеттерді орындауы бойынша олардың қызметін бақылауды жүзеге асыру;
      87) өз құзыреті шегінде Кеден одағының кедендік шекарасын күзетуді қамтамасыз ету;
      88) кеден ісін жетілдіру және кедендік әкімшілік жүргізудің тиімді әдістерін енгізу мақсатында сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау;
      89) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындау;
      90) Комитеттің құзыреті шегінде экономикалық, қаржылық қылмыстарды және құқық бұзушылықтарды ескерту, алдын алу, ашу және анықтау бойынша тергеу шараларын қабылдау;
      91) жасалған немесе жасалуға әзірленіп жатқан қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды қабылдауға, тіркеуге және қарауға, қылмыстардың жолын кесу, оларды ашу, сондай-ақ қылмыс жасаған адамдарды ұстау және қоғамға қауіпті салдарына жол бермеу жөнінде дер кезінде шаралар қолдану;
      92) қылмыстық және құқық бұзушылықтар келтірген мүліктік зиянның өтелуін қамтамасыз ету үшін құзыреті шегінде шаралар қолдану;
      93) қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау жөнінде заң актілерінде көзделген шараларды қолдану;
      94) Қазақстан Республикасының зандарымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
 

3. Қызметті ұйымдастыру

      18. Комитеттің басшылығы Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады.
      19. Төрағаны Қазақстан Республикасының Қаржы министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. Шет елдегі кеден ісі мәселелері жөніндегі мемлекеттік кірістер органдарының ресми өкілдері Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Комитет Төрағасының ұсынуы бойынша тағайындалады және қызметтен босатылады.
      22. Комитеттің Төрағасы мынадай уәкілеттікті жүзеге асырады:
      1) өз орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері, «Достық» кедені басшыларының, мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің басшыларының, ішкі қауіпсіздік бөлімшілерінің басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
      Комитеттің қызметкерлері мен қызметшілерін; облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері басшылары мен басшыларының орынбасарларын;
      аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар және арнайы экономикалық аймақтар бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылары мен басшыларының орынбасарларын;
      кедендердің басшыларын, сондай-ақ «Достық» кедені бойынша басшыны және басшының орынбасарларын;
      кедендердің басшыларын, сондай-ақ «Достық» кедені бойынша басшыны және басшының орынбасарларын;
      мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің басшыларын;
      кедендік посттардың «кедендік рәсімдеу орталықтары» - басқармаларының басшыларын;
      облыстар, Астана және Алматы қалалары және «Достық» кедені бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің, басшыларын, басшыларының орынбасарларын және қызметкерлерін;
      облыстар, Астана және Алматы қалалары және «Достық» кедені бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің экономикалық тергеу қызметі басқармаларының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте тәртіптік жауаптылық шараларын қолданады;
      4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері, оның аумақтық органдары, «Достық» кедені және мамандандырылған мемлекеттік мекемелер туралы ережелерді бекітеді;
      5) Комитеттің штат санының лимиті шегінде штаттық кестесін бекітеді;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Комитеттің қызметкерлері мен қызметшілерін, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері басшыларын, «Достық» кеденінің басшысын, мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің басшыларын іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даялау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйақы беру мәселелерін шешеді;
      7) құзыреті шегінде Комитеттің құқықтық және нормативтік құқықтық актілеріне қол қояды;
      8) Комитеттің заң бөлімшесіне жетекшілік етеді;
      9) барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Комитетті білдіреді;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де уәкілеттікті жүзеге асырады.
      11) Төраға болмаған уақытта оның міндеттерін Комитеттің Төрағасы айқындайтын оның орынбасарларының бірі атқарады.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 07.07.2015 № 403 (алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      23. Комитеттің консультациялық-кеңесші органы болып табылатын және мемлекеттік кірістер органдарының қызметтік мәселелерін қарайтын алқасы болуы мүмкін. Алқаның сандық және персоналдық құрамын Комитеттің Төрағасы бекітеді.
 

4. Комитеттің мүлкі

      24. Комитеттің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
      Комитеттің мүлкі, оның меншігіне берілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздерден және меншіктік қызметтер нәтижесінде алынған мүліктер есебінен (ақша кірістерін қоса алғанда) құралады.
      25. Комитеттің өзіне бекітілген мүлік республика меншігіне жатады.
      26. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша берілген құралдар есебінен алынған мүлікті Қазақстан Республикасының заңнамасымен егер өзгеше белгіленбесе өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзгелей тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
 

5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.