Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 14.06.2016 № 307 бұйрығымен.
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 417 (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9777 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 қазандағы № 163 (2557) «Заң газеті» газетінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережеде:
1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) орталық атқару органының құзыреті шегінде кеден ісі саласындағы реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын, салықтардың, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарнасын есептеуді, ұстауды, аударуды, әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді қамтамасыз ету, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің, темекі бұйымдарының өндірісін, айналымын, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және биоотынның айналымын мемлекеттік реттеу, оңалту және банкроттық саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау, салық саясатын және кеден ісі саласындағы саясатты іске асыруға қатысу, Қазақстан Республикасында Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізумен, оларды Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік рәсімдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен байланысты қатынастарды, мемлекеттік кірістер органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын кедендік реттеуді әзірлеуге және іске асыруға қатысу, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу функцияларын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.
2. Комитеттің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері, Кедендер, мамандандырылған мемлекеттік мекемелері, аудандар, қалалар, қалалардағы аудандар бойынша және арнайы экономикалық аймақ аумағындағы мемлекеттік кірістер басқармалары жататын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын және тарататын мемлекеттік мекеме нысанындағы заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары бар.
3. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауымен мөрі және мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Комитеттің, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы бола алады.
7. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Комитеттің актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Комитеттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Қаржы министрімен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы бекітеді.
9. Комитеттің заңды мекенжайы: почта индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10.
10. Комитеттің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Комитетке кәсіпкерлік субъектілермен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге рұқсат етілмейді.
14. Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осы қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.»;
15-тармақтың 26) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«26) оңалту және банкроттық саласындағы (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтау зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;»;
16-тармақтың 28) - 30), 67 - 69 және 93) тармақшалары алып тасталсын;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Комитеттің Төрағасы мынадай уәкілеттікті жүзеге асырады:
1) өз орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері, «Достық» кедені басшыларының, мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің басшыларының, ішкі қауіпсіздік бөлімшілерінің басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
Комитеттің қызметкерлері мен қызметшілерін; облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері басшылары мен басшыларының орынбасарларын;
аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар және арнайы экономикалық аймақтар бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылары мен басшыларының орынбасарларын;
кедендердің басшыларын, сондай-ақ «Достық» кедені бойынша басшыны және басшының орынбасарларын;
кедендердің басшыларын, сондай-ақ «Достық» кедені бойынша басшыны және басшының орынбасарларын;
мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің басшыларын;
кедендік посттардың «кедендік рәсімдеу орталықтары» - басқармаларының басшыларын;
облыстар, Астана және Алматы қалалары және «Достық» кедені бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің, басшыларын, басшыларының орынбасарларын және қызметкерлерін;
облыстар, Астана және Алматы қалалары және «Достық» кедені бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің экономикалық тергеу қызметі басқармаларының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте тәртіптік жауаптылық шараларын қолданады;
4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері, оның аумақтық органдары, «Достық» кедені және мамандандырылған мемлекеттік мекемелер туралы ережелерді бекітеді;
5) Комитеттің штат санының лимиті шегінде штаттық кестесін бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Комитеттің қызметкерлері мен қызметшілерін, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері басшыларын, «Достық» кеденінің басшысын, мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің басшыларын іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даялау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйақы беру мәселелерін шешеді;
7) құзыреті шегінде Комитеттің құқықтық және нормативтік құқықтық актілеріне қол қояды;
8) Комитеттің заң бөлімшесіне жетекшілік етеді;
9) барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Комитетті білдіреді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де уәкілеттікті жүзеге асырады.
11) Төраға болмаған уақытта оның міндеттерін Комитеттің Төрағасы айқындайтын оның орынбасарларының бірі атқарады.».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен
бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі Б. Сұлтанов