Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын жолдардың тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 383 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 шілдеде № 9635 тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 10-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын жолдардың тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3-1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың полиция департаменттерінің, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары:

      1) ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықтың талаптарын зерделеуін және сақтауын қамтамасыз етсін;

      2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.

      Ескерту. Бұйрық 3-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 29.12.2018 № 923 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2014 жылғы 19 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 26 маусымдағы
№ 383 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын жолдардың тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын жолдардың тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар пайдаланылатын жолдардың (бұдан әрі – автомобиль жолдары) тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 25.04.2017 № 288 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Пайдаланылатын автомобиль жолдарының тәуекел дәрежесін бағалау автомобиль жолдарын пайдалану тәуекелінің нақты деңгейі туралы ақпарат алу және бұл ақпаратты автомобиль жолдарын күтіп ұстау сапасын басқару үшін пайдалану мақсатында жүргізіледі.

      3. Пайдаланылатын автомобиль жолдарының тәуекел дәрежесін бағалауды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамы (бұдан әрі – лауазымды адам) белгілейді.

      4. Қағидалар пайдаланылатын автомобиль жолдарының мынадай тәуекел дәрежелерін белгілейді:

      1) төменгі (5 балл) – автомобиль жолын күтіп ұстау автомобиль жолының тұтынушылық қасиеттерін ортадан жоғары деңгейде ұстауды қамтамасыз етеді. Автомобиль жолы, оның әрбір конструктивтік элементі мен құрамдас бөліктері автокөлік құралдарының автомобиль жолын күтіп ұстаумен байланысты себептер бойынша көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын төмендетуге жол бермейтін, тәулік бойы, үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін жай-күйде ұсталады. Автомобиль жолдарының дефектілеріне байланысты жол жағдайлары бойынша жол-көлік оқиғалары (бұдан әрі – ЖЖ ЖКО) болмайды;

      2) орташа (4 балл) – автомобиль жолын күтіп ұстау автомобиль жолының тұтынушылық қасиеттерін рұқсат етілгеннен жоғары деңгейде ұстауды қамтамасыз етеді. Автомобиль жолы конструктивтік элементтерінің және оның құрамдас бөліктерінің күтіп ұстауға байланысты жай-күйі көлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеу немесе тоқтату қажеттілігін тудырмайды. Автомобиль жолдарының дефектілеріне байланысты ЖЖБ ЖКО болмайды;

      3) рұқсат етілген (3 балл) – автомобиль жолын күтіп ұстау қозғалыс қауіпсіздігінің рұқсат етілген деңгейін қамтамасыз етеді. Қолайсыз ауа райы-климаттық жағдайлар кезінде оларды күтіп ұстау жағдайларына қарай жекелеген учаскелерде көлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеуге немесе тоқтатуға жол беріледі. Автомобиль жолдарының дефектілеріне байланысты ЖЖБ ЖКО болмайды;

      4) рұқсат етілмеген (2 балл) - автомобиль жолын күтіп ұстау қозғалыс қауіпсіздігінің рұқсат етілген деңгейін қамтамасыз етпейді. Автомобиль жолдарының дефектілеріне байланысты ЖЖБ ЖКО тіркелген және (немесе) жекелеген учаскелерде көлік құралдарының қозғалысын тоқтатуға әкеп соғатын, автомобиль жолдарын күтіп ұстаудың рұқсат етілмеген деңгейі тіркелген.

      5. Лауазымды адам пайдаланылатын автомобиль жолдарының тәуекел дәрежесін бағалауды тәуліктің кез келген уақытында, бірақ автомобиль жолының барлық ұзындығы бойынша жылына кем дегенде екі рет тағайындайды, бұл туралы келісімшарттың негізінде автомобиль жолының осы учаскесіне қызмет көрсететін ұйымға (бұдан әрі – ұйым) хабарлама жібереді. Лауазымды адам пайдаланылатын автомобиль жолдарының тәуекел дәрежесін бағалауды ұйым хабарлама алған сәттен бастап 72 сағат өткен соң жүргізеді.

      Лауазымды адам автомобиль жолының жекелеген учаскелерінің тәуекел дәрежесін іріктеп бағалауды жүргізеді.

      6. Жыл мезгіліне байланысты пайдаланылатын автомобиль жолдарының тәуекел дәрежесін бағалаудың екі жүйелі кезеңі белгіленеді – қысқы және көктемгі-жазғы-күзгі.

      7. Пайдаланылатын автомобиль жолдарының тәуекел дәрежесін бағалау жүргізілетін автомобиль жолының ең аз учаскесі бір километрге тең.

      Автомобиль жолында километрлік белгі болмаған жағдайда учаскенің бір километр болатын ұзындығы көлік құралының одометрі бойынша қадағаланады.

      Егер автомобиль жолының ұзындығы тұтас километрлер санын құрамаса, онда тұтас емес соңғы километр, егер оның ұзындығы бес жүз метрге тең немесе одан артық болса, өздігінен жеке километр болып бағаланады, егер оның ұзындығы бес жүз метрден аз болса, бағалау кезінде соңғы тұтас километрдің құрамына қосылады.

      Пайдаланылатын автомобиль жолдарының тәуекел дәрежесін бағалау жүзеге асырылып жатқан жасанды жол құрылыстарының ұзындығы олардың ұзына бойына байланысты айқындалады.

      8. Тәуекел дәрежесін бағалауға (жол жүрісін ұйымдастырудың тиісті құралдарын қолданған жағдайда):

      1) табиғи апатқа немесе оған теңестірілуі мүмкін өзге де оқиғаларға тап болған автомобиль жолдарының учаскелері салдарын жою үшін тиісті органдар белгілеген мерзім ішінде;

      2) күтіп ұстау деңгейін бағалауды жүргізу сәтінде автомобиль жолдарын қайта жөндеу, күрделі және орташа жөндеу бойынша жұмыстар атқарылып жатқан, оның ішінде осындай учаскелермен қосылатын және қиылысатын жолдар салынып жатқан учаскелер жатпайды.

      9. Пайдаланылатын автомобиль жолдарының тәуекел дәрежесі әрбір шағын учаскеде автомобиль жолдарын пайдаланудың барлық бағаланатын көрсеткіштері тәуекелінің нақты дәрежесін автомобиль жолдарына қызмет көрсету келісімшартының шарттарына сәйкес берілгендермен салыстыру арқылы айқындалады.

      10. Пайдаланылатын автомобиль жолдарының тәуекелдер дәрежесін бағалау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес анықталған дефектілер түрлерінің негізінде жүргізіледі.

      11. Ұйым лауазымды адамға пайдаланылатын автомобиль жолдарының тәуекел дәрежесін бағалау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті мынадай құжаттарды:

      1) алдын ала толтырылған шығыс деректері (автомобиль жолының атауы, санаты, учаскенің мекенжайы, талап етілетін күтіп ұстау деңгейі) бар пайдаланылатын автомобиль жолының жұмыстарын қабылдау актілерін;

      2) көпір құрылыстарын, көпірлерді тексеру журналдарын, жасанды құрылыстарды ағымдық тексеру журналдарын;

      3) жұмыстарды жүргізу журналдарын және автомобиль жолдарын тексеру журналдарын ұсынады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 25.04.2017 № 288 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Лауазымды адам осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттар бойынша тәуекел дәрежесін бағалау мәніне автомобиль жолының учаскесіне тексеріс жүргізгенге дейін есеп беру кезеңінде автомобиль жолдарын күтіп ұстау дефектілерін уақылы жоймау жағдайларына жол берілген автомобиль жолының учаскелерін және есеп беру кезеңінің алдындағы ЖКО-ларды анықтайды.

      Есеп беру кезеңінде ЖЖ ЖКО-ның болуы мәніне тәуекелдер дәрежесін бағалауды айқындау кезінде лауазымды адам ЖЖ ЖКО-ға жүргізілген талдау материалдарын пайдаланады.

      13. Есеп беру кезеңінде пайдаланылатын автомобиль жолдары тәуекелінің дәрежесін бағалау кезіндегі ЖЖ ЖКО туралы мәліметтер есеп беру кезеңінің алдындағы мәліметтерге сәйкес ескеріледі.

      14. Автомобиль жолының пайдаланылатын учаскесінің тәуекел дәрежесі автомобиль жолын, әрбір конструктивтік элементін және автомобиль жолы конструктивтік элементінің құрамдас бөліктерін визуалдық тексеру арқылы айқындалады. Тексеріс нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автомобиль жолын тексеру актісі жасалады. Тәуекел дәрежесін бағалауды жүргізу кезінде лауазымды адам мен автомобиль жолы иесінің өкілі арасында келіспеушіліктер болған жағдайда анықталған дефектілерді тіркей отырып, аспаптық өлшеу жұмыстары атқарылады.

      15. Пайдаланылатын өлшеу жабдығының, аспаптардың, пайдаланылатын автомобиль жолдарының тәуекел дәрежесін бағалауды жүргізуге арналған жылжымалы зертханалардың тексеруден өткені туралы куәлігі болуы тиіс. Бұл жабдық Өлшеу құралдарының мемлекеттік тізіліміне енгізілуі не метрологиялық тұрғыдан аттестатталуы тиіс.

      16. Бағалау процесінде лауазымды адам автомобиль жолының әрбір километрінде осы дефектілердің параметрлерін көрсете отырып, конструктивтік элементтер мен олардың құрамдас бөліктері бойынша күтіп ұстау дефектілерін тіркейді.

      17. Автомобиль жолының учаскесін пайдаланудың тәуекел дәрежесі:

      1) егер автомобиль жолының он километрі бойында топырақ жабыны, жол киімі мен төсемі, жасанды жол құрылыстары, автомобиль жолдарын жайғастыру элементтері және қыста күтіп ұстау бойынша қоса алғанда оннан астам дефекті болса, екі баллмен;

      2) егер автомобиль жолының он километрі бойында топырақ жабыны, жол киімі мен төсемі, жасанды жол құрылыстары, автомобиль жолдарын жайғастыру элементтері және қыста күтіп ұстау бойынша қоса алғанда бестен онға дейін дефекті болса, үш баллмен;

      3) егер дефектінің/дефектілердің болуы немесе ауқымы көлік құралының қозғалыс жылдамдығын төмендетуге әкеп соқпаса және жол жүрісі қауіпсіздігіне ықпал етпесе, төрт баллмен;

      4) дефектілері жоқ жолдар бес баллмен бағаланады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 02.12.2015 № 981 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Автомобиль жолының тәуекел дәрежесін бағалауды жүргізу қорытындылары бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның басшылығы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, техникалық регламентте белгіленген мерзімдерге сәйкес анықталған дефектілерді жою жөнінде ұйғарым береді.

      19. Жою мерзімі өткеннен кейін ұйғарымның орындалуы ұйғарымда көрсетілген автомобиль жолының километрлеріне қайта тексеру жүргізу жолымен тексеріледі. Қайта тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есеп беру кезеңінде пайдаланылатын автомобиль жолдарының тәуекел дәрежесін бағалау барысында анықталған ескертулерді жою туралы ұйғарымның орындалуын тексеру актісі толтырылады.

      Егер анықталған дефектілер берілген ұйғарымда көрсетілген мерзімдерде жойылмаса, осындай дефектілер тіркелген автомобиль жолы бойынша тәуекелдер дәрежесінің бағасын бір баллға төмендету жүргізіледі және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 20.04.2018 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Жүргізілген тәуекел дәрежесін бағалау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланылатын автомобиль жолының, пайдаланылатын автомобиль жолдары желісінің тәуекел дәрежесін бағалау актісі ресімделеді.

  Қазақстан Республикасының
аумағында пайдаланылатын
жолдардың тәуекелдер дәрежесін
бағалауды ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
1-қосымша

Автомобиль жолдарын пайдаланудағы ақаулардың түрлері

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 20.04.2018 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Ақау коды

Ақау түрі

Ақау сипаттамасы

1

2

3

1. Топырақ жабыны

1.1

Шөгу

Топырақ жабыны үйіндісін нығыздау процесінде оның тігінен, бірқалыпты түсуі. Жол киімі өзгеріске ұшырамайтын жағдайда жолдың үстіңгі қабатының отыруы.

1.2

Отыру

Төселген топырағы нашар учаскелерде көлік өткен кезде топырақ жабынының түсуі, үйінді етегінде төмендеулердің не материалдарды тебіндеу кезінде дөңдердің пайда болуы.

1.3

Сырғу

Қия беткей учаскелерде үйінді құламасының сырғанау беті бойынша етегіне қарай жылжып кетуі. 100% асатын құламаға қарай еңістіктің пайда болуымен көлденең пішіннің күрт өзгеруі. Жол жиектеріндегі, құламалардағы ұзына бойы жарылулар. Бөлініп шыққан топырақтың үйінді етегіне жиналуы.

1.4

Жылжу

Төменгі жақтан топырақтың отыруымен және тебіндеуімен жолдың көлденең осі бағытында жол учаскесінің еңіс қабаты бойынша үйіндінің жылжып түсуі

1.5

Иірім

Еріген кезде жол киімін бұза отырып, қысқы кезеңде жекелеген учаскелерде жабын бетінің шаң түстес топырақ түрлері қатқан кезеңде қарқынды ылғал жинаудан туындаған, қысқы кезеңде жабын бетінің көтерілуі (төмпешіктенуі). Әдетте, жолдар 0,5-тен 100 м дейін және одан да көп учаскелермен зақымданады.

1.6

Сейілу

Желдің ұйытқуынан құмды топырақ жабынының формасы мен көлемінің, құмды алып кетуден туындаған жол жиектері шеттері мен топырақ жабыны құламаларының өзгеруі (жол жиектерінің тарылуы, құламалардың сырғып кетуі).

1.7

Жырынды

Еріген үстіртін сулардың және атмосфералық шөгінділердің әсерінен топырақ жабынының формасы мен көлемінің (салмағы) өзгеруі. Ағып жатқан судың әсерінен жыра құламалары түбінің, топырақ жабыны құламалары мен жиегінің бұзылуы.

1.8

Шөгінді, опырылу, құлап түсу

Құлама материалдарының бөлінуі және жолдың үстіңгі бетіне шығуы. Топырақ жабынының қабатына әртүрлі өлшемдегі тау жынысының жиналып қалуы.

1.9

Жол жиегіндегі жолтабан

Автомобильдердің жеткіліксіз нығайтылған және нығыздалған жол жиегіне шығып кетуінің нәтижесі ретінде ұзына бойы бағытта оқшауландырылған, көліктің әсерінен пішіннің өзгеруі

1.10

Жол жиегіндегі ойылған жерлер

Пішіні күрт бұрмаланып, жол жиегінің жол киімінің түбіне және одан да тереңге дейін бұзылуы

1.11

Жол жиегінің кері ауытқуы

Жол жиектері кері қарай ауытқыған және жол жиегі мен жүріс бөлігі арасында судың тұрып қалуына ықпал етеді

1.12

Бекітілмеген жол жиектері

Күшейту мақсатында пайдаланылатын материалмен нығайтылмаған жол жиегі

1.13

Нашар түйісу

Жабынмен оның деңгейінен 3 см астам жоғары немесе төмен жанасатын жерлердегі жол жиектері

1.14

Қоқыс пен бөгде заттар

Автомобиль жолының конструктивтік элементтерінде және (немесе) бұру жолағында лайдың, қоқыстың болуы. Жол жүрісін ұйымдастыру жобасында көзделмеген және жол-көлік оқиғаларының туындауы үшін алғышарттар тудыратын бөгде заттардың (жол материалдарының, бұйымдардың, конструкциялардың және т.б.) болуы

2. Жол киімі және жабын

2.1

Жарылулар

Материалды жоймастан, тар жіктер жасай отырып, жабын тұтастығының бұзылуы. Жарылулар жабында орналасуына қарай (көлденең, ұзына бойы, көлбеу), санына қарай (дара, оқшау, сирек, жиі, жарылулар торы) бөлінеді

2.1.1

Дара

Қандай да бір заңдылыққа қарамастан, бір-бірінен 10 м (4 м артық) шамасында орналасқан ұзына бойы және көлденең жарылулар

2.1.2

Оқшау

Бірінен бірі шамамен бірдей қашықтықта орналасқан көлденең жарылулар. Көршілес жарылулардың ара қашықтығы кемінде 10 м.

2.1.3

Сирек

Өзара байланыспаған көлденең және көлбеу (көбінесе тармақталған) жарылулар. Көршілес жарылулардың орташа ара қашықтығы 4-10 м.

2.1.4

Жиі

Кей кезде өзара байланысқан, бірақ, әдетте, түйісетін фигураларды құрамайтын тармақтары бар көлденең және көлбеу жарылулар. Көршілес жарылулардың орташа ара қашықтығы 1-4 м.

2.1.5

Жарылулар торы

Жабынның үстіңгі қабатын беттері 0,5-1 м болатын көпбұрыштарға бөлетін өзара қиылысатын жарылулар

2.1.6

Ашылған

Ашылу ені 3 мм және одан да көп болатын өнделмеген жарылулар

2.2

Толқындар

Жолдың осіне қатысты ұзына бойы бағытта жабын бетінде ойпаттар мен жоталардың кезектесіп келуі (0,5-2,0 м сайын)

2.3

Отырулар

Көбінесе жарылулар торымен ілесетін шеттері көлбеулеу ойпаттар түріндегі жабын пішінінің бұрмалануы

2.4

Жолтабан

Қырқалы немесе қырқасыз төсеме төбе жолақтары бойынша терең жерлер қалыптастыра отырып, көлденең жүріс бөлігі өзгеріске ұшыраған түрі

2.4.1

Терең

Жабын қабаттарынан төмен немесе топырақ жабынында орналасқан жол кимінің тұрақсыз қабаттарындағы қалдық деформациялардың жиналып қалуы қалыптасу себебі болып табылатын жолтабан

2.4.2

Үстіртін

Құрамы тұрақсыз жабынның үстіңгі қабаттарында қалдық деформациялардың жиналып қалуы қалыптасу себебі болып табылатын жолтабан

2.5

Жылжып кету

Аялдау және тежеу орындарында, құламалы еңістерде байқалатын, жабынның орнынан жылжуы. Кей кезде жылжыған жерлерде жабынның ажырағаны байқалады

2.6

Дөңес жерлер

Минералды материалдың жекелеген ірі түйірлерінің жабынның қалған бетінің үстіне шығып тұруы

2.7

Жапырылған жерлер

Ыстық ауа райында қозғалып келе жатқан автомобиль протекторы қалдыратын пластикалық (қара) жабын бетіндегі терең жерлер

2.8

Бұзылған жерлер

Материалдың алынып қалуымен жабын тұтастығының бұзылуы

2.8.1

Шұңқырлар

Шеттері күрт айқын көрінетін әртүрлі нысандағы тереңдіктер түріндегі жабынның бұзылуы (тереңдігі 3 см кем және алаңы бойынша 200 см2 кем)

2.8.2

Үгілу

Минералды материал түйірлерінің жоғалуы және ұстастырғыштың қабатталуы есебінен жол жабынының бұзылуы (тереңдігі 3 см кем және алаңы бойынша 200 см2 кем)

2.8.3

Қабыршақтану

Су мен аяздың әсерінен бұзылатын материалдың жұқа үлбірлері мен түйірлерінің қабатталуы есебінен жабын бетінің бұзылуы

2.8.4

Ойылулар

Жарылулар торымен ілесетін, көлденең пішіні күрт бұрмаланған жол киімінің оның барлық қалыңдығы бойынша толық бұзылуы

2.8.5

Жиек нақысы

Цемент-бетон жабындары плиталарының жіктері мен бұрыштары нақыстарының бұзылуы, олардың жол жиектерімен қосарласқан жерлерінде қатты емес жол жабыны нақыстарының бұзылуы

2.8.6

Қырқа

Көлденең төмпешіктер мен тереңдіктер түріндегі қиыршық тастан, гравиядан және топырақтан жасалған жабынның бұзылуы

2.8.7

Ор

Тереңдік түріндегі, бірақ тереңдігі жол жабынының қалыңдығынан төмен болатын жабын бетінің бұзылуы

2.8.8

Ашық иірімдер мен иірімді жерлер

Топырақты үстіңгі қабатқа итеріп шығарып немесе жабынды төмпешіктендіріп, жабындағы жарылулар торы

2.9

Ұстастырғыштардың өзгеруі

Алаңы 1 м2 астам жабын текстурасы мен түсін өзгертіп, жабын бетінде ұстастырғыштың төмпешіктенуі

2.10

Жабынның бастапқы бұдырлығын жоғалту


2.10.1

Тегістеу

Климаттық факторлардың қатысуымен автокөлік дөңгелектері ұнтақтаған жағдайда бастапқы бұдырлықтың жоғалуы

2.10.2

Тозу

Жабынның ұнтақталуы және жолды пайдалану процесінде материалдың жоғалуы есебінен жабын қалыңдығының азаюы

2.11

Көшкінтас

Ауыспалы жабынның бетіндегі гравиялық материалдың орнықпай қалған бөлшектері

2.12

Жүріс бөлігіндегі бөгде заттар

Жүріс бөлігінде жол жүрісін ұйымдастырудың тиісті техникалық белгілерімен (жол белгілері, қоршаулар және т.б.) белгіленбеген және жол-көлік оқиғаларының туындауы үшін алғышарттар тудыратын бөгде заттардың, жол материалдарының, бұйымдардың, конструкциялардың болуы

2.13

Жиектеме

Жол жиегімен түйіскен кезде құрылымдық қабаттың құрылғы технологиясының бүлінуі себебінен жиектеменің нақышталуының немесе үгілуінің нәтижесінде өткелдің немесе бекіткіш жолақ жиегінің бүлінуі

3. Жасанды жол құрылыстары

3.1. Көпір құрылыстары

Көпір жабыны

3.1.1

Көпір төсемінің ластануы

Тротуарлар мен қоршаулар бойына көпір құрылыстары жабынының ластануы

3.1.2

Жүріс бөлігі мен тротуарларда судың тұрып қалуы

Жүріс бөлігі мен тротуарлар жабынының су бұрғыш құрылғыларға қарай еңісі жоқ, су бұрғыш құрылғылар суды құрылыстан тыс жерге шығармайды

3.1.3

Тротуарлар жабынындағы жекелеген шұңқырлар, тротуар плиталары жиектерінің үгілуі

Жиектері қатты байқалатын, әртүрлі нысандағы тереңдіктер түріндегі жабынның жергілікті бұзылулары, тротуар плиталарының толассыз жергілікті түсіп кетулері (бұзылулары)

3.1.4

Тротуар блоктарындағы су бұрғыш құбырлар мен терезелердің бітеліп қалуы

Конструкциялардың бұзылуы мен бітеліп қалуы, көпір алдындағы су бұрғыш науаларда, түрі өзгерген жіктер мен су бұрғыш құбырлардың астында қоқыстың, қар мен мұздың болуы

Жүріс бөлігінің қоршаулары

3.1.5

Метал кедергі қоршаулардың жекелеген секцияларының зақымдалуы

Қоршаулардың биіктігі нормаларға сәйкес келмейді, бағаналар мен компенсаторлар өзгерген, жарық қайтаратын элементтер (катафоттар), кедергі қоршауларды қосатын болттар жоқ, бекітілмеген

Тротуарлардың таяныш қоршаулары

3.16

Таяныштардың жекелеген секцияларының бұзылуы

Биіктігі бойынша немесе бекіткен жерлерде механикалық бұзылулар, сондай-ақ көпір мен таяныш қоршаулардың жекелеген секцияларында тұтқалар мен торлар бояуының зақымдалуы

Өзгеріске ұшыраған жіктер

3.1.7

Өзгеріске ұшыраған жіктердің үстіндегі жабын жарылулары, өзгеріске ұшыраған жіктердегі су өтетін жерлер

Көлік құралдарынан түсетін динамикалық жүктемелердің әсерінен өзгеріске ұшыраған жіктердің герметикалық қасиетінің бұзылуы. Қайта жабылған өзгеріске ұшыраған жіктерде парақшаларды ауыстыруға арналған саңылаулардың бітеліп қалуы. Резеңке толтыруға арналған заттың бітеліп қалуы, сондай-ақ оның жыртылуы және өзге де зақымдалулар. Саңылаудың бітеліп қалуы және мастикалық үлгідегі жіктерде резеңке-битум мастикасының болмауы

Тіреулер мен тіреу бөліктері

3.1.8

Ванталардың және ванталық көпірлер пилондарының ақаулары

Вантаны жеткіліксіз тарту, пилондар ақаулары (таттануы 25% артық)

Көпірасты аймағы

3.1.9

Реттеу құрылыстарының, конустар мен үйілмелі жерлердің бұзылған ылдилары

Реттеу құрылыстары, конустар мен үйілмелі жерлер ылдиларының нығайтылған үстіңгі қабаты тұтастығының бұзылуы, артық топырақ пайдаланылмаған

3.1.10

Конструкцияның үстіңгі беті мен жекелеген элементтері құрылымының бұзылуы

Бетон шеті үгілген, арматура ашылмаған, кейбір жерлерінде жарылулар мен жіктер, бетонның шеті арматурасы ашылып үгілген, бетонның қорғау қабаты үгілген және өзге де бұзылулар, аралық құрылыстар мен тіреулердің сыртқы үстіңгі бетінде кейбір жерлерден су өтеді (метал конструкцияларда металдың таттануынсыз жекелеген учаскелерде бояу қабатының зақымдалуы), болат арқалық пен темірбетон плиталар қосындылары жай-күйінің тиісінше болмауы

3.2. Су өткізетін құбырлар

3.2.1

Үйме ылдиын нығайтудың жергілікті бұзылулары

Су құбырлары ылдиларының нығайтылған үстіңгі беті тұтастығының бұзылуы

3.2.2

Су өткізетін құбырлардың лайлануы

Балшық бөлшектерінің құбырлардың кесілген жерлері мен ауызына жиналуы

3.2.3

Су өткізетін құбыр ауыздарының зақымдалуы

Су өткізетін құбырлар тұтастығының бұзылуы және құбыр ауызы материалдарын боялуы. Құбыр ауыздары мен ашындыларының жобалау ережесінен жылжып кетуі

3.2.4

Су құбырлары ашындыларында су ағатын арналарды су шайып кету

Топырақты және су ағатын арналарды нығайту материалын жуып кету салдарынан су өткізетін құбырлардың ашындыларында су қазындысының қалыптасуы

3.2.5

Жоспарда және пішінінде құбырлар секцияларының жылжуы

Жоспарда және пішінінде тұтастығы мен геометриясының бұзылуы. Құбырда пайда болған шөгулер, шайып кетулер, қазындылар

3.2.6

Су өткізетін құбырлардың буындары арасындағы жіктердің ашылуы

Буындар арасындағы қосылған жерлер герметикасының бұзылуы

3.3. Үңгіртаулар, галереялар, жаяу жүргінші өтпелері

3.3.1

Үңгіртау әрлеуінің әр жерден зақымдалуы

Гидроизоляция ақаулары, үгінділердің, жарылулардың, сілтісіздендірудің, жаңа түрі мен ерітіндінің шайылуының болуы, үңгіртау қабырғалары мен күмбезінде қызылсу мұзының қалыптасуы

3.3.2

Үңгіртау порталдарының үстінен топырақтың мүжіліп құлауы

Су ағатын жүйенің, нығайту құрылыстары тұтастығының бұзылуы, эрозияға қарсы көгалдандырудың болмауы не оның жұмысқа қабілетсіздік жай-күйі

3.3.3

Жерүсті (жерасты) жаяу жүргінші өтпелерінің ақаулары

Жабық жерүсті (жерасты) жаяу жүргінші өтпелерінің төбесі мен қабырғаларының ластануы және зақымдалуы

3.4. Сүйеп тұратын қабырғалар

3.4.1

Сүйеп тұратын қабырғалар конструкцияларының зақымдалуы

Қабырға қалауы бұзылуларының болуы, сылақ пен бояудың зақымдалуы, жарылулар, орап байлау тұтастығының, сүйеп тұратын қабырғалардың өзгеріске ұшыраған жіктерінің герметикалық қасиетінің бұзылуы, тік еңістікте жобалау белгілерінен ауытқушылық, дренаж терезелердің бітеліп қалуы (бұзылуы)

3.4.2

Жуып-шаюлар мен су шайып кетулер

Су ағатын жолмен қамтамасыз етілмеген, су ағатын науалар ластанған, ағаштар мен бұта өсімдіктерінің болуы

3.5. Тазалау құрылыстары

3.5.1

Қоқыс пен бөгде заттар

Тазалау құрылыстарының, суды жақындататын және суды бұратын жыраларда (құбырларда), қабылдау торларында, тазалау құрылысының гидроботаникалық алаңқайлары мен басқа да конструктивтік элементтеріндегі буферлік апан акваториясындағы санитарлық аймақта қоқыс пен бөгде заттардың болуы

3.5.2

Су тазалау жүйесінің бұзылуы

Сүзгіш элементтер мен оларды толтыратындардың болмауы немесе уақтылы (техникалық және нормативтік құжаттамада көзделген) ауыстырылмауы. Тазалау құрылыстарының конструкциясында ағып кететін жерлер мен герметикалық емес қосылған жерлердің болуы, тазалау құрылыстарынан шығатын жерлерде су бетінде май және мұнай іздерінің болуы

3.5.3

Лай қабаттары

Тазалау құрылыстарының арықтарында, тоғандарында, тұндырғыштарында лай қабаттарының жиналуы

3.5.4

Өсімдік

Тазалау құрылыстарының арықтарында, санитарлық аймағында, тоғандарында шабылмаған өсімдіктің (техникалық құжаттамада көзделгеннен басқа) болуы

3.5.5

Тазалау құрылыстары конструктивтік элементтерінің ақаулары

Тазалау құрылыстары конструктивтік элементтерінің (тазалау құрылыстары люктерінің, санитарлық аймақ қоршауларының, тоғандар мен тұндырғыштар ылдиларының, электр жабдығының және т.б.) болмауы, өзгеріске ұшырауы, бұзылуы және зақымдалуы

4. Автомобиль жолдарын жайғастыру элементтері

4.1

Жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдарын орнату ақаулары

Нормативтік талаптардан шегіне отырып қолданылатын жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдары немесе жол жүрісін ұйымдастырудың тиісті жобаларында көзделген жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдарының болмауы

4.1.1

Жол белгілерінің (оның ішінде өзгеріп тұратын ақпараты бар табло), бағыттаушы қондырғылардың (жол сигналдық бағандарының, жол тумбаларының және т.б.), көзге шағылысуға қарсы экрандардың, жол бағдаршамдарының ақаулары

Оларды орнатудың жүріс бөлігінің шетінен биіктігі, қашықтығы бойынша, саны, түрі өлшемі, көріну жағдайлары, колориметрикалық және фотометрикалық сипаттамалар мен т.б. бойынша сәйкес келмеуі

4.2

Көлденең (тік) жол таңбалары сызықтарын салу қағидаларының бұзылуы

Көлденең және тік жол таңбаларын жол жүрісін ұйымдастырудың бекітілген жобасынан шегіне отырып салу. Ұзындығы, ені, қалыңдығы, ілініс коэффициенті, көріну жағдайлары, жарық техникалық параметрлер және т.б. бойынша сызықтардың сәйкес келмеуі

4.3

Жол белгілері мен өзгеріп тұратын ақпараты бар таблоның ақаулары. Қабылдауды қиындататын, өзгеріп тұратын ақпараты бар таблоның ақаулары

Бейнелемесі, бейнелеу элементтерінің ашықтығы бұзыла отырып, белгілер мен оларды бекіту элементтері зақымдалуларының болуы, жарық қайтаратын қабілеті мен нормативтік көрінуін жоғалту

4.4

Жол контроллерлерінің, көлік детекторларының, төлем терминалдарының, бейнебақылау камераларының, метеостанциялардың және көктайғаққа қарсы материалдарды бөлудің автоматты жүйелерінің ақаулары

Жұмыс істемейтін күйде немесе қозғалыс қауіпсіздігіне ықпал ететін көрінетін механикалық зақымдалуы бар

4.5

Бағыттаушы құрылғылардың (жол сигналдары бағандары, жол тумбалары және т.б.) ақаулары

Жол жүрісі қауіпсіздігіне ықпал ететін өзгеріске ұшыраулардың, жарылулардың, үстіңгі қабат үгінділерінің болуы. Қамтамасыз етілмеген жарық қайтаратын эффект, қабылдаудың, оның ішінде қарды қанағаттанарлықсыз әрі уақтылы тазаламаудан қиындатылуы

4.6

Жол (оның ішінде жаяу жүргінші) қоршауларының ақаулары

Жекелеген секциялардың, бағандардың, бұрандамалардың және т.б. болмауы, өзгеріске ұшырауы, бекіту ақаулары. Темірбетон констуркциялардағы жарылулар мен үгінділер. Тот басуға қарсы жабынның болмауы, үстіңгі қабатта таттанудың болуы

4.7

Жол бағдаршамдарының ақаулары

Колонналардың, күнқағарлардың, шашыратқыштардың, шағылыстырғыштардың көрінетін зақымдалуларының болуы және сол сияқты олардың болмауы. Сигналдардың (100 метрден бастап және одан да көп), шашыратқыштарға жазылатын символдардың (50 бастап және одан да көп) жеткіліксіз дәрежеде танылуы. Пайдалану көрсеткіштерін төмендететін стандартты емес элементтердің қолданылуы

4.8

Тротуарлар, жаяу жүргінші және велосипед жолдары жабындарындағы жекелеген шұңқырлар

Тротуарлар, жаяу жүргінші және велосипед жолдары жабындарында өзгеріске ұшыраулар мен бұзылулардың болуы

4.9

Жол айналарының ақаулары

Жарылулар мен үгінділердің болуы, көруді қиындататын, шолу бұрышының дұрыс болмауы

4.10

Бордюрлардың көзге көрінетін зақымдалуы

Бордюрлердің, төмендетілген жерлердің ашық үстіңгі бетінде бұзылулар мен үгінділердің болуы, тік таңбалау сызықтарының болмауы

4.11

Жол белгілері бағандарының ақаулары (П, Г және Т-тәріздес сүйеулер)

Зақымдалулар мен ашық коррозияның болуы

4.12

Қоғамдық көлік құралы аялдау пукттерінің, демалыс алаңдарының, көлік құралдарының қысқа уақыт тұру тұрағының ақаулары

Павильон, урна, орындықтар, ақпараттық табличкалар конструкцияларында зақымдалулардың болуы. Отырғызу алаңдары, демалыс алаңдары мен автомобильдер тұрағы орындары жабынының өзгеріске ұшырауы және бұзылуы, оларда бөгде заттардың, қоқыстың, сондай-ақ көктайғаққа қарсы материалдармен өңделмеген қысқы тайғанақтықтың болуы, қоқыс жинағыштардың болмауы

4.13

Сыртқы электрмен жарықтандыру желілерінің ақаулары

Сыртқы жарықтандыру қондырғыларының жұмыстан бас тартуы, жарамсыз шырақтар, аспа шамдар, сымдардың, кәбілдердің үзіліп қалуы, трансформаторлардың және басқа да электрмен жарықтандыру элементтерінің сынып қалуы, автомобиль жолы конструктивтік элементтерінің жеткіліксіз жарық беруі, сыртқы электрмен жарақтау сүйеулерінің салмақ түсетін қабілетінің жоғалуы, сүйеулердің үстіңгі бетінің қабыршақтануы

5. Қысқы күтіп ұстау

5.1

Қызылсу мұзы түріндегі мұздың жиналуы

Жолдың бетінде, су өткізетін құбырларда және көпірлерде мұздың қатуы

5.2

Қар жамылғысы

Жолдың бетін жауып тастайтын, бір немесе бірнеше қабат қар басулар мен жиындылары

5.3

Қар үйіндісі

Жолдан өтетін көлік құралдарының дөңгелектерімен нығыздалған қар қабаты

5.4

Қардың түсуі

Қарды тазалау және жол жабынын сыру нәтижесінде ұзына бойы қар түсу түрінде қалыптасатын қардың жиналып қалуы

5.5

Қысқы тайғанақтық

Қар үйіндісінің, жабындардың ілінісу қасиеттерін едәуір төмендететін шыны тәріздес мұздың немесе көктайғақ қабатының қалыптасуы

5.6

Көктайғақ

Жабын бетінде сұйық шөгінділердің (жаңбыр, тұман және еріген қар) қатып қалуынан туындаған, қалыңдығы 1-ден 10 мм дейінгі мұздың тегіс үлпегі

5.7

Күпсек қар

Қар жауған немесе боран болған кезде жол жабынына түсетін қардың нығыздалмаған қабаты, сондай-ақ хлоридтермен араластырылған, нығыздалмауға тиіс қар қабаты

5.8

Қардан қорғау құрылғылары

Қар басып қалуды болдырмау үшін қажет құрылғылардың барлық түрлері: қалқан тәріздес қоршаулар, дуалдар, қабырғалар, торлар ограждения, заборы, стенки, сетки.

5.9

Қардан қорғау құрылғыларының жұмыс істеуі

Қардың түсуі қорғаныс жармасында қардан қорғау құрылғыларының биіктігіне тең биіктікте болуы (қалқан қоршаулар үшін қар түсудің биіктігі олардың биіктігінен 2/3 бола алады)

6. Ауа райы-климаттық факторлардан туындаған жол конструкциясының ақаулары

6.1

Күртіктер

Жүріс бөлігінің құммен, қармен, селмен немесе көшкінмен ішінара немесе толық жабылуы

6.2

Тасқын бұзулары

Жолдың жекелеген учаскелерінде тұрақтылықтың толық жоғалуы, топырақ қабаты мен жол киімінің бұзылуы және су шайып кетуі

6.3

Ластану

Жолдардың конструктивтік элементтерінде және (немесе) бұру жолағында бөгде заттардың, шаңның немесе балшықтың болуы

6.4

Судың тұрып қалуы

Жеткіліксіз көлденең ылдиадан, деформация мен бұзылулардың болуынан немесе су бұру жүйесі жұмысының бұзылуынан туындаған жолдың (көпірдің) жүріс бөлігінде, жол жиегінде, су бұру жүйесінде судың жиналып қалуы

  Қазақстан Республикасының
аумағында пайдаланылатын
жолдардың тәуекелдер дәрежесін
бағалауды ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Автомобиль жолын тексеру актісі

      20__жылғы"__"______________қаласы_____________(ауданы)

      Лауазымды адам ұйым өкілінің қатысуымен

      ___________________________________________________________________

      (лауазымы, атағы, тегі, аты және әкесінің аты)

      пайдаланылатын автомобиль жолын (автомобиль жолдары желісін) және

      ондағы (олардағы) жасанды жол құрылыстарын

      ___________________________________________________________________

      (автомобиль жолының атауы)

      км ___ + ___ - ___ км ___ + ___ (20__ жылғы "___" _________ № _____

      келісімшарт) тексеруді жүргізді және мынаны анықтады:

      Тапсырыс беруші:___________________________________________________

      (автомобиль жолын басқару органы, мекенжайы, байланыс телефоны)

      ___________________________________________________________________

      Мердігер (пайдаланушы ұйым, заңды тұлға)___________________________

      ___________________________________________________________________

      (атауы, мекенжайы, байланыс телефоны)

      Қызмет көрсету аумағы______________________________________________

      (автомобиль жолының учаскесі)

      Анықталды:

р/с

Мекенжайы (км, үй №)

Дефектілердің/кемшіліктердің түрлері

Ескертпе














      Лауазымды адам __________________________/____________/

      (лауазымы, қолы) (Т.А.Ә.)

      Ұйым өкілі ______________________________/_____________/

      (лауазымы, қолы) (Т.А.Ә.)

  Қазақстан Республикасының
аумағында пайдаланылатын
жолдардың тәуекелдер дәрежесін
бағалауды ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

__________________ облысы (қаласы) бойынша жол қозғалысы
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның
ҰЙҒАРЫМЫ

      ___________________________________________________________ басшысы

      (заңды тұлғаның атауы)

      ___________________________________________________________________

      (заңды тұлға басшысының Т.А.Ә.)

      ___________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның мекенжайы)

      "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17

      сәуірдегі Заңының 23-бабына сәйкес:

      1. 20__жылғы "__"________№ __ тәуекел дәрежесін бағалау

      (тексеру) актісінде көрсетілгендерді жоюға шаралар қабылдау.

      2. Осы ұйғарымды қарау нәтижелері және қабылданған шаралар

      туралы __________________ облысы (қаласы) бойынша жол қозғалысы

      қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға 20__жылғы

      "__"________ дейін хабарлау қажет.

      3. Осы ұйғарымды орындамау немесе тиісінше орындамау Қазақстан

      Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

      ____________________ облысы (қаласы)

      бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін

      қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті

      органның басшысы __________________________

      (қолы, Т.А.Ә.)

      Осы ұйғарыммен таныстым және

      ұйғарымның бір данасын алдым 20 __ жылғы "____" __________

      Заңды тұлғаның басшысы не оның өкілі __________________________

      (қолы, Т.А.Ә.)

      Ескертпе: ұйғарым екі данада жасалады, оның біреуі жеке немесе заңды

      тұлғаға не оның өкіліне беріледі, ал екіншісі жол қозғалысы

      қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органда қалады.

  Қазақстан Республикасының
аумағында пайдаланылатын
жолдардың тәуекелдер дәрежесін
бағалауды ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Ескертулерді жою туралы ұйғарымның орындалуын тексеру актісі

      20__жылғы "__" __________

      20__жылғы "__" __________ бастап 20__жылғы "__" __________

      аралығындағы есеп беру кезеңінде пайдаланылатын автомобиль жолдарының

      тәуекел дәрежесін бағалау барысында анықталған

      Лауазымды адам ұйым өкілінің қатысуымен______________________

      (автомобиль жолының атауы)

      км___+___ - км ___ + ___ (20__ жылғы "___" _________№___ келісімшарт)

      автомобиль жолын күтіп ұстау бойынша атқарылған жұмыстарды қабылдау

      кезінде ұйғарымда көрсетілген автомобиль жолдарын бірлесіп тексеруді

      жүргізді

      Тексеру нәтижелері бойынша мыналар анықталды:

      1-кесте

р/с

Бұзушылықтар (дефектілер, ескертулер) көрсетілген километрлер тізбесі

Бұзушылықтың (дефектінің, ескертудің) атауы

Нақты орындалды, жойылды/ жойылған жоқ

Ескертпе

1

2

3

4

5












      Нәтиже: Ұйғарымда көрсетілген бұзушылықтар (дефектілер, ескертулер) белгіленген мерзімде толық көлемде/ішінара/орындалған жоқ, орындалды.

      Шешім:

      ___________________________________________________________________

      (автомобиль жолының атауы)

      км___+___ - км ___ + ___ (20__ жылғы "___" _________№___ келісімшарт)

      автомобиль жолы учаскесінің тәуекел дәрежесін айқындау мақсатында

      _______________________________________тәуекел дәрежесі айқындалсын

      Лауазымды адам _____________________/____________/

      (лауазымы, қолы) (Т.А.Ә.)

      Ұйым өкілі ____________________/_____________/

      (лауазымы, қолы) (Т.А.Ә.)

  Қазақстан Республикасының
аумағында пайдаланылатын
жолдардың тәуекелдер дәрежесін
бағалауды ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Пайдаланылатын автомобиль жолының (автомобиль жолдары
желісінің) (20__жылғы "__" __________бастап 20__жылғы
"__"_______ кезеңде) тәуекел дәрежесін бағалау актісі

      Лауазымды адам ұйым өкілінің қатысуымен

      ___________________________________________________________________

      (лауазымы, атағы, тегі, аты және әкесінің аты)

      пайдаланылатын автомобиль жолының (автомобиль жолдары желісінің) және

      ондағы (олардағы) жасанды жол құрылыстарының

      ___________________________________________________________________

      (автомобиль жолының атауы)

      км ___ + ___ - ___ км ___ + ___ (20__ жылғы "___" _________ № _____

      келісімшарт)тәуекел дәрежесін бағалауды мынадай жағдайларда анықтады:

      1. Барлық тексерілгені _________ км.

      2. Мынадай километрлер ______________________________________

      барлығы____ км тәуекел дәрежесіне сәйкес келмейді.

      3. Барлығы __________________________________________________

      барлығы____ км тәуекел дәрежесіне сәйкес келеді.

      4. Жолдарды күтіп ұстау дефектілеріне байланысты ілеспелі

      қанағаттанарлықсыз жол жағдайларына байланысты жол-көлік оқиғалары

      (учаскеде тіркелмеген/тіркелген (мекенжайын/мекенжайларын көрсету)

      _____________________________________________

      5. Автомобиль жолының учаскесі бойынша тәуекел дәрежесі

      __________________________________

      (тәуекел дәрежесі көрсетіледі).

      Қолдар:

      Лауазымды адам _______________________/____________/

      (лауазымы, қолы) (Т.А.Ә.)

      Ұйым өкілі _______________________/____________/

      (лауазымы, қолы) (Т.А.Ә.)