Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 923 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18139 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын жолдардың тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 383 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9635 болып тіркелген, "Заң газетінің" 2014 жылғы 5 қыркүйектегі санында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының полиция департаменттерінің, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары:

      1) ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықтың талаптарын зерделеуін және сақтауын қамтамасыз етсін;

      2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.".

      2) "Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10690 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының полиция департаменттерінің, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары:

      1) ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықтың талаптарын зерделеуін және сақтауын қамтамасыз етсін;

      2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 18-тармақпен толықтырылсын:

      "18. Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған жобалау құжаттамасын, сондай-ақ аумақтық-көліктік жоспарлау, жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы және жол және басқа да жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарламаларды келісуді есепке алу осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда жүргізіледі.

      осы бұйрыққа сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      3) "Жол қауіпсіздігін және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 757 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14161 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Облыстардың, және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының полиция департаменттерінің, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары:

      1) ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықтың талаптарын зерделеуін және сақтауын қамтамасыз етсін;

      2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.";

      4) "Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы санында жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және есепке алу қағидаларында:

      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Берілген кредит үшін банктерге және (немесе) ломбардтар, өзге де тұлғалар кепіл ретінде ұсынған жеке немесе заңды тұлғаның көлiк құралына, сондай-ақ банктер және (немесе) ломбардтар, өзге де адамдар берген кепіл туралы шарттың (кепіл билетінің) көшірмелерін ұсынған жағдайда, жеке және заңды тұлғаларға кепілдік міндеттеме орындалғанға дейін оларды есептен шығаруға шектеу енгізіледі. Бұл ретте БАЖ-ға тиiстi белгiлер жасалады.";

      5) "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру және дайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 386 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11186 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының полиция департаменттерінің, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары:

      1) ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықтың талаптарын зерделеуін және сақтауын қамтамасыз етсін;

      2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.";

      6) "Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 1040 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12892 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының полиция департаменттерінің, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары:

      1) ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықтың талаптарын зерделеуін және сақтауын қамтамасыз етсін;

      2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына оны жолдауды;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 923 бұйрығымен
бекітілген
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 12 наурыздағы
№ 208 бұйрығымен бекітілген
Жолдарды жобалауға, салуға,
жөндеуге, күтіп-ұстауға және
оларды жол жүрісі қауіпсіздігін
қамтамасыз ету бөлігінде
басқаруға арналған нормативтік,
жобалау және техникалық
құжаттаманы келісу және бекіту
қағидаларына
қосымша

Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған жобалау құжаттамасын, сондай-ақ аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы келісу және жол және басқа да жұмыстарды жүргізу туралы хабарламалар журналы


р/с

Қаралған күні

Жобаның атауы

Жобалау және өзге де ұйымның атауы

Жол жұмыстарының басталған және аяқталған күні

Қарау нәтижелері

Жол жұмыстарының орындалғаны туралы белгі

Ескертпе