Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету" қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы" 2013 жылғы 26 шілдедегі № 195 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 30 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 30 сәуірде № 9375 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 26 шілдедегі № 184 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8692 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 17 қазанда № 233 (28172) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларында:
      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) кастодиандық шарт - кастодиан және оның клиенті жасайтын, клиентке кастодиандық қызмет көрсету бойынша қызмет ұсыну тәртібін айқындайтын сақтау және тапсыру шарты;».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                         Қ. Келімбетов