Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2013 жылғы 06 тамыздағы № 457 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 27 тамызда № 8664 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 581 бұйрығымен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Теміржол вокзалдары класын анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2012 жылғы 3 тамыздағы № 490 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7886 тіркелген, "Егемен Қазақстан" 2012 жылғы 26 қыркүйек, № 622-630 (27701) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Р.Қ. Мағзұмов) осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін
         атқарушы                                             Р.Скляр