"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 115-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр                       С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2013 жылғы 24 шілдедегі
№ 115-ө өкімімен   
бекітілген     

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан
Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік органдар

Әзірлеу және Қазақстан Республикасы Үкіметіне енгізу мерзімі

1

2

3

4

5

1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 4 маусымдағы № 514 және «Қазақстан Республикасының сот сараптамасы зерттеулері әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 4 маусымдағы № 515 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

2013 жылғы
тамыз

2

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығында жүргізілетін сот сараптамалары түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

2013 жылғы
тамыз

3

Денсаулық сақтау саласында жүргізілетін сот сараптамалары түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

2013 жылғы
тамыз

4

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарына алғаш жұмысқа кіретін адамдардың арнайы кәсіптік даярлықтан өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 122 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

2013 жылғы
тамыз

5

Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

2013 жылғы
тамыз

6

Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

2013 жылғы
тамыз