Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілік

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 29 қазандағы № 318 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 26 желтоқсанда № 8221 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 313 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 313 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қолданушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2, 3-тармақтардан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7739 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 25 тамызда № 551-556 (27629) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органының банктік қарыз беру операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар агроөнеркәсіп кешені саласында ұлттық басқарушы холдингінің ипотекалық ұйымдары және еншілес ұйымдары;

      2) басшы – құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын немесе дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға;

      3) "Кредиттік тіркелім" ААШЖ – "Кредиттік тіркелім" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйе;

      4) кредиттік тіркелім – жоғарыда көрсетілген ұйымдардың кредиттік қызметіне байланысты тәуекелдердің мониторингі мақсатында, сондай-ақ ақша-кредиттік статистиканы және сыртқы сектордың статистикасын қалыптастыру мақсатында қалыптастырылатын, банк, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Қағидалардың талаптарына сәйкес уәкілетті органға ұсынған ақпаратты қамтитын электрондық деректер базасы;

      5) қарыз алушы – қарыз (кредит) алу шартына қол қоятын, қарызды (кредитті) алған және өзіне алған ақшаны қайтаруға және алған қарызды (кредитті), оның ішінде сыйақыны және кредит бойынша басқа да төлемдерді толық өтеуге міндеттеме қабылдайтын тұлға;

      6) принципал – кепілдік немесе кепілгерлік шартына сәйкес міндеттемеде негізгі борышкер болып табылатын тұлға;

      7) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті;

      8) шартты міндеттеме – болашақта белгісіз бір немесе бірнеше оқиға басталған (басталмаған) кезде ғана танылуы мүмкін, банк, Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым клиент үшін үшінші тұлғалардың пайдасына қабылдайтын, және клиенттің шарт талаптарынан туындайтын тәуекелдерін көтеретін міндеттеме.

      Кредиттік тарих субъектісі болып осы тармақтың 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар танылады.

      2. 2013 жылғы 1 наурыздан бастап есептілік уәкілетті органға электрондық форматта, мынадай кезеңділікпен:

      1) банктер, ипотекалық ұйымдар, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы – ай сайын мынадай мерзімдерде:

      филиалдары жоқ банктер, ипотекалық ұйымдар, есепті айдан кейінгі екінші айдың он бесінші күнінен кешіктірмей;

      бірден бастап онға дейін филиалы бар банктер есепті айдан кейінгі екінші айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей;

      оннан бастап жиырмаға дейін филиалы бар банктер есепті айдан кейінгі екінші айдың жиырма бесінші күнінен кешіктірмей;

      жиырма филиалдардан астам банктер, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы есепті айдан кейінгі екінші айдың отызыншы күнінен кешіктірмей;

      2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органының банктік қарыз беру операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар агроөнеркәсіп кешені саласында ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымдары – тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың он бесінші күнінен кешіктірмей беріледі.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілік уәкілетті органға электрондық түрде Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.";

      2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы 2012 жылғы 10 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      3. Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы осы қаулының 1-тармағының он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы абзацтарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде, 2013 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша барлық берілген және өтелмеген (оның ішінде баланстан есептен шығарылған) қарыздар, шартты міндеттемелер бойынша мәліметтер енгізуді 2013 жылғы 15 сәуірден кешіктірмей жүзеге асыруды бастасын.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко

"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасы


Статистика агенттігі


Төраға Ә.А. Смайылов


__________________


2012 жылғы 28 қараша



  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасы
2012 жылғы 29 қазандағы
№ 318 қаулысының
қосымшасы
"Екінші деңгейдегі банктердің,
"Қазақстанның Даму Банкі"
акционерлік қоғамының және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар
мен шартты міндеттемелер бойынша
есептілікті беру қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

"Кредиттік тіркелім" ААШЖ көрсеткіштерінің тізбесі

Көрсеткіштердің атауы

1

Кредиттік тарих субъектісі туралы ақпаратта кредиттік тарих субъектісі туралы сәйкестендіру мәліметтері қамтылған:

1.1.

Заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер бойынша:

1.1.1.

Кредиттік тарих субъектісінің түрі (рөлі);

1.1.2.

Заңды тұлғаның және (немесе) дара кәсіпкердің толық атауы:

1.1.3.

Ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны;

1.1.4.

Субъектінің құжаттары:

1.1.4.1.

сәйкестендіру құжаттарының түрі;

1.1.4.2.

құжаттың нөмірі;

1.1.5.

почталық мекенжайы және (немесе) орналасу орны:

1.1.5.1.

мекенжайының (тіркелуінің (нақты)) типі;

1.1.5.2.

облысы;

1.1.5.3.

мекенжайы (қала (елді жері), көше (ықшам ауданы), үйдің (пәтердің) нөмірі;

1.1.5.4.

байланыс түрі;

1.1.5.5.

телефон нөмірі;

1.1.6.

Кредиттік тарих субъектісінің елі;

1.1.7.

Оффшорлық аймақ;

1.1.8.

Экономикалық қызмет түрі;

1.1.9.

Банкпен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынаспен байланыста болуының белгісі;

1.1.10.

Заңды тұлғаның басшысы:

1.1.10.1.

тегі, аты (бар болса әкесінің аты);

1.1.10.2.

сәйкестендіру құжаттарының түрі;

1.1.10.3.

құжаттың нөмірі;

1.1.11.

Жеке кәсіпкерлік субъектісінің коды;

1.2.

Жеке тұлғалар бойынша:

1.2.1.

Кредиттік тарих субъектісінің түрі (рөлі);

1.2.2.

Тегі, аты (бар болса әкесінің аты);

1.2.3.

Субъектінің құжаттары:

1.2.3.1.

сәйкестендіру құжаттарының түрі;

1.2.3.2.

құжаттың нөмірі;

1.2.4.

почталық мекенжайы және (немесе) орналасу орны:

1.2.4.1.

мекенжай (тіркеу (нақты)) типі;

1.2.4.2.

облысы;

1.2.4.3.

мекенжайы (қаласы (елді жері), көшесі (ықшам ауданы), үйдің (пәтердің) нөмірі;

1.2.4.4.

байланыс түрі;

1.2.4.5.

телефон нөмірі;

1.2.5.

Кредиттік тарих субъектісінің елі;

1.2.6.

Оффшорлық аумақ;

1.2.7.

Банкпен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынаспен байланыста болуының белгісі;

2

Шарт туралы ақпарат:

2.1.

Кредиттік тарих субъектісі туралы мәліметтер және кредитормен келісімді қатынастар туралы мәліметтер:

2.1.1.

Қарыздың, шартты міндеттемелердің түрі;

2.1.2.

Шарттың нөмірі;

2.1.3.

Шарттың күні;

2.1.4.

Қосымша келісімнің нөмірі;

2.1.5.

Қосымша келісімнің күні;

2.1.6.

Берудің нақты күні;

2.1.7.

Шарт талаптары бойынша өтеу күні;

2.1.8.

Шарт бойынша валюта түрі;

2.1.9.

Шарт валютасындағы қарыз (шартты міндеттеме) сомасы;

2.1.10.

Шарт бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі (пайызбен):

2.1.10.1.

өзгермелі мөлшерлеменің белгіленген мөлшерлемесі (белгіленген спрэды);

2.1.11.

Кредиттеу мақсаты;

2.1.12.

Кредиттеу объектісі;

2.1.13.

Қарызды берген банктің, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қаржыландыру көзі;

2.1.14.

Қарыз алушыда валюталық түсімнің болуы және (немесе) қарыз алушыда хеджирлеу құралдары болуы;

2.1.15.

Қарызды, шартты міндеттемені берген банк филиалының коды/ банктің БСК;

2.1.16.

Қамтамасыз етуі:

2.1.16.1.

кепіл шартының нөмірі;

2.1.16.2.

қамтамасыз ету түрі;

2.1.16.3.

кепіл сомасы;

2.1.17.

Бірыңғай портфельдің атауы:

2.1.17.1.

уәкілетті органның талабы бойынша;

2.1.17.2.

халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша;

3.

Қарызды (шартты міндеттемелерді) қамтамасыз ету жөніндегі ақпарат:

3.1.

Есепті кезеңдегі қарыз алушының ағымдағы міндеттемелері мен ақша қозғалысы туралы ақпарат:

3.1.1.

Есепті кезеңде есептелді:

3.1.1.1.

сыйақылар (теңгемен, шарт валютасында);

3.1.2.

Есепті кезеңде берілді (теңгемен, шарт валютасында);

3.1.3.

Негізгі борыштың қалдығы (теңгемен, шарт валютасында):

3.1.3.1.

мерзімі өтпеген берешек;

3.1.3.2.

мерзімі өткен берешек;

3.1.3.3.

баланстан шығарылған берешек;

3.1.4.

Есептелген сыйақының қалдығы (теңгемен, шарт валютасында):

3.1.4.1.

өтелмеген;

3.1.4.2.

мерзімін өткен;

3.1.4.3.

баланстан шығарылған;

3.1.5.

Кредиттік карта, овердрафт лимитінің қалдығы (шарттың теңгеде, валютада)

3.1.6.

Кредиттік карта/овердрафт лимитінің қалдығы бойынша баланстық шотының нөмірі

3.1.7.

Негізгі борыш бойынша баланстық шоттың нөмірі:

3.1.7.1.

мерзімі өтпеген берешек;

3.1.7.2.

мерзімі өткен берешек;

3.1.7.3.

баланстан шығарылған берешек;

3.1.8.

Сыйақы бойынша баланстық шоттың нөмірі:

3.1.8.1.

мерзімі өтпеген берешек;

3.1.8.2.

мерзімі өткен берешек;

3.1.9.

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен уәкілетті органның бірыңғай емес кредиттер бойынша талаптары бойынша қалыптастырылған резервтер (провизиялар) бойынша айырмасы көрсетілген баланстық шоттың нөмірі;

3.1.10.

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының бірыңғай емес кредиттер бойынша талаптарымен қалыптастырылған резервтер (провизиялар) бойынша баланстық шоттың нөмірі;

3.1.11.

Оң (теріс) түзету бойынша баланстық шоттың нөмірі;

3.1.12.

Дисконт (сыйақы) бойынша баланстық шоттың нөмірі;

3.1.13.

Мерзімі өткен берешекті шотқа енгізу күні:

3.1.13.1.

негізгі борыш бойынша;

3.1.13.2.

сыйақы бойынша;

3.1.14.

Мерзімі өткен берешекті өтеу күні:

3.1.14.1.

негізгі борыш бойынша;

3.1.14.2.

сыйақы бойынша;

3.1.15.

Баланстан шығару күні:

3.1.15.1.

негізгі борыш бойынша;

3.1.15.2.

сыйақы бойынша;

3.1.16.

Нақты өтеу күні;

3.1.17.

Қарыздың (шартты міндеттемелердің) мерзімін ұзартуды аяқтау күні;

3.1.18.

Жіктеу санаты;

3.1.19.

Бірыңғай кредиттер бойынша резервтердің (провизиялардың) нақты қалыптастырылған сомасы:

3.1.19.1.

уәкілетті органның талаптары бойынша;

3.1.19.2.

халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша;

3.1.20.

Келешектегі ақша ағыны дисконтының құны/бірыңғай кредиттер бойынша алынуға күтілетін құны;

3.1.21.

Оң (теріс) түзету (теңгемен, шарт валютасында);

3.1.32.

Дисконт (сыйақы) (теңгемен, шарт валютасында);

3.1.23.

Есептік күні;

3.2.

Портфельдік негізде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша қалыптастырылған резервтер (провизиялар) туралы ақпарат:

3.2.1.

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша біріңғай портфельдің атауы;

3.2.2.

Портфельдік негізде қалыптастырылған халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша резервтердің (провизиялардың) нақты қалыптастырылған сомасы;

3.2.3.

Портфельдік негізде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша қалыптастырылған резервтер (провизиялар) бойынша баланстық шоттың нөмірі;

3.2.4.

Портфельдік негізде алуға күтілетін құны/келешектегі ақша ағынының дисконтты құны;

3.3.

Уәкілетті органның бірыңғай кредиттер жөніндегі талаптары бойынша қалыптастырылған резервтер (провизиялар) туралы ақпарат:

3.3.1.

Уәкілетті органның талаптары бойынша бірыңғай портфельдің атауы;

3.3.2.

Уәкілетті органның бірыңғай кредиттер жөніндегі талаптары бойынша резервтердің (провизиялардың) нақты қалыптастырылған сомасы;

3.3.3.

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары мен уәкілетті органның бірыңғай кредиттер жөніндегі талаптары бойынша қалыптастырылған резервтер (провизиялар) бойынша айырмасы көрсетілген баланстық шоттың нөмірі;


      Ескерту:

      1. "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы реттік нөмірлері 2.1.17.1., 3.1.9., 3.1.18., 3.1.19.1., 3.3. - жолдарды, "Кредиттік тіркелім" ААШЖ көрсеткіштері тізбесінің нысандарын толтырмайды.".