Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қ

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 129 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 4 мамырда № 7619 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі № 215 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4444 тіркелген, 2006 жылғы 17 қарашада "Заң газеті" газетінде № 201 (1007) жарияланған) қаулысының;

      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі № 215 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 16 шілдедегі № 206 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4893 тіркелген) қаулысының;

      3) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі № 215 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы № 81 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5261 тіркелген, 2008 жылғы 1 тамызда "Заң газеті" газетінде № 116 (1342), 2008 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 9 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Г. Марченко

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 137 қаулысымен
бекітілген

Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы
есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидалары

      Осы Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және ислам банктерін қоспағанда, банктердің, және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен салымдар (банк аралықтарын қоспағанда) бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу тәртібін белгілейді.

      Қағидалардың талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банктерінің филиалдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдарына қолданылады.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.01.2021 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – Қағидаларға сәйкес есептелетін, банктің қызметтері бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесі (нақты құны);

      2) клиент – банктің салымдарды қабылдау және (немесе) банктік қарыз операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызметтерін пайдалануға ниет етіп жүрген немесе пайдаланып жүрген жеке немесе заңды тұлға;

      3) қарыз – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның лицензиясы негізінде банктің төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық талаптарымен ақшалай нысандағы кредиттерді беруі;

      4) қызметтер – банктердің банктік салым шартымен ресімделген салымдарды қабылдау операцияларын және банктік қарыз операцияларын (банк аралық қарыздар мен салымдарды қоспағанда) жүзеге асыруы.

      2. Банктер:

      1) қызметтер бойынша сыйақы шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезінде;

      2) клиенттермен жасалатын қызметтер көрсету туралы шартта сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін қаріптері сыйақының басқа мөлшерлемелерімен бірдей көлемдегі және ресімдеу стиліндегі (курсив, жартылай қарайтылған, түспен бояп көрсету) нысанда цифрмен көрсетеді.

      Клиенттермен жасалатын қызметтер көрсету туралы шартта жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі компьютерлік техника құрылғыларының көмегімен басқа сыйақы мөлшерлемелерімен бір сөйлемде басылады.

      Егер жалпы талаптар қызметтер көрсету туралы шартта кесте түрінде көрсетілсе, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі басқа мөлшерлемелер көрсетілгеннен кейін келесі жеке жолда (бағанда) көрсетіледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу:

      1) қызмет көрсету туралы шарт жасасу күніне;

      2) клиенттің ауызша немесе жазбаша талабы бойынша;

      3) шартқа қосымша келісім жасау жолымен банктік қарыз шартына клиенттің ақшалай міндеттемелері сомасының (мөлшерінің) және (немесе) оларды төлеу мерзімінің өзгеруіне әкеп соқтыратын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда;

      4) клиент қарызға қызмет көрсету кезеңінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19702 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 218 қаулысымен бекітілген Жеке тұлғаға берілген банктік қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) 2-тармағының 5), 6), 7) және 7-1) тармақшаларында көрсетілген төлемді жүзеге асырған және қызмет көрсету туралы шарт жасасқан күнгі жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне енгізілмеген жағдайда. Клиент банктік қарыз шартында көзделген тәртіппен жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі мәнінің өзгеруі туралы хабардар етіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.02.2022 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Заңда және (немесе) банктік қарыз шартында көзделген жағдайларда сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруін қоса алғанда, шартқа қосымша келісім жасау жолымен банктік қарыз шартына клиенттің ақшалай міндеттемелері сомасының (мөлшерінің) және (немесе) оларды төлеу мерзімінің өзгеруіне әкеп соқтыратын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда банк берілген қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін негізгі борыштың қалдығы, банктік қарыз шартының талаптары өзгертілетін күндегі кредиттеудің қалған мерзімі, клиент төлеуге тиіс комиссиялар негізінде есептейді және банктік қарыз шартына қосымша келісімде көрсетеді.

      5. Клиенттің талап етуі бойынша банк қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің нақтыланған мәнін клиенттің таңдауы бойынша шарттың қолданылу мерзімінің басынан бастап клиент жасаған барлық төлемдерді ескере отырып, банктік қарыз шартының қолданылу мерзімінің соңына дейін, не кредиттеудің қалған мерзімі мен негізгі борыштың қалдығы негізінде есептейді және оған жазбаша түрде жібереді.

      5-1. Банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талап етулерді) басқаға беру кезінде осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген жағдайда жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеуді банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талап етулер) берілген үшінші тұлға жүргізеді.

      Ескерту. 1-тарау 5-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Тасымалдағыш түріне (жарнамалық буклеттер, жол жиегіндегі билбордтар, стендтер, үндеулер және басқалар) қарамастан, қызметтер бойынша сыйақы шамалары туралы, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстар арқылы, электронды почтамен, телефон бойынша, клиенттерге ауызша кеңес беру кезінде берілетін ақпаратта жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемелері қамтылады.

2. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу

      7. Қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      D – алғашқы қарыз сомасы;

      k – клиенттің банкке алғашқы қарызды алған күнгі қарыздарды алуға байланысты төлемдерінің жалпы сомасы;

      n – клиентке соңғы төлемнің реттік нөмірі;

      j – клиентке алғашқы қарызды алған күннен кейінгі төлемнің реттік нөмірі;

      Sj – клиентке j-ші төлем сомасы, оның ішінде кезекті қарыздар;

      APR – жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі;

      tj – алғашқы қарыз берілген күннен бастап клиентке j-ші төлем сәтіне дейінгі уақыт кезеңі (күндермен);

      m – клиенттің соңғы төлемінің реттік нөмірі;

      і – клиент төлемінің реттік нөмірі;

      Pi – осы Қағидалардың 8, 8-1-тармақтарына сәйкес төлемдерді қосқанда, клиенттің алғашқы қарызды алған күннен кейінгі і-ші төлемінің сомасы;

      ti – алғашқы қарыз берілген күннен бастап клиенттің і-ші төлемі сәтіне дейінгі уақыт кезеңі (күндермен).

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7-1. Қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне клиенттің негізгі борыш және сыйақы бойынша төлемдері, сондай-ақ қарыз беруге және қызмет көрсетуге байланысты, Қағидалардың 8 және 8-1-тармақтарында көрсетілген комиссиялар мен өзге де төлемдер кіргізіледі.

      Ескерту. 2-тарау 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 135 (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Заңды тұлғаға берілетін қарыз бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің есебіне банктік қарыз шартында көзделген қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер, банктік қарыз шартын жасасу күніне белгілі төлем мөлшерлері мен мерзімдері, сондай-ақ үшінші тұлғалардың пайдасына клиенттердің мынадай төлемдері кіреді:

      1) клиенттің Қағидалардың 9-тармағының 4) тармақшасында көзделген төлемдерді қоспағанда, қарыз алуға, қарызға қызмет көрсетуге байланысты, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары шеңберінде сақтандыру ұйымының пайдасына төлемдері;

      2) клиенттің кепілдік (кепілдеме) алу үшін кепілгерге (кепіл берушіге), кепілге берілетін мүлікті бағалау үшін бағалаушыға төлемдері;

      3) клиенттің екінші деңгейдегі банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға (бұдан әрі – банк) клиенттерді тарту, клиенттер ұсынатын құжаттардың қарыз беру талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке беру, банк клиенттерінен қарыздарды өтеу есебіне төлемдер мен аударымдарды қабылдау бойынша қызметтер көрсететін ұйымдардың (делдалдардың) пайдасына төлемдері;

      4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына байланысты емес, қарыз алуға, қарызға қызмет көрсетуге байланысты банктік шот шарттары және (немесе) банктік қызмет көрсету шарттары, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары шеңберінде банктің және (немесе) өзге де ұйымдардың пайдасына клиенттің комиссиялары мен төлемдері енгізіледі.

      Егер қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген төлемдердің кредиттеудің бүкіл мерзіміне мөлшерлерін айқындау мүмкіндігі болмаса, қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне осы тұлғалардың олармен шарттар жасау күнінде айқындалған тарифтеріне қарай кредиттеудің бүкіл мерзіміндегі төлемдер енгізіледі.

      Банктік қарыз шартында көзделген комиссиялар мен өзге де төлемдер, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, өндіріп алу фактісі банктік қарыз шартын жасасу күні белгісіз төлемдер нақты төлем жасалғаннан кейін сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі қайта есептелген жағдайда ескеріледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.02.2022 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8-1. Жеке тұлғаға берілетін қарыз бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің есебіне банктік қарыз шартында көзделген қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер, банктік қарыз шартын жасасу күніне белгілі төлем мөлшері мен мерзімдері енгізіледі.

      Егер қарыз бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу кезінде кредиттеудің бүкіл мерзіміне Тізбенің 2-тармағының 5), 6), 7) және 7-1) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың пайдасына төлемдердің мөлшерін айқындау мүмкіндігі болмаса, сыйақының жылдық тиімді ставкасының есебіне осы тұлғалар белгілеген және олармен шарттар жасасу күніне айқындалған тарифтерді негізге ала отырып, кредиттеудің бүкіл мерзімі үшін төлемдер енгізіледі.

      Банктік қарыз шартында көзделген, Тізбенің 2-тармағының 3), 4), 5), 6), 7), 7-1), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген, банктік қарыз шартын жасау күнінде өндіріп алу фактісі белгісіз комиссиялар мен өзге де төлемдер нақты төлем жасалғаннан кейін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қайта есептелген жағдайда немесе олар банктік қарызға қызмет көрсету кезеңінде енгізілген кезде ескеріледі.

      Ескерту. 2-тарау 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 135 (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.02.2022 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      9. Қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне:

      1) Қағидалардың 8-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында және Тізбенің 2-тармағының 5), 6), 7) және 7-1) тармақшаларында көрсетілген төлемдерді қоспағанда, клиенттің үшінші тұлғалардың пайдасына төлемдері;

      2) тұрақсыздық айыбын және оның ішінде клиентке белгіленген овердрафт лимитінің асып кеткені үшін айыппұл санкцияларының өзге түрлерін қоса алғанда, клиенттің банктік қарыз шартының талаптарын сақтамауына байланысты төлемдері;

      3) клиенттің банктік қарыз шарты бойынша және кепіл берушінің пайдалануындағы міндеттемелерін қамтамасыз ететін кепіл шарты бойынша кепіл мәнін сақтандыру кезінде сақтандыру ұйымдарының пайдасына клиенттің төлемдері енгізілмейді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.02.2022 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Кредит карточкасын пайдалана отырып берілген қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген төлемдер мен комиссиялардан өзге:

      1) шот валютасынан (берілген қарыз валютасынан) ерекшеленетін валютадағы операцияларды жүзеге асыру үшін комиссия;

      2) кредит карточкасын шығару және оған қызмет көрсету үшін, оның ішінде кредит карточкасы бойынша операцияларды тоқтата тұру (қайта бастау) үшін комиссия;

      3) банкоматтарды пайдалана отырып, қолма-қол ақшамен қарыз сомасын алу үшін комиссия да кіргізілмейді.

      11. Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі негізгі көрсеткіштерге (инфляция деңгейі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі, LІBOR мөлшерлемесі, шетел валютасының бағамы және басқалар) тәуелді болған жағдайда банк жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу күніндегі негізгі көрсеткіштің мәнін пайдаланады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.01.2021 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Кредиттік желілер бойынша қарыздар берілген кезде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі кредиттік желі ашу туралы келісімде және осы келісім шеңберінде жасалған әрбір шартта оларда белгіленген талаптарға қарай көрсетіледі.

      Кредиттік желі ашу туралы келісімде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеуге қажетті мәндер болмаған жағдайда және оны Қағидалардың 13-тармағында көзделген талаптарды ескеріп есептеу мүмкіндігі болмаған кезде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі кредиттік желі ашу туралы келісімде көрсетілмейді және оны жасасуға байланысты комиссиялар келісім шеңберінде жасалған бірінші банктік қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне кіргізіледі.

      13. Қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде мынадай талаптар ескеріледі:

      1) егер кредиттік желі ашу туралы келісімде немесе банктік қарыз шартында клиенттің шешіміне қарай мөлшерде және мерзімдерде оның қарыз алу құқығы көзделсе, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі кредиттік желі ашу туралы келісімді немесе банктік қарыз шартын жасасу сәтінде кредиттік желі ашу туралы келісімде немесе банктік қарыз шартында көзделген ең жоғары ықтимал сомаға қарыз берілгеніне қарай есептеледі;

      2) егер кредиттік желі ашу туралы келісімде немесе банктік қарыз шартында талаптарына қарай түрлі сыйақы мөлшерлемелері мен комиссиялар көзделсе, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеуде ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі мен комиссиялар пайдаланылады;

      3) егер кредиттік желі ашу туралы келісімде немесе банктік қарыз шартында басқа нұсқамалар болмаған кезде қарызды өтеудің бірнеше ықтимал күні ескертілген болса, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қарыздың көрсетілген мерзімдердің ең ерте мерзімінде өтелетініне қарай есептеледі;

      4) егер қарызды өтеу кестесі болмаса және кредиттік желі ашу туралы келісімнің немесе банктік қарыз шартының талаптарында қарыз мерзімі, өтемдер күндері мен сомалары анықталмаса, кредиттік желі ашу туралы келісімде немесе банктік қарыз шартында ең аз ай сайынғы (тұрақты) төлем көзделген жағдайларды қоспағанда, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қарызды он екі біркелкі төлемдермен өтеу арқылы (борыштың негізгі сомасын қайтару, қарыз бойынша сыйақы төлеу және кредиттік желі ашу туралы келісімнің немесе банктік қарыз шартының талаптарында айқындалған өзге де төлемдер) кредиттік желі ашу туралы келісімді немесе банктік қарыз шартын жасасу күнінен бастап бір жыл мерзіміне ең жоғары ықтимал сомаға қарыз (лимит) берілгеніне қарай есептеледі.

      . Салым бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі мынадай формула бойынша есептеледі:


      мұнда:

      n – клиенттің соңғы төлемінің реттік нөмірі;

      j – клиент төлемінің реттік нөмірі;

      Lj – клиенттің банкке j-ші төлемінің сомасы, оның ішінде салым енгізу және салым енгізу мен оған қызмет көрсетуге байланысты өзге де төлемдер;

      APR – жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі;

      tj – салым тартылған күннен бастап клиенттің j-ші төлемі сәтіне дейінгі уақыт кезеңі (күндермен);

      m – клиентке соңғы төлемнің реттік нөмірі;

      і – клиентке төлемнің реттік нөмірі;

      Pi – клиентке і-ші төлем сомасы, оның ішінде салымдар бойынша сыйақылар, салымдар қайтарымы, сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы жүйесіндегі мемлекеттің сыйлықақылары;

      ti – салым тартылған күннен бастап і-ші төлем сәтіне дейінгі уақыт кезеңі (күндермен).

      15. Салым бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде мынадай талаптар ескеріледі:

      1) егер шартта салымды қайтару мерзімі айқындалмаған болса, салым шарт жасасқан күннен бастап бір жыл мерзімге енгізілген болып есептеледі;

      2) егер шарттың талаптары бойынша салым бойынша сыйақы мөлшерлемесі болмаса, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі банктің комиссиялары ескеріліп есептеледі және шартта көрсетіледі.

      16. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып, жүйелі жақындатылған алгебралық әдіспен жүзеге асырылады.

      Клиенттің банкке жасаған төлемдері және банктің клиентке жасаған төлемдері олардың нақты төлену күнінде, болашақтағылары – төлемдер кестесі бойынша ескеріледі.

      17. Егер жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде алынған сан бір ондық белгіден асатын болса, ол былайша ондық үлеске дейін дөңгелектенуі тиіс:

      1) егер жүздік үлес 5-ке тең немесе одан артық болса, оныншы үлес 1-ге өседі де, одан кейінгі барлық белгілер алып тасталады;

      2) егер жүздік үлес 5-тен кем болса, оныншы үлес өзгеріссіз қалады, одан кейінгі барлық белгілер алып тасталады.