Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 7 шілдедегі N 142 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 4 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5738 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 115 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2016 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындысы туралы есептерді қарау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3822 тіркелген) "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 269 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 99 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4238 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 269 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 110 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4723 тіркелген), "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4803 тіркелген, 2007 жылғы шілде - тамызда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың актілер жинағында жарияланған), "Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 269 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы N 125 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5304 тіркелген, 2008 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың актілер жинағында жарияланған, N 10), "Бағалы қағаздар рыногы мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 181 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5462 тіркелген), "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 89   қаулысымен(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5701 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: аталған қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары туралы есепті қарау ережесінде:
      мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын:
      "2-3. Осы Ереженің мақсаты үшін:
      1) міндеттемелер құрылымын қайта қарау деп эмитент (оның ішінде банк) ерікті түрде не уәкілетті органның банкке қаржылық жағдайды сауықтыратын және жұмыс сапасын жақсартатын құрылымды қайта қарау жоспары негізінде қолданатын алдын-ала ықпал ету шаралары аясында іске асыратын әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа да іс-шаралар кешені түсіндіріледі;
      2) банктің құрылымын қайта қарау деп банктің құрылымды "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы Заң) 6-1-тарауына сәйкес қайта қарауы түсіндіріледі.";
      5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5-1. Эмитент облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама) өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында уәкілетті органға мыналарды ұсынады:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) бірінші басшы, бас бухгалтер қол қойған және эмитент мөрінің бедерімен расталған облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама) өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз тасымалдағышпен екі данада жасалған. Бұл ретте екі дананың әр қайсысында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама) жасалған өзгерістер мен толықтырулар бар;
      3) қаржылық есеп берусіз Аcrobat Reader форматындағы электронды тасымалдағышта енгізілген (өзгерістер мен толықтырулары бар) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама);
      4) облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама) соның негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізген эмитент органы шешімінің көшірмесі;
      5) эмитенттің атауы, оның тұрғылықты орны, облигациялардың саны және (немесе) олардың айналыс мерзімі кеміген жағдайдағы облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы;
      6) облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама) өзгерістер мен толықтырулар енгізу қорытындысында облигацияның меншік иелерінің құқықтарының бұзылмайтындығы туралы эмитенттің жазбаша міндеттемесі;
      7) тұрғылықты орны өзгерген жағдайда – заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәліктің және жарғының көшірмелері.
      Эмитент міндеттемелерінің құрылымын ерікті түрде не уәкілетті орган банкке қолданған алдын-ала ықпал ету шаралары аясында қайта қараған жағдайында осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) эмитент органы бекіткен құрылымды қайта қарау жоспарының мыналар бар көшірмесін:
      эмитент міндеттемелерінің құрылымын қайта қарауды өткізудің тәртібі мен мерзімі;
      міндеттемелер құрылымын қайта қарау аясында өтетін іс-шаралар, оның ішінде облигациялар шығарылымы талаптарының өзгерістері бар;
      эмитент міндеттемелерінің құрылымын қайта қарау нәтижесі бойынша жорамалданатын қаржылық қорытындылар;
      қызметте қабылданатын шектеулер;
      2) облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркейтін құжаттарды ұсынатын күннің алдындағы күнгі тіркеуші берген облигацияларды ұстаушылар тізілімінің көшірмесі;
      3) облигациялар шығарылымы талаптарының өзгеруіне, сондай-ақ уәкілетті органның облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеген сәтке дейін құрылымды қайта қарау жорамалданып отырған кезде облигацияларды, міндеттемелерді иеліктен айырмауға (ауыртпалық түсірмеуге) міндеттеме қабылдауға байланысты әрбір облигацияны ұстаушының не берілген сенімхат негізінде іс-қимыл жасайтын оның өкілінің нотариатта куәландырылған келісімі.
      Банктің құрылымды қайта қарауы соттың құрылымды қайта қарау жөніндегі шешіміне сәйкес жүргізілген жағдайында осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) сот бекіткен құрылымды қайта қарау жоспарының көшірмесі және оның ішінде облигациялар шығарылымы талаптарының өзгерістерін қоса бере отырып, банктің құрылымын қайта қарауды өткізу туралы сот шешімінің көшірмесі;
      2) міндеттемелерінің құрылымын қайта қарау жорамалданып отырған банк кредиторларының жиналысы өтетін күні тіркеуші берген облигацияларды ұстаушылар тізілімінің көшірмесі;
      3) Банктер туралы Заңының 59-3-бабының 6-тармағында көрсетілген талаптардың орындалуын растайтын мерзімді баспасөз басылымы беттерінің көшірмелері.";
      14-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Осы тармақтың талаптары банк құрылымын қайта қарауды өткізу жөніндегі сот шешіміне сәйкес не уәкілетті органның банкке қолданатын алдын-ала ықпал ету шаралары аясында өткізілетін осының алдында шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелер құрылымын қайта қарауды өткізу жағдайларына таратылмайды.";
      мынадай мазмұндағы 14-2, 14-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "14-2. Банк міндеттемелер құрылымын қайта қарауды уәкілетті органның банкке қолданатын алдын-ала ықпал ету шаралары аясында өткізген жағдайында осыдан кейінгі облигациялар шығарылымын, облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу үшін мынадай құжаттар беріледі:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) жарғы көшірмесі;
      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
      4) статистикалық карточканың көшірмесі;
      5) облигациялар шығарылымы банк кепілдігімен қамтамасыз етілген жағдайда банк міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжаттар және облигацияларды ұстаушылардың өкілімен жасалған шарт көшірмесі;
      6) банк міндеттемелері құрылымын қайта қарауды өткізу туралы банк органы шешімінің көшірмесі;
      7) банк органы бекіткен құрылымды қайта қарау жоспарының көшірмесінде мыналар болуы тиіс:
      міндеттемелер құрылымын қайта қарауды өткізу тәртібі мен мерзімі;
      міндеттемелер құрылымын қайта қарау аясында өткізілетін іс-шаралар, оның ішінде облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) талаптары;
      міндеттемелер құрылымын қайта қарау нәтижесіндегі жорамалданатын қаржылық қорытындылар;
      қызметте қабылданатын шектеулер;
      8) осы Ереженің 1-қосымшасына немесе 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данада жасалған қағаз тасымалдағыштағы (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі) облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама) және Аcrobat Reader форматындағы электронды тасымалдағышта енгізілген (қоғамның қаржылық есеп беруінсіз) мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада. Бұл ретте әрбір екі данада мемлекеттік және орыс тілдеріндегі облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама) бар;
      9) осының алдындағы облигациялар шығарылымын, облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беретін күннің алдындағы күнгі тіркеуші берген облигацияларды ұстаушылар тізілімінің көшірмесі;
      10) облигацияларды ұстаушылар алдында міндеттемелер құрылымын қайта қарау үшін әрбір облигацияны ұстаушының не берілген сенімхат негізінде іс-қимыл жасайтын оның өкілінің нотариатта куәландырылған келісімі, сондай-ақ облигацияларды ұстаушылар тізілім жүйесінде осының алдында шығарылған облигациялардың орнына жаңа облигациялар шығарылымын шығарған кездегі айырбас мәмілелері тіркелген сәтке дейін құрылымды қайта қарау жорамалданып отырған кезде облигацияларды, міндеттемелерді иеліктен айырмауға (ауыртпалық түсірмеуге) міндеттеме қабылдау.
      Банк облигациялық бағдарлама шегінде осыдан кейінгі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін осы тармақтың 1), 5), 6), 7), 8), 9), 10) тармақшаларымен көзделген құжаттарды береді.
      14-3. Банк соттың осыдан кейінгі облигациялар шығарылымын, облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылымды қайта қарауды өткізу жөніндегі шешіміне сәйкес құрылымды қайта қарауды өткізген жағдайында мынадай құжаттарды береді:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) жарғы көшірмесі;
      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
      4) статистикалық карточканың көшірмесі;
      5) облигациялар шығарылымы банк кепілдігімен қамтамасыз етілген жағдайда банк міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжаттар және облигацияларды ұстаушылардың өкілімен жасалған шарт көшірмесі;
      6) сот бекіткен құрылымды қайта қарауды өткізу жоспарының көшірмесін қоса бере отырып, банк құрылымын қайта қарауды өткізу туралы сот шешімінің көшірмесін, оның ішінде облигациялар шығарылымы талаптарын;
      7) осы Ереженің 1-қосымшасына немесе 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данада жасалған қағаз тасымалдағыштағы (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі) облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама) және Аcrobat Reader форматындағы электронды тасымалдағышта енгізілген (қоғамның қаржылық есеп беруінсіз) мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада. Бұл ретте әрбір екі данада мемлекеттік және орыс тілдеріндегі облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама) бар;
      8) Банктер туралы Заңының 59-3-бабының 6-тармағында көрсетілген талаптардың орындалуын растайтын мерзімді баспасөз басылымы беттерінің көшірмелері.
      Банк облигациялық бағдарлама шегінде осыдан кейінгі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін осы тармақтың 1), 5), 6), 7), 8) тармақшаларымен көзделген құжаттарды береді.";
      1-қосымшаның 38-тармағындағы:
      5-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5-1) облигацияларға төлем жасаудың талаптары мен тәртібі:
      облигацияларға төлем жасаудың талаптары, тәртібі, есеп айырысу тәсілдері, оның ішінде құрылымды қайта қарау жоспарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, көрсетіледі;";
      6-1) тармақшадағы орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
      3-қосымшада:
      3-тармақтың 12-1) тармақшадағы орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) облигацияларға төлем жасаудың талаптары мен тәртібі:
      облигацияларға төлем жасаудың талаптары, тәртібі, есеп айырысу тәсілдері, оның ішінде құрылымды қайта қарау жоспарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, көрсетіледі.";
      5-қосымшада:
      5-тармақтың 1) тармақшасындағы "акцияларды" деген сөз "облигацияларды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      7-3-тармақ "Облигациялардың орналастыруы" деген сөздерден кейін "(қаржы ұйымдары левередж мөлшерін көрсетпейді)" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. <*>
      Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Осы қаулы "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ақша төлемi мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлiк есебi мен қаржылық есептiлiгi, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 11 шілдедегі   Заңының қолданысқа енгізілгеннен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының жиырма төртінші абзацтан бастап елу алтыншыға дейінгі абзацтарын, 2-тармағын қоспағанда, ол алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      4. Лицензиялау департаменті (Н.Қ. Қасқаманова):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жіберсін.
      5. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымның орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрағаның міндетін
      атқарушы                                         Қ. Қожахметов