Әкiмшiлiк жолмен қамауға алынған тұлғаларды ұстайтын iшкi iстер органдарының арнайы қабылдау орындары туралы Ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 23 шілдедегі N 499 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 23 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1963. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 232 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мына мемлекеттiк мекемелері құрылсын:
      1) "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағы";
      2) "Автокөлiк қызметiн көрсету мекемесi".

      2. Құрылатын мемлекеттік мекемелердi қаржыландыру 2002 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк мекемелердiң Ережелерiн бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. <*>
      Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.12.29. N 1443 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі