"Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына өзгер

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 46 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 12 мамырда № 15117 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 63) тармақшасына, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 № 122 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. "Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген, 2011 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 11 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары";

      1-тарауда:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары (бұдан әрі - Шот жоспары) "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің, ипотекалық ұйымдардың, "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының және бұдан бұрын еншілес банк болған заңды тұлғаның құндық көрінісіндегі қаржылық есептілік элементтерін топтастыруға және ағымдағы көрсетуге арналған.";

      2-тарауда:

      1-параграфта:

      1552- шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:

"1553

Клиенттер мен инвестициялық депозиттер бойынша есеп айырысулар";

      1728-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:

"1729

Инвестициялық депозиттермен операциялар бойынша есептелген кірістер";

      7-параграфта:

      7801-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

      "7801            Банктің клиенттердің ақшасын есепке алу шоты";

      7805-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

      "7805            Қатысу үлестері";

      7811-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

      "7811            Лизингке (жалға) берілген активтер бойынша талаптар";

      7811-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен толықтырылсын:

"7812

Жалдау бойынша есептелген кірістер

7813

Зиянды өтеуге арналған резервтер (провизиялар)";

      7831-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

      "7831            Инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелер";

      7833-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

      "7833            Инвестициялық депозиттер бойынша есептелген шығыстар";

      7833-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен толықтырылсын:

"7834

Инвестициялық депозитті басқару үшін сыйақы

7835

Басқа да міндеттемелер";

      "Клиенттен ақшаның түсуі" деген 7861-шоттың нөмірі мен аты алып тасталсын;

      7864, 7865, 7866, 7867, 7868-шоттардың аты мынадай редакцияда жазылсын:

      "7864            Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысудан түскен кіріс

      7865            Дисконт амортизациясынан түскен кірістер

      7866            Резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден түскен кірістер

      7867            Бағамдық айырма бойынша кірістер

      7868            Активтерді әділ құн бойынша қайта бағалаудан түскен кірістер";

      7881-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

      "7881            Инвестициялық депозит бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар";

      7884-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

      "7884            Сыйлықақыны амортизациялау бойынша шығыстар";

      "Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болатын іске асырылған шығыстар" деген 7885-шоттың нөмірі мен аты алып тасталсын;

      7886, 7887-шоттардың аттары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7886            Бағамдық айырма бойынша шығыстар

      7887            Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болатын шығыстар";

      3-тарауда:

      1-параграфта:

      1552-шоттың сипаттамасынан кейін 1553-шоттың мынадай мазмұндағы нөмірімен, атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:

      "1553 Клиенттер мен инвестициялық депозиттер бойынша есеп айырысулар (актив).

      Шоттың мақсаты: Ислам банкінің клиенттерге инвестициялық депозиттерді мерзімінен бұрын қайтаруға байланыстағы байланысты туындаған талаптарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиентке оның талап етуі бойынша инвестициялық депозитті мерзімінен бұрын қайтаруға байланысты туындаған талаптардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша ислам банкі талаптарының сомаларын оларды алған кезде есептен шығару жазылады.";

      1728-шоттың сипаттамасынан кейін 1729-шоттың мынадай мазмұндағы нөмірімен, атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:

      "1729. Инвестициялық депозиттермен операциялар бойынша есептелген кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Ислам банкінің инвестициялық депозитке тартылған ақшаны пайдаланудан алынған кірістің бөлігі түрінде есептелген сыйақысының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозиттен есептелген сыйақысының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша есептелген сыйақының сомаларын ол алынған жағдайда есептен шығару жазылады.";

      2-параграфта:

      7801-шоттың аты мен сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7801. Банктің клиенттердің ақшасын есепке алу шоты (актив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттердің ислам банкі инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылдаған ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттердің ислам банкі инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылдаған ақша сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша ақша сомаларын оларды инвестициялау, клиентке қайтару және клиентке және (немесе) ислам банкіне сыйақы төлеу кезінде есептен шығару жазылады.";

      7804, 7805, 7806, 7807-шоттардың аты мен сипаттамалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7804. Ислам бағалы қағаздары (актив).

      Шоттың мақсаты: Ислам банкі инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылдаған ақша есебінен сатып алынған ислам бағалы қағаздарының құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша ислам банкі инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылдаған ақша есебінен сатып алынған ислам бағалы қағаздарының құны, дисконт амортизациясының және ислам бағалы қағаздарының әділ құнының артуынан алынған кірістердің сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша ислам бағалы қағаздарының құнын оларды сату немесе құнсызданған кезде есептен шығару, дисконт амортизациясының және ислам бағалы қағаздарының әділ құнының төмендеуінен шығыстардың сомасы жазылады.

      7805. Қатысу үлестері (актив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен ислам банкінің өндірістік және сауда қызметін қаржыландыруды жүзеге асыру кезінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына және (немесе) әріптестік талаптарымен салынған инвестициялардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына және (немесе) әріптестік талаптарымен салынған инвестициялардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына және (немесе) әріптестік талаптарымен салынған инвестициялардың сомаларын оларды сату немесе құнсыздануы кезінде есептен шығару жазылады.

      7806. Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша талаптардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша талаптардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша талаптардың сомалары оларды өтеу немесе құнсыздану кезінде есептен шығару жазылады.

      7807. Сыйақы (актив).

      Шоттың мақсаты: Ислам бағалы қағаздары, салымдар және өзге де операциялар бойынша сыйақы түрінде есептелген кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша ислам бағалы қағаздары, салымдар және өзге де операциялар бойынша есептелген сыйақының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша есептелген сыйақының сомалары оларды төлеу немесе құнсыздануы кезінде есептен шығару жазылады.";

      7811-шоттың аты мен сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7811. Лизингке (жалға) берілген активтер бойынша талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақшаның есебінен сатып алынған негізгі құралдарды лизингке (жалға) беруге байланысты туындаған талаптың құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша негізгі құралдарды лизингке (жалға) беруге байланысты туындаған талаптың құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша негізгі құралдарды жалға беруге байланысты туындаған талаптың құнын лизинг (жалдау) шарты бойынша жалдау төлемдерін алған кезде есептен шығару жазылады.";

      7811-шоттың сипаттамасынан кейін 7812, 7813-шоттардың мынадай мазмұндағы нөмірлерімен, аттарымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:

      "7812. Жалдау бойынша есептелген кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Есептелген жалдау төлемдерінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша лизинг (жалдау) шартының талаптарына сәйкес есептелген жалдау төлемдерінің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша есептелген жалдау төлемдерінің сомаларын оларды алған немесе құнсызданған кезде есептен шығару жазылады.

      7813. Зиянды өтеуге арналған резервтер (провизиялар).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақшаның есебінен сатып алынған активтердің құнсыздануынан болған зиянды өтеуге арналған резервтердің (провизиялардың) сомаларын есеп алу.

      Шоттың кредиті бойынша зиянды өтеуге арналған резервтердің (провизиялардың) сомалары оларды құру кезінде жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша зиянды өтеуге арналған резервтердің (провизиялардың) сомаларын активтердің кредиттік сапасы жақсарған немесе құнсызданған активтердің құны есептен шығарылған кезде есептен шығару жазылады.";

      7831-шоттың аты мен сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7831. Инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша клиенттен түскен ақша жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша клиент ақшаны алған кезде оны есептен шығару жазылады.";

      7833-шоттың аты мен сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7833. Инвестициялық депозиттер бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шартқа сәйкес инвестициялық депозиттер бойынша есептелген шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша инвестициялық депозиттер бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозиттер бойынша есептелген шығыстардың сомаларын оларды төлеу кезінде есептен шығару жазылады.";

      7833-шоттың сипаттамасынан кейін 7834, 7835-шоттардың мынадай мазмұндағы нөмірлерімен, аттарымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:

      "7834. Инвестициялық депозитті басқару үшін сыйақы (пассив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шартқа сәйкес инвестициялық депозитті басқару үшін ислам банкіне есептелген сыйақының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша инвестициялық депозитті басқару үшін есептелген сыйақының сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозитті басқару үшін есептелген сыйақының сомаларын оларды төлеу кезінде есептен шығару жазылады.

      7835. Басқа да міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақшаны басқаруды жүзеге асыру процесінде туындайтын заңды және жеке тұлғалар алдындағы басқа да міндеттемелердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша заңды және жеке тұлғалар алдындағы басқа да міндеттемелердің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша заңды және жеке тұлғалар алдындағы басқа да міндеттемелер өтелген кезде олардың сомаларын есептен шығару жазылады.";

      7851-шоттың аты мен сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7851. Капитал (пассив).

      Шоттың мақсаты: Есепті кезеңдегі нәтижені есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша № 7860 баланстан тыс шоттар тобын жабу кезінде есепті кезең үшін инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақшаны басқаруды жүзеге асыру барысында туындайтын кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша № 7880 баланстан тыс шоттар тобын жабу кезінде есепті кезең үшін инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақшаны басқаруды жүзеге асыру барысында туындайтын шығыстардың сомалары жазылады.";

      "Клиенттен ақшаның түсуі" деген 7861-шоттың нөмірі, аты және сипаттамасы алып тасталсын;

      7864, 7865, 7866, 7867, 7868-шоттардың аттары мен сипаттамалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7864. Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысудан түскен кіріс (пассив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысудан түскен кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысудан есептелген кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысудан есептелген кірістердің сомаларын № 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      7865. Дисконт амортизациясынан түскен кірістер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған ислам бағалы қағаздары, салымдар және өзге активтер бойынша дисконтты амортизациялаумен байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша дисконтты амортизациялаумен байланысты кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      7866. Резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден түскен кірістер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған ислам бағалы қағаздары, салымдар және өзге активтер бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден түскен кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша ислам бағалы қағаздары, салымдар және өзге активтер өтелген немесе кредиттік сапасы жақсарған кезде резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден түскен кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      7867. Бағамдық айырма бойынша кірістер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтер бойынша валюталардың нарықтық айырбастау бағамының оң өзгеруі нәтижесінде туындаған кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтер бойынша валюталардың айырбастау бағамының оң өзгеруі нәтижесінде туындаған кірістердің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      7868. Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан түскен кірістер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтердің әділ құнының оң өзгеруі нәтижесінде алынған кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтердің әділ құнының оң өзгеруінен түскен кірістердің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.";

      7881-шоттың аты мен сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7881. Инвестициялық депозит бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар (актив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шартқа сәйкес инвестициялық депозит бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша болған шығыстар сомаларын № 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.";

      7884-шоттың аты мен сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7884. Сыйлықақыны амортизациялау бойынша шығыстар (актив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған ислам бағалы қағаздары, салымдар және өзге активтер бойынша сыйлықақыны амортизациялаумен байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша сыйлықақыны амортизациялаумен байланысты шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша болған шығыстар сомаларын № 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.";

      "Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болатын іске асырылған шығыстар" деген 7885-шоттың нөмірі, аты мен сипаттамасы алып тасталсын;

      7886, 7887-шоттардың аттары мен сипаттамалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7886. Бағамдық айырма бойынша шығыстар (актив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтер бойынша валюталардың айырбастау бағамының теріс өзгеруі нәтижесінде болған шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтер бойынша валюталардың айырбастау бағамының теріс өзгеруі нәтижесінде болған шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шығыстардың сомаларын № 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      7887. Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болатын шығыстар (актив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтердің әділ құнының теріс өзгеруі нәтижесінде болған шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтердің әділ құнының теріс өзгеруі нәтижесінде болған шығыстардың сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шығыстардың сомаларын № 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.".

      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 № 105 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Мына:

      1) "Исламдық банктердің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 33 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5687 болып тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 131 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11993 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Рахметова С.К.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 46 қаулысымен
бекітілген

Ислам банктерінің бухгалтерлік есеп жүргізу жөніндегі нұсқаулық

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 № 105 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.