"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысын іске асыру жөніндегі кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 167 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 11 маусымдағы № 291 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 7 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6327 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 4 маусымдағы № 255 Бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына заңнамада белгіленген тәртіппен «СК-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қадағалау кеңесінің құрамына мыналарды:
      1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Тұрмаханұлы Орынбаевты қадағалау кеңесінің төрағасы;
      2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиевті қадағалау кеңесінің мүшесі;
      3) «СК-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры етіп тағайындай отырып, бұл міндеттерден Вадим Павлович Зверьковты босатып, Сыздық Асылбекұлы Баймұқановты қадағалау кеңесінің мүшесі етіп сайлау ұсынылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов