"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысын іске асыру жөніндегі кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 167 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 11 маусымдағы № 291 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 7 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6327 болып енгізілді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысын іске асыру жөніндегі кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 167 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5674 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 мамырдағы № 80 (1677) «Заң газет» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің интеллектуалды мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі конкурсты өткізудің тәртібінде:
      3-тармақтағы үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бейінді пәндер физика-математикалық бағыттағы мектептерде 7-сыныпта математика, 8-сыныптан бастап физика және математика болып табылады»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Физика-математикалық бағыттағы мектептерде 7-сыныпта кешенді тестілеу мынадай пәндер бойынша өткізіледі: математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, 8-10-сыныптарда: физика, математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі»;
      6-тармақтағы «тапсырма саны» деген сөздер «тапсырма саны 7-сынып үшін 60, 8-сынып үшін» деген сөздермен ауыстырылысын;
      8-тармақтағы «бес күн» деген сөздер «екі күн» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Н.Р. Аршабеков) белгілінген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне  мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Ж. Түймебаев