Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 249 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 8 маусымда № 7718 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 240 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 20-бабы 2-тармағының бірінші сөйлеміне сәйкес Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV съезі іс-шараларының өтуін болдырмау қаупін төндірген қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне 2012 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Рубеж бекетінен Ақмол кентіне дейін Қорғалжын тас жолын жөндеуге 463 614 000 (төрт жүз алпыс үш миллион алты жүз он төрт мың) теңге сомада қаражат бөлінсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.30 № 1522 Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов