"Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу ережесін бекіту турал

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 602 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 403 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1598 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баждары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 қыркүйектегі № 1162 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 70, 1010-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Баж ставкасы (1 тонна үшін доллармен)» деген бағанда:
      «164,97», «109,98», «109,98», «109,98» деген сандар тиісінше «168,88», «112,59», «112,59», «112,59» деген сандармен ауыстырылсын.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов