Тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2010 жылғы 11 ақпандағы № 45-НҚ және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 54 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6073 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 19 маусымда № 138-НҚ және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 25 маусымда № 205 НҚ Бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.06.19 № 138-НҚ және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012.06.25 № 205 НҚ (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

      «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 1 және 2-тармақтарын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Бақылау және талап қою департаменті (М. Орынбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін:
      1) оны белгіленген тәртіппен ресми жариялауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ресми сайтында орналастыруды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Е.К. Құдайбергеновке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Табиғи монополияларды реттеу
      агенттігінің төрағасы                        Н. Алдабергенов

      Қазақстан Республикасының
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау министрі                           Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы     
Табиғи монополияларды      
реттеу агенттігі төрағасының
2010 жылғы 11 ақпандағы    
№ 45-НҚ және         
Қазақстан Республикасының  
Экономика және бюджеттік   
жоспарлау министрінің      
2010 жылғы 15 ақпандағы    
№ 54 бірлескен бұйрығымен  
бекітілген         

нысан

Тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған орган ________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акті ____________________________________
   (№, уақыты, құқықтық статистика бойынша органда тіркелгені туралы
мәлімет)
Тексеруді өткізу мерзімі ____________________________________________
Тексерілетін субъектінің атауы ______________________________________
Мекен-жайы __________________________________________________________
Тексерілетін субъект табиғи монополиялар, реттелетін нарықтар,
лицензиялау аясында кызметті жүзеге асырады, энергия өндірушы,
энергиямен жабдықтаушы ұйым болып табылады (керегінің астын сызыңыз).

р/с №

Қазақстан Республикасының Заңдарымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен белгіленген талаптар

табиғи монополия субъектісі үшін

1

реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) уәкiлеттi орган бекiткен тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн ескере отырып, мемлекеттiк органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде белгiлеген, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларды жалпыға бiрдей қызмет көрсетумен қамтамасыз ету

2

тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) жасағаны үшiн олардан өз кассалары, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлемдер қабылдауды қамтамасыз ету

3

Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескерiлген реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан басқа жағдайларда, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға тең жағдайлармен, оның iшiнде уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткiзудi тең жағдайларын ұсыну

4

тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi бекiтiлген жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiнен аспайтын бiрыңғай тарифтер (бағалар, алым ставкалары) деңгейлерi бойынша ұсыну

5

Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде ескерiлетiн қызметтердi (тaуapлapды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыру

6

үш жылда бiр рет мiндеттi аудит жүргiзетiн аудиторлық ұйымдардың жыл сайынғы мiндеттi аудит жүргiзу, және аудиторлық есеп және жылдық қаржы есептiлiгi Қазақстан Республикасының  заңдарында белгiленген тәртiппен және мерзiмінде жариялануы

7

реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтас алғанда уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзу

8

тарифтiк сметаны орындау, тарифтiк сметаны орындау немесе оны ұсынбауы туралы есепті уақытылы ұсыну

9

уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен тұтынушыларға және өзге де мүдделi тұлғаларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөнiндегi жұмысы туралы жыл сайын есеп беруді жүргізу

10

Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен үлгi шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне, сондай-ақ реттелiп көрсетiлетiн өзге де қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне және (немесе) жиынтығына тұтынушылармен жеке шарттар жасасу

11

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ынтымақтастықтың үлгі шарттарына сәйкес кондоминиум объектісін басқару органымен оларға реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түріне ынтымақтастық шарттарын жасасу

12

тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алу және оларды тұтынушыларға орнату

13

есептеу аспабы iстен шыққан жағдайда, есептеу аспаптарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен ақы өндiрiп алу

14

Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен негiзгi құралдарға қайта бағалау жүргiзудi уәкiлеттi органмен келiсу

15

тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) төмендету туралы оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн он күннен кешiктiрмей уәкiлеттi орган мен тұтынушыларды хабардар ету

16

Қазақстан Республикасының салық заңдары тиiсiнше өзгертiлiп, соның нәтижесiнде табиғи монополия субъектiсi шығындарының құны азайған жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн аталған өзгерiстер қолданысқа енгiзiлген күннен бастап уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендету

17

мүлiктi мемлекет меншiгiне беру жағдайларын қоспағанда, өндiрiске және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға арналған мүлiктi тендер нысанындағы сауда-саттықта иелiктен айыру

18

уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызмет түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алу әдiстемесiн әзiрлеу және келісу

19

табиғи монополиялар субъектілерінің белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) орындау

20

уәкілетті орган бекіткен реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін тікелей пайдаланатын шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бес проценттен астам көтеру бойынша талаптарды сақтау

21

нормативтен тыс ысыраптар болған жағдайда оларды жою жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру

22

нормативтік техникалық ысыраптардың деңгейін уәкілетті орган белгілеген шамаға және мерзімге төмендету

23

уәкілетті органмен келісіп алынған негізінде рұқсат етілген өзге қызметтер түрлерін көрсету

24

табиғи монополия субъектiсiнiң өндiрiспен және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынумен, сондай-ақ осы Заңға сәйкес табиғи монополия субъектiсi үшiн рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асырумен байланысы жоқ мүлiкке меншiк және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығының болмауы бойынша талапты сақтау

25

мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан, арнайы қаржы компанияларынан, сондай-ақ табиғи монополия субъектiсi үшiн Заңда рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын өзге де ұйымдардан басқа, коммерциялық ұйымдардың акциялары (үлестері) болмауы немесе олардың қызметiне қатысуының өзге нысандары болмауы бойынша талапты сақтау

26

уәкiлеттi орган белгiлеген мөлшерден асатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы алмау бойынша талапты сақтау

27

Заңда көзделмеген қосымша ақы алу бойынша немесе өзінің мазмұны бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің мәніне қатысы жоқ (қаржылық қаражаттарды және өзге де мүлікті, мүліктік құқықтарды және басқаны беру) талапты сақтау

28

пайдаланылатын стратегиялық тауарларға арналған шығыстар ұлғайтылатын, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметаның баптарында көзделген қаражатты бес проценттен астам көтермеу бойынша талапты сақтау

29

табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қол жеткiзу шарттарын күштеп таңуға немесе тұтынушыларды кемсiтуге әкеп соғатын өзге де iс-әрекеттер жасауға жол бермеу бойынша талапты сақтау

30

реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiрген және (немесе) ұсынған кезде технологиялық циклда пайдаланылатын жеке меншiк құқығымен немесе заңды негiзде өзгеше тиесiлi мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға, лизингтi қоса алғанда, мүлiктiк жалдауға (жалға беруге) беруге тыйым салуды сақтау

31

арнайы қаржы компаниясының секьюритилендіру туралы мәмілелері бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді қоспағанда, ұсынылатын реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты талап ету құқығына жол беруге тыйым салуды сақтау

32

реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемiн жосықсыз тұтынушылардың төлемеуiне байланысты адал тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан бас тартуға жол бермеу бойынша талапты сақтау

33

реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты емес шығындарды олардың тарифтерiне (бағаларға, алымдар ставкаларына) немесе олардың шектi деңгейiн енгiзбеу бойынша талапты сақтау

34

белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларда (жобаларда) көзделген қаражатты мақсатсыз пайдалану бойынша талапты сақтау

35

мемлекеттiк органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде белгiлеген, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы талап етуге тыйым салуды сақтау

36

тарифтiк сметада қамтылатын; реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату шығындары және ақы алу тетiгi, реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң есептеу аспаптарын сатып алу және орнату туралы; ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) туралы ақпаратты коммерциялық құпия деп тануға тыйым салуды сақтау

37

реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға шарттар жасасу кезiнде тұтынушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеу бойынша талапты сақтау

38

Заңда белгіленген жағдайларда табиғи монополиялар субъектiлерi тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды жалпы тәртiппен қайта қарау үшiн алты айдан кешiктiрмей өтiнiмді уәкілетті органға ұсыну

39

Заңның 18-бабында көзделген iс-әрекеттердi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы өтiнiшті уәкiлеттi органға уақытында ұсыну

реттелетін нарық субъектісі үшін

40

алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың өсетіні және өсу себебін растайтын (реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялы жағдайға ие емес бөлшек сауда нарығы субъектілерін қоспағанда) негіздемелік материалдарды табыс ете отырып, өсу себептері туралы кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша түрде уәкілетті органды хабардар ету

41

Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті орган белгілеген қолданыстағы немесе жобаланған баға деңгейіне дейін төмендету

42

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген баға белгілеу тәртібін сақтау

43

Заң көзделген талаптарын бұза отырып, белгіленген бағаны негізсіз көтеру нәтижесінде алған табысты тұтынушыларға қайтару

44

бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілген немесе өнімдердің, тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің номенклатураға енгізілген күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, баға деңгейін растайтын негіздемелік материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты уәкілетті органға ұсыну

45

өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босату бағалары туралы өнімнің монополиялық түрлері бойынша ай сайынғы ақпаратты уәкілетті органға ұсыну

46

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті уәкілетті органға ұсыну

лицензиат үшін

47

Тиісті лицензия негізінде лицензиялауға жататын кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ іс-әрекеттерді жүзеге асыру

48

Заңнамада белгiленген лицензиялық ережелер мен нормаларды сақтау, соның iшiнде лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын сақтау

49

лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін әкімшілік жауапкершілікке әкеп соққан лицензиялық ережелер мен нормалардың бұзылуын жою

50

лицензияланатын қызмет бойынша жыл сайынғы есепті лицензиярға ұсыну

энергиямен жабдықтаушы ұйым үшін

51

тұтынушыларға электр энергиясын тәулік зоналары бойынша және (немесе) тұтынатын энергияның көлеміне (жеке тұлғалар үшін) қарай сараланған тарифтер бойынша өткізуден (сатудан) бас тартуға жол бермеу бойынша талапты сақтау

52

теңгерімдеуші нарықтағы сатып алу-сату жағдайларын қоспағанда, электр энергиясын басқа энергиямен жабдықтаушы ұйымға өткізуге (сатуға) тыйым салуды сақтау

энергия өндірушы ұйым үшін

53

электр энергиясын, спот-сауда-саттықта (олар өндіретін электр энергиясының көлемінің он процентінен аспайтын), теңгерімдеуші нарықты және экспортқа өткізілетін жағдайларды қоспағанда, тиісінше шекті, есептік немесе жеке тарифтен аспайтын тарифтер бойынша өткізуді жүзеге асыру бойынша міндетін орындау

54

заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен келісім жасасуға, онда көзделген инвестициялық міндеттемелерді орындауға және олардың орындалуы туралы есепті жыл сайын уәкілетті органға табыс ету бойынша міндетін орындау

55

инвестициялық шарт жасасқан жағдайда инвестициялық бағдарламаны орындауға және оның орындалуы туралы есепті уәкілетті органға және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға жыл сайын табыс ету бойынша міндетін орындау

56

электр энергиясын тиісінше шекті, есептік немесе жеке тарифтен асырып өткізген жағдайда, энергия өндіруші ұйым, электр энергиясын спот-сауда-саттықта (олар өндіретін электр энергиясы көлемінің он процентінен аспайтын), теңгерімдеуші нарықта және экспортқа өткізу нәтижесінде алынған сомаларды қоспағанда, көтерме және (немесе) бөлшек сауда субъектілеріне асып кеткен соманы қайтару міндетін орындау

57

энергия өндіруші ұйым табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган енгізген инвестициялық бағдарламаны орындау туралы нұсқаманы белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектілеріне инвестициялық бағдарламаны орындау үшін көзделген және оны іске асыру мақсатында пайдаланылмаған алынған қаражатты қайтару міндетін орындау

58

инвестициялық бағдарлама оны іске асыру басталғанға дейін уәкілетті органға және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға және көрсетілген мемлекеттік органдармен инвестициялық шартты белгілеген тәртіппен инвестициялық бағдарламалардың негізінде жасауға ұсыну бойынша міндетін орындау

59

есептік тарифті инвестициялық шартты жасасқан кезден бастап қолдану

60

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген және бекітілген инвестициялық бағдарламаның техникалық-экономикалық негіздемесінде айқындалған электр энергиясының бағасынан аспайтын есептік тарифті қолдану бойынша талапты сақтау

      Ескерту: «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы – Заң

      Тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға:
      ______________________       ________________________________
           (лауазымы)                  (қолы)           (А.Ә.Т)

      Тексерілетін субъектінің өкілі:
      ______________________       ________________________________
           (лауазымы)                  (қолы)           (А.Ә.Т)