Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы орталықтандырылған деректер банкін құру және оның жүргізілуі жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2009 жылғы 29 қыркүйектегі N 53 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 11 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5854 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 12 қарашадағы № 134 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 29.01.2015 № 20 қаулысымен.

      "Нормативтік құқықтық актілері туралы" Қазақстан Республикасы ның 24 наурыздағы 1998 жылғы Заңының 28 бабына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 42 бабына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Сотталғандарды қоғамдық жұмыс түріндегі жазаға тартып жұмысқа орналастыру үшін қоғамдық жұмыс түрлерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде 9-19-91 тіркелген, "Нұрлы жол" газетінде 2006 жылғы 16 сәуірде жарияланған) әкімдіктің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 39 қаулысына келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасының 1 тармағында № 1 реттік жолы алынып тасталсын;
      қосымшаның 2 тармағында "Аудан аумағын" деген сөздерден кейін "қандай болса да арнайы дайындықты талап етпейтін" деген сөздермен толықтырылсын;
      қосымшаның 3 тармағында "Аудан орталығын, селолық округтер мен мен селолар аумағын" деген сөздерден кейін "қандай болса да арнайы дайындықты талап етпейтін" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл ауданының әкімі                    А. Сейфуллин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай облысы бойынша
      қылмыстық-орындаушы жүйенің
      Комитет басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің Ұзынкөл ауданының
      қылмыстық атқару инспекциясының
      бас инспекторы – бас маманы
      ______________ Қ. Ж. Нагурбеков
      2009.09.29