Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2008 жылғы 4 қыркүйектегі N 50 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 29 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5317 болып енгізілді.

      "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы  Заңына , "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының экономикалық тұрақтылығына қауіп төндіретін ахуалдың туындау жағдайларына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2008 жылғы егіннің астығынан 240000 (екі жүз қырық мың) тоннаға дейінгі көлемде азық-түліктік бидай сатып алуды қамтамасыз ету үшін "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға көзделген резервінен 7200000000 (жеті миллиард екі жүз миллион) теңге бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов