"Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар жөнінде орталықтандырылған деректер банкін құру туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 жылғы 5-желтоқсандағы N 67 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 13 шілдедегі N 37 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 5 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3776. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2009 жылғы 29 қыркүйектегі N 53 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.02.2016 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының  28-бабының  8-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, сондай-ақ ішкі істер органдарының зейнеткерлеріне медициналық және санаторлық-курорттық қызмет көрсету тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 қаңтардағы N 53  қаулысына  мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, сондай-ақ ішкі істер органдарының зейнеткерлеріне медициналық және санаторлық-курорттық қызмет көрсету тәртібінде:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Қызметтік міндеттерін не қызметтік борышын атқару кезінде қаза болған ішкі істер органдары қызметкерлерінің балаларында олар кәмелетке толғанға дейін ведомстволық денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық және санаторлық-курорттық қызмет көрсету құқығы сақталады.".

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі