"Табиғи монополия субъектiлерiнiң инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) қарау және келiсу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 27

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 10 наурыздағы N 74-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 29 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3525. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 8 мамырдағы N 142-НҚ бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 21 қазандағы N 1461 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2004 жылғы 21 қазандағы N 1461 Жарлығына
өзгерiстер енгiзу туралы

      "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының  20-бабына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының iске асырылуын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия құру туралы" 2004 жылғы 21 қазандағы N 1461  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 527-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының iске асырылуын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның құрамына:
      Мыңбаев                 - Қазақстан Республикасы Премьер-
      Сауат Мұхаметбайұлы       Министрiнiң орынбасары -
                                Қазақстан Республикасының Индустрия
                                және сауда министрі, төрағаның
                                орынбасары
енгiзiлсiн;
      "Храпунов Виктор Вячеславович - Алматы қаласының әкiмi" деген жолдағы "Алматы қаласының" деген сөздер "Шығыс Қазақстан облысының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген құрамнан Жақсыбеков Әдiлбек Рыскелдiұлы шығарылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi