Соттардың, прокуратура, алдын-ала тергеу, анықтау сот сараптамасы органдарының қылмыстық, азаматтық iстер жөнiндегi және әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстерi туралы құжаттарды, заттай дәлелдемелердi алу, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртiбi туралы Нұсқау

Бұйрық Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 1998 жылғы 1 желтоқсан N 1043 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 1998 жылғы 12 қараша N 121 Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік Комитеті 1998 жылғы 8 желтоқсан N 73 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 30 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 658 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1998 жылғы 22 желтоқсан N 598 Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 2 желтоқсан N 429 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі 1998 жылғы 28 желтоқсан N 111 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 30 желтоқсан N 658 тіркелді


      1997 жылғы 14 шілдедегі "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына Z970155_ (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 206-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      6-баптың 1-тармағы "білімі және" деген сөздерден кейін "әдетте" деген

сөзбен толықтырылсын;
     8-баптың 3-тармағындағы "лицензиясының мерзімі шектелмейді" деген 
сөздер "лицензиясы мерзімі шектелмей берілетін, басты лицензия болып 
табылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
     34-баптың 1-тармағында:
     14) тармақшадағы "ақша сомалары мен бағалы қағаздарды" деген сөздер 
"ақшаны" деген сөзбен ауыстырылсын;
     17) тармақша "құжаттар" деген сөзден кейін "және бағалы қағаздар" 
деген сөздермен толықтырылсын;
     36-баптың 1-тармағында:
     12) тармақшадағы "ақша сомалары мен бағалы қағаздарды" деген сөздер 
"ақшаны" деген сөзбен ауыстырылсын;
     14) тармақша "құжаттар" деген сөзден кейін "және бағалы қағаздар" 
деген сөздермен толықтырылсын;
     13-тараудың атауындағы "ақша сомалары мен бағалы қағаздарды" деген 
сөздер "ақшаны" деген сөзбен ауыстырылсын;
     85 және 86-баптардың атаулары мен мәтіндеріндегі "ақша сомалары мен 
бағалы қағаздарды", "ақша сомалары мен бағалы қағаздардың" деген сөздер 
тиісінше "ақшаны", "ақшаның" деген сөздермен ауыстырылсын;
     15-тараудың атауы, 93, 94-баптар "құжаттарды", "құжаттар" деген 
сөздерден кейін тиісінше "және бағалы қағаздарды", "және бағалы қағаздар" 
деген сөздермен толықтырылсын.
     
     Қазақстан Республикасының 
           Президенті 
     
     Оқығандар:
          Қасымбеков Б.
          Үмбетова А.