Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалануға келісу және оған рұқсаттар беру туралы нұсқаулықты бекіту жайында

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 24 қарашадағы N 824, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 309-п, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 11 қарашадағы N 239-п, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының 2004 жылғы 12 желтоқсандағы N 161-п бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 13 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3263. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 420, ҚР Қоршаған ортаны
қорғау министрінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 174-ө, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының 2011 жылғы 31 мамырдағы № 24-01-07/201, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының 2011 жылғы 27 мамырдағы № 17-04/1298 бірлескен бұйрығымен

      "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы  Заңына және "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамын капиталдандыруға 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 2000000000 (екі миллиард) теңге бөлінсін.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.24. N  1375 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі