Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалануға келісім және рұқсат беру тәртібі жөніндегі Нұсқауды бекіту жайында

Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің су ресурстары жөніндегі комитеті төрағасының 2001 жылғы 20 маусымдағы N 50-п, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау Комитеті төрағасының 2001 жылғы 20 маусымдағы N 155-п бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 30 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1595. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 24 қарашадағы N 824, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 309-п, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 11 қарашадағы N 239-п, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының 2004 жылғы 12 желтоқсандағы N 161-п (V043263) бірлескен бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010.08.05 № 341 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң орта кәсiптiк оқу орындарына қабылдау ережелерi қосымшаға сай бекiтiлсiн.
      2. IIББ, IIБ, КIIББ бастықтары осы ережелердi жеке құрамға оқытуды ұйымдастырсын және олармен оқуға талапкерлердi таныстырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң орта кәсiптiк оқу орындарының басшылары қабылдау емтиханын ұйымдастыру және талапкерлердi оқуға қабылдауда осы Ережелердiң талаптарын қатаң сақтасын.
      4. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Кадр жұмысы департаментi (Сүйiншәлиев М.М.) белгiленген тәртiпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi iстер вице-Министрi полиция полковнигi С.Н. Баймағанбетовке және Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң Кадр жұмысы департаментiнiң бастығы полиция полковнигi М.М. Сүйiншәлиевке жүктелсiн.
      6. Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң 1999 жылғы 22 мамырдағы N 265 бұйрығының күшi жойылды деп есептелсiн.

      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрі -
      Ішкі әскерлер қолбасшысы
      генерал-майор

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым
      бірінші вице-Министрі
      2001 ж. 14.06.

Қазақстан Республикасы   
Ішкі істер министрінің   
2001 жылғы 16 маусымдағы  
N 473 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң
орта кәсiптiк оқу орындарына қабылдау
ЕРЕЖЕЛЕРI

      1. Қазақстан Республикасы Ішкіісминiнiң орта кәсiптiк оқу орындарына (ары қарай - колледждер) жалпы орта немесе кәсіптік бастауыш білімi бар, iшкi iстер органдары қызметкерлерiне қойылатын талаптарға жауап беретiн, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 309 бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкіісминiнiң колледждерiне оқуға түсушiлер қабылдау емтихандарын қазақ және орыс тiлдерiнде тапсыра алады.
      2-1. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің колледждеріне қабылдау азаматтардың өтініші бойынша қабылдау емтихандары немесе ұлттық бірыңғай тестілеу баллдарының нәтижелері бойынша, медициналық, дене бітімі, психофизиологиялық көрсетулері бойынша іріктеу нәтижелерін және бекітілген қабылдау жоспарын ескере отырып конкурстық негізде жүзеге асырылады.
       Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 309 бұйрығымен.

      2-2. Ішкі істер министрлігінің колледждеріне қабылдау кезінде кадр дайындаудың аумақтық қағидасын сақтау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өңірлерге барып қабылдау комиссиялары құрылуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өңірлерге барып қабылдау комиссиясының дербес құрамы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітіледі.
       Ескерту: 2-2-тармақпен толықтырылды - Ішкі істер министрлігінің 2005 жылғы 25 мамырдағы N 308 бұйрығымен.

      3. Жалпы орта білімі бар азаматтар үшін (өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқитын ағымдағы жылғы жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері, сондай-ақ бұрынғы жылдарғы) қабылдау емтихандары жалпы орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде үш пән бойынша өткізіледі.
       Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Ішкі істер министрлігінің 2005 жылғы 25 мамырдағы N 308 бұйрығымен.
      4. Тесттiк сынақ мына пәндер бойынша жүргiзiледi:
      0202002 "Құқыққорғау қызметi" мамандығы бойынша:
      дүниежүзі тарихы;
      Қазақстан тарихы;
      Қазақ немесе орыс тiлi.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 309 бұйрығымен, 2005 жылғы 25 мамырдағы N 308 бұйрығымен.
      5. Әрбiр пәннен тест сұрақтарының саны 30. Дұрыс жауап бiр ұпаймен бағаланады. Кешендi тестiлеу пәндерiнен алған жауабының жалпы ұпай саны 30 баллдан кем азаматтар курсанттар қатарына оқуға қабылдауға жiберiлмейдi.
      Кешендi тестiлеуге 2 сағат 15 минут берiледi.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 309 бұйрығымен, 2005 жылғы 25 мамырдағы N 308 бұйрығымен.
      6. Дұрыс жауаптардың кодтары кешендi тест өткiзiлгеннен кейiн iлiнуi тиiс. Кешендi тест өткiзiлгеннен кейiн бiр тәулiк iшiнде талапкерлердiң назарына тест нәтижелерi жеткiзiледi.
      7. Колледждердің қабылдау комиссиялары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен келісілген мерзімдерде медициналық, дене бітімі және психофизиологиялық көрсетулері бойынша талапкерлерді іріктеуді жүзеге асырады. Кешенді тестілеу, колледждердің курсанттар қатарына қабылдау Қазақстан Республикасының орта кәсіптік оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерінде белгіленген мерзімдерде жүргізіледі, олар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің келісімі бойынша ғана өзгертілуі мүмкін.
       Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 309 бұйрығымен.
      8. Азаматтарды Ішкі істер министрлігі колледжінің курсанттары қатарына қабылдау комиссияның ашық отырысында конкурс бойынша медициналық, дене бітімі және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеу нәтижелерін және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Астана және Алматы қалалары, облыстардағы және көліктегі Ішкі істер департаменттеріне бөлген қабылдау орындарын ескере отырып жүргізіледі.
      Конкурс:
      ағымдағы жылдың ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) нәтижелері бойынша берілген сертификаттардың баллдары негізінде;
      жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандары бойынша берілген сертификаттардың баллдары негізінде;
      оқу орны жүргізген тестілеу нысанындағы қабылдау емтихандарының қорытындылары бойынша алынған баллдары негізінде жүргізіледі.
      Қабылдауға конкурс өткізу кезінде ҰБТ-ны немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пән баллдарының сомасы ескеріледі.
       Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды- ҚР Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 25 мамырдағы N 308 бұйрығымен.
      9. Көрсеткiштерi бiрдей болған жағдайда:
      жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар;
      үздiк аттестаты мен бiлiм туралы үздiк дипломы бар тұлғаларды оқуға қабылдауға басымдылық құқыққа ие.
      Осы ережелерге сәйкес оқуға қабылдануға жеңiлдiк құқығы бар талапкерлер тиiстi құжаттарын тапсыруға мiндеттi.
      10. Қабылдау емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етiлмейдi.
      11. Бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында оқу орнында апелляциялық комиссия құрылады.
      Тестілеу нәтижелерімен келіспеген азамат апелляцияға беруге құқығы бар.
      Апелляция қабылдау комиссиясына түсу емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін бір тәулік ішінде беріледі және оны өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссия қарайды және шешім қабылдайды.
       Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды- ҚР Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 25 мамырдағы N 308 бұйрығымен.
      12. Қабылдау ережелерi және де қабылдау комиссиясының оқуға қабылдауды ұйымдастыру және өткiзу, тестi өткiзу кестесi, қабылдау мерзiмi туралы мәлiметтер талапкерлер назарына уақытында берiлуi қажет.
      13. Орта кәсіптік оқу орындарының қабылдау комиссияларына кешенді тестілеуге қатысқан, басқа колледждерге (училищелерге) және жоғары оқу орындарына конкурстан өтпеген тұлғаларды белгіленген үлгідегі мемлекеттік сертификаттар негізінде қабылдауды жүзеге асыру құқығы беріледі.
       Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 309 бұйрығымен.
      14. Қабылдау комиссиясының оқуға қабылдау туралы шешiмi колледж бастығының бұйрығымен ресiмделедi. Қызметтен қол үзiп оқуға қабылданған адамдарды iссапарға жiберуге және сырттай оқуға түскен адамдарды демалыс, басқа да жеңiлдiктер беруге бұйрықтың көшiрмесi негiз болып табылады.
      15. Оқуға қабылданбаған талапкерлер iшкi iстер органдарына, iшкi әскерлердiң әскери бөлiмдерiнiң қарамағына жiберiлiп, қабылданбаған себебi көрсетiлген жеке iстерi қайтарылады.
      16. Оқу орындарында сабақтар колледждер оқу жоспарында және оқу процесiнiң кестесiнде белгiленген мерзiмдерде басталады. Сабаққа себепсiз 10 күн қатыспаған курсанттар оқудан шығарылады.
      Оқудан шығарылғандардың орнына қабылдау комиссиясы сабақ басталған күннен бастап 1 айдың iшiнде конкурстан өтпеген адамдарды қабылдай алады.
      17. Белгiленген үлгiде оқу орындарына қабылдаудың қорытындысы бойынша статистикалық есеп Қазақстан Республикасы Iшкіісминi Кадр жұмысы департаментінің оқу орындары және кәсіби даярлық басқармасына оқуға қабылданғаннан кейін он күн мерзім ішінде жіберіледі.
      Қазақстан Республикасы Ішкіісмині Кадр жұмысы департаментінің Оқу орындары және кәсіби даярлық басқармасы 1 қазанға дейін көрсетілген тәртіпте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қабылдау нәтижелері бойынша қорытындылаған есеп береді.
      18. Осы қабылдау ережелерінде кесімделген мәселелерді Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің колледждерінің қабылдау комиссиялары шешеді.