Дәрілік заттардың, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың көтерме саудасының ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Ресупбликасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің 2004 жылғы 11 ақпандағы N 19 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 12 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2735. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 16 қарашадағы N 711 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.19 № 493 (алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Әскери қызмет өткеру кезiнде қаза тапқан немесе мертiгу (жаралану, жарақат алу, контузия), ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердiң, әскери жиындарға шақырылған әскери мiндеттілердің мәйiттерiн жеткiзудi әзiрлеуге, мәйiттерiн жеткiзуге, жерлеуге, құлпытас дайындауға және оны орнатуға байланысты шығыстар айлық есептiк көрсеткiштiң сексен еселiк мөлшерiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі