"Дәрілік заттардың, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың көтерме саудасының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитеті төрағасының N 2735

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің 2004 жылғы 28 мамырдағы N 64 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 17 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2902. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 16 қарашадағы N 711 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің міндетін атқарушы 2011.05.24 № 194 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) бұйрығымен.

      Қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мақсатында, бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 146 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімінде N 1718 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, N 7-8, 543-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелері қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы нұсқаулықта:
      10-тармақтың 5) тармақшасындағы "және тергеу мекемесінде бақылау мен заң сақтауды жүргізетін облыстық прокурорға хабарлайды" деген сөздер алынып тасталсын;
      10-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) арнайы құралдар қолданудың әрбір фактісі туралы ТМ-нің бастығы ТМ-де заңдылықтың сақталуын қадағалау жөніндегі прокурорға хабарлайды.".
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

      Келісілді

      Қазақстан Республикасы
      Бас прокурорының
      бірінші орынбасары
      __________________
         (өз қолы)

      2004 жылғы 27 мамыр