Дәрілік заттардың есебін жүргізу жөніндегі ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі N 216 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 27 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5224 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 310 Бұйрығымен

       "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы"  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 6 қазандағы N 291-ө өкіміне мынандай өзгерістер енгізілсін:

      3-тармақтағы "мемлекеттік органдар тиісті ведомстволық" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тиісті бірлескен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген өкіммен бекітілген "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесінде:

      реттік нөмірлері 2, 3, 5-жолдардағы:
      "Акт нысаны" деген 3-бағандағы "Мемлекеттік органдардың бұйрықтары" деген сөздер "Бірлескен бұйрық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Орындау мерзімі" деген 5-бағандағы "2007 жылғы желтоқсан" деген сөздер "2008 жылғы сәуір" деген сөздермен ауыстырылсын.

       Премьер-Министр                                     К.Мәсімов