Денсаулық сақтау ұйымдарына және фармацевтикалық қызмет объектілеріне жеткізілетін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және парафармацевтиктерді тауарларды әкелу және сыртқа шығару жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 885 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3404. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы N 710 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 904 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1376 қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1-тармақта:

      Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:

      Жошыбаев Рәпiл Сейiтханұлы - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары;

      Орымбаев Ардақ Сиязбекұлы - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары;

      Жоламан Рүстем Қабидоллаұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт бiрiншi вице-министрi;

      Ыбырайым Нұрлан Мұхтарбекұлы - Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілiсiнiң Аппараты Басшысының орынбасары (келiсiм бойынша);

      көрсетілген құрамнан мыналар шығарылсын: Әбусейiтов Қайрат Қуатұлы, Рябченко Олег Григорьевич, Қабденова Мәриям Нұрымқызы, Мыңбаев Алмас Саятұлы.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі